400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: «.Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі»

Сабақтың жалпы мақсаты: Дүние жүзілік қаржы-қаражат жүйесі туралы білімд беру.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға халықаралық қаржы-қаражат жүйесі жәнехалықаралық банктер туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 2. Әңгіме-дәріс. 3. Тірек-сызба.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі?

2. Валютаның негізгі түрлері?

3. Д.ж. резервтік валюта құрылымы?

4. Ірі ұлтаралық бірлестіктер?

5. Қазақстанның қаржы жүйесі

ІІІ.Жаңа сабақ.

Ұлттық валюта резервтік Аймақтық Әлемдік

Валюта түрлері Әлемдік нарықтағы үлесі (1992 ж.) АҚШ доллары 55% Жапон иенасы 8% Басқа валюталары 37%

Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі — Халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды буындарының бірі. Халықаралық қаржы-қаражат қатынастары халықаралық нарық жүйесінің үш ірі құрылымының өзара әрекетінен туындайды. Олар валюталық, несиелік және инвестициялық(қаражат жұмсау) жүйелері болып табылады.

  Халықаралық валюталық  қатынастар

Халықаралық валюталық  қатынастар — халықаралық экономикалық қатынастардың ең елеулі және қажетті  саласы. Ол әлемдік экономикалық байланыстарда  валютаның қызмет етуін, дүниежүзілік шаруашылық салаларының өнімдерінің  айырбасын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Халықаралық  валюталық қатынастар туралы айтпас бұрын валюта ұғымын, олардың түрлерін ажырату қажет. Әр елдің ұлттық ақша бірлігі бар екені түсінікті. Түрлі себептермен ақша бірлігі  ұлттық шекараның сыртына шықса, ол жаңа сапаға ие болады, яғни валютаға айналады. Қолданылу аясына қарай валютаның бірнеше түрін ажыратады.

Ұлттық  валюта

Ұлттық валюта — әр елдің ұлттық ақша бірлігі; алтын, күміс және қағаз ақша түрінде  қолданылады. Ең көп қолданысқа түсетіні — қағаз ақшалары. XX ғасырдың 80-жылдарында Батыс Еуропада аймақтық еуропалық  валюталық жүйе қалыптасты. Оның ақша бірлігі болып экю қабылданды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа Одағының ортақ валютасы — еуроенгізілді.

Әлемдік валюталық  жүйе ұлттық және аймақтық валюталар  жүйесінің қарқынды дамуы нәтижесінде  қалыптасты. Қазіргі кезде жасалатын  операциялар төлемі бойынша үш орталық  — Лондон, Нью-Йорк, Токио ерекше айқындалады. Сонымен қатар Еуропадағы аса ірі әлемдік нарық орталықтары ретінде Майндағы Франкфурт, Цюрих, Париж, Брюссель, ал Азиядан Сингапур мен Гонконг аталады. Әлемдік валюта жүйесінің дамуы 1968 жылы ортақ есеп бірлігі бар Халықаралық валюта қорының құрылуына негіз болды. Оның қоржынындағы АҚШ долларының үлесі шамамен 42%-ға, жапон иенасы 13%-ға, Батыс Еуропалық түрлі валюталар жиынтығы 43%-ға жетеді.

Резервтік валюта

Резервтік валюта — ұлттық валюта қорын сақтау мақсатында қолданылатын ұлттық, аймақтық және әлемдік  валюта жиынтығы. Көпшілік жағдайда әлемдік  нарықта айрықша тұрақты орны бар валюталар қолданылады.

Дүниежүзіндегі  резервтік валюта құрылымы, % есебімен

Валюта  түрлері

Әлемдік нарықтағы үлесі (2008 ж.)

АҚШ доллары

55

Еуро

40

Басқа валюталар

5

Резервтік валюта қоры көп елдер қатарына экономикалық даму дәрежесі жоғары елдер жатады.Соңғы  жылдары жаңа индустриялық елдер  де осы тізімге енуде. Солардың ішінен Тайвань мен Сингапурді ерекше атауға болады. Халықаралық валюталық қатынастар өте ірі банктер арасында жаңа электрондық құралдар көмегімен  жүргізілетін несие беру, валютамен  есеп айырысу және инвестиция салу сияқты операциялар түрінде жүреді.

ІҮ.Сабақты бекіту.

1.Халықаралық қаржы-қаражат қатынастары жүйесіне не кіреді?

2.Валюта дегеніміз не?

3.Валюта түрлерін ата.

4.Хаықаралық несие нарығы деген не№

5.Халықаралық инвестиция нарығы деген не?

6.Қазақстанның ұлттық валютасының әлемдегі кең тараған валюталарымен ресми курсы қандай?



Ү.Үйге тапсырма.

«.Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі» оқу және мазмұндау.



ҮІ.Бағалау.

Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалау.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
862
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі