Материалдар / Ашық сабақ "Халықтың салт-дәстүрі болашақ келбеті"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Халықтың салт-дәстүрі болашақ келбеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж мұғалімдеріне арналған өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2018
776
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін _______________ «Мектеп» бөлімінің меңгерушісі: Н.К.Онгарсинова



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Колледж: Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі. Мерзiм: 26.10.2017ж 13тақырыпТақырып: Халықтың салт-дәстүрі болашақ келбетіҚұндылық: Дұрыс әрекетҚасиеттер: ұлтжандылық, отансүйгіштік, ата салтына беріктікМұғалiм: Изимова Гүлмаржан Тобы: 2(11)вш Оқушылар саны: 20

Мақсаты:студенттерге «салт-дәстүр», «әдет-ғұрып», ұғымдарын және оларды сақтап, құрметпен қарау өркениетке барар жолдағы ұлт болашағын айқындайтын факторлардың бірі екендігін ұғындыру арқылы,«Дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу.Міндеттері:Білімділік:студенттерге ұлттық дәстүрді сақтай білу – ұрпақтар туралы түсініктерін өз тағдырына аялай қарауы, қадірлеп қастерлеуі керек екендігін түсіндіру.Дамытушылық: студенттердің өз халқының дәстүрлерін жалғастыруға ұмтылысын, талабын қалыптастыруға баулу.Тәрбиелік: студенттерді ұлтжандылыққа. отансүйгіштікке, ата салтына беріктікке тәрбиелеу.Ресурстар:Кітап, дәптер, үнтаспа, бейнежазба,
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін еске түсіруТыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 2.Үй тапсырмасын тексеру.















Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін–еркін дұрыс отыруын қадағалау













3.Дәйексөз.Халқын сүйген – халқының салтын сүйеді. Халық нақылы

Дәйексөзді дауыстап қыздарға, ұлдарға содан соң хормен оқыту, дәптерлеріне жаздыру, дәйексөздің мәнін ашу.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?




4.Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)Бесікке бөлеу дәстүрі (аңыз)

Бесік Айырқалпақ Айдаһар бидің заманында дүниеге келген деседі. Ол кезде ұлан-байтақ даланы Мизам баб қорғайды екен. Қара қытайлар Сарыарқаның кеңдігіне қызғанып, жиі шабуыл жасап отырады. Бірақ Мизам бабқа шамасы жетпей, үнемі жеңіліс табады екен. Мизам баб ағаш егуді, бау-бақша жасауды кәсіп етеді. Жұрт «ағаштың пірі – Мизам баб» деп атайды. Аңызда Жетісу мен Алтай өңіріндегі ну орман Мизам бабтың еккен ағашынан шыққан деседі. Ол жүз елу жыл жасап қайтыс болыпты. Бабтың дүниеден қайтқанын естіген қытайлар бір күнде келіп, оның орманын өртеп жібереді. Бұл кезде Мизамның баласы Айдаһар алыста жүр екен. Әкесі түсінде аян беріп: «Пейілі тар қаскүнем орманымды өртеді», - дейді. Айдаһар би ертесіне жетіп келеді. Орман түгелімен жанып кетіпті. Тек бірлі-жарым тобылғының қисық бұтақтары ғана оттан аман қалған екен. Айдаһар әкесіне Құран бағыштап, қисық ағаштарды өзімен бірге ала кетеді. Бір күні Айдаһардың сәбиі уанбай, жылай беріпті. Әйелі екеуі не істерін білмей қиналады. Емші-тәуіптерді жағаласа да баласы жұбанбайды.Би қатты сасады. Қызының жылағанына шыдай алмай, далаға шығып кетеді де, Құдайдан медет тілейді. Бір уақытта қызының дыбысы шықпай қалады. «Бір нәрсе болды ма екен» деп үйге жүгіріп келсе, қызының жанында ақ киімді бір кісі отырады. Ол жанбай қалған тобылғының қисық бұтағына бөпені салып тербетіп отыр екен.Айдаһар жақындағанда көзден ғайып болады. Би мұны «Құдайдан келген ишарат» деп түсінеді. Түнімен қисық ағаштарды құрастырып отырып, бесікті жасап шығарады. Сәбиін соған салғанда ол жұбанып, тәтті ұйқының құшағында тербелген екен. Бесіктің пайда болуы аңызда осылай баяндалады. Бесік ең алғаш тобылғыдан жасалғандықтан, ол қасиетті ағаштардың біріне айналыпты. Одан бесік, қамшы, ыдыс-аяқтар жасапты. «Бесікті отқа жақпа», «аяқасты етпе», «қадірлеп ұста» деген ырымдар осыдан кейін шыға бастаған екен. Тобылғы бесікте тербелген сәби «арыстандай топ жарады, жолбарыстай жол тосады» деп ырымдайды. Сұрақтар:1.Бесікке салу салтын қалай түсінесіңдер?2.Бесікке байланысты қандай ырым-тыйымдарды білесіңдер?3.Бесікті аластау дегенді қалай түсінесіңдер? 4.Болашақта өз ұрпақтарыңның бесікте тербеліп өсуіне қалай қарайсыңдар?5.Сіздің отбасында қалыптасқан қандай дәстүрлер бар?

Бейнесюжет көрсету. «Қыз Жібек» фильмінен үзінді.Сұрақтар:1.Фильмде қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері көрініс тапты?2.Фильмдегі аттергеу, отқа май құю, отпен аластау, бата беру, отты өшіру, сүйінші салт-дәстүрлерін қалай түсінесіздер?

Қорытынды:Бесік – қазақта киелі орын. Біздің ардақты аналарымыз «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» ғой. Осымен қатар, қазақ халқында «Бесіксіз үйде береке жоқ» деген сөз де бар. Және де бабаларымыздың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Тәрбие– тал бесіктен басталады» деп келешек ұрпаққа аманат етіп, айтып кеткен сөздері де бар. Қазақ халқының бесікті қадірлейтіні соншалықты, атасы жатқан бесік немере, шөбере, шөпшегіне дейін қастерлі мүлкі ретінде сақталып, сол бесікке бөленіп,сол бесіктен ержетеді. Яғни,бір бесік жылдар бойы атадан балаға беріліп отырған. Тіпті,қазақ халқы өзінің кіндік қаны тамған жерін «Туған жерім– алтын бесігім» деп атайды.



Сергіту сәтіСақина салмақ ойыны. Сақина салу ертеден келе жатқан ойынның бір түрі.Ойында оқушылар санына қарай бірнеше топқа бөлініп ойнайды.Әр топта 8-10 баладан болады.Ортаға бір оқушы шығарып аламын да оның қолына сақина беремін.Тізіліп отырған ойыншылардың біріне сақинаны білдірмей тастайды.Ойынды ортадағы бала оқушыларды айналып өткен соң «Сақинам, сақинам тұр» дейді.Сақина салынған оқушы ешкімге білдірмей тез арада ортаға ұмтылып шығу керек.Ешбір оқушыға білдірмей тез ортаға кедергісіз шықса, онда ол оқушы сақинаны салып жүргізуші болады.Қалған оқушылар оны ұстап қалуға тырысады. Ойын осылай жалғаса береді.











5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. (7-минут)

1-топ.«Алтын емес, салтым қымбат» эссе немесе өлең құрастыру.2-топ. «Жақсы дәстүр –ел игілігі» (үкі, қасқардың тырнағы, тоқ ішек, ою)3-топ. Қазақтың салт дәстүрінен көрініс көрсету.



6.Топпен ән айту.Қазақ осы Сөзі: Қ.Мырза Әлінікі Әні: Ә.ТелғозиевтікіЖайлауында жүрген жігіт бағып қой, Дос келді деп, жасап жатыр анық той.Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны, Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған, Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар. Қазақ осы күй шығарып, ән салып, Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.

Қазақ осы - айтатұғын желге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір. Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін, Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін. Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.

Қазақ осы - көргенінен танбайтын, Той-думансыз оты түзу жанбайтын. Қазақ осы - алудай-ақ алатын, Ал беруден алдына жан салмайтын.

Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,Қонақ келсе шабылып бір қалады. Байқа да тұр, саған да ол кетерде, Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Қазақ осы - құда бол деп қинайтын,Құдаларын құдайындай сыйлайтын.Қазақ осы - дүние мен малыңды, Оңды-солды шашу үшін жинайтын.

Қазақ осы - жайып жатқан қанатын, Батыр халық, ақын халық - дәл аты. Қазақ осы - өзімсінген адамға, Насыбайға бола өкпелеп қалатын.

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой, Дос келді деп, жасап жатыр анық той. Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны, Нағыз қазақ осы, міне, танып қой



7.Үй тапсырмасы.1.Оқулықтағы 191-беттегі С.Кенжеахметұлының «Әдет-ғұрып ишаралары» мәтінін оқып келу.2. Ұмытыла бастаған қазақтың салт дәстүрлерін жазып келу.



8.Соңғы тыныштық сәтi. Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

























































Тақырыбы: Өз бақытың-өз қолындаМақсаты:
  • Бақыт ұғымының мәнін ашу,әр күнді бағалай білуге үйрету;
  • Өмірдің сәтсіщдіктерін жеңе отырып, алға ұмтыла білу қасиетін дамыту;
  • Бақытты сезіну үшін еңбектене білуге,ата – анасын сыйлауға, ұйымшылдықты ойлауға, мейірімді тату жан болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: нақыл сөздер,видео,әуен,ноутбук,колонка,түрлі түсті қағаз,түрлі түсті бояулар,жүрекшелер.Барысы:Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен шәкірттер!бүгінгі сабағымызда кім жоқ екендігін аңықтап алып, сабағымызды бастайық.Тыныштық сәті:Нұрға бөленуЫңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.Бейне жазба « сізді бақытқа бөлейтін бес амал »Бейнежазба бойынша ой қорыту: «бақытты болу үшін қандай болуы керек?»Саттар Ерубаевтың «Бақыт» әңгімесінен үзіндіҮзіндіні оқитын:Үзінді бойынша сұрақтар:1.әжесі немересіне неге « бақытсызым-ау »,-деуші еді?2.ал бір нанды шүберекке орап әкелген жақсыбайға не деуші еді?3.Бала неге «бақытты»-«нан» деп ойлайды?4. «нан» бақыт па?Өсиет әңгіме «Шынайы бақыт»Оқитын:Әңгіме бойынша сұрақтар
  • Ауыр жағдайға түскен адамға қол ұшыңызды беріп көрдіңізбе?
  • Қиналған адамға жай жылы сөз айтудың өзі бақыт сыйлай алады ма?
  • Ауыр жағдайға түскен адамды қолдау, түсіну қиын ба?
  • Адамның шын бақытты болу үшін не қажет?


Өсиет әңгіме: « тамаша өмір сүрудің 10 кілті »Оқитын:Бейнежазба: « өмірге деген талпыныс »Өсиет әңгіме: « Бақытты болудың кілті »Оқитын:Әңгіме бойынша сұрақтар:
  • Қыз неге қиналған көбелекке көмектесті?
  • Қыз неге өмір бойы бақытты болды?
  • Осы өмірге осы күнге риза болып жүрген, жан жақтығы адамдарға күлімдеп, мейірім шашып жүрген адам бақытты бола алады ма?
Әңгіме: « сенің жалғыз ғана анаң бар »Оқитын:Бейнежазба: « Сәби өз туған анасының қолында тіріледі »« өз – өзінің алдында есеп беру » ұлы Абайдың 15-ші қара сөзінен.Қара сөз бойынша ой-қорыту.
  • « егер де істі кісілердің қатарында болғын келсе, өзіңнен өзін есеп ал »,- деген қорытынды шығарады Абай атамыз, сіздер қай уақытта өз – өздеріңізден есеп аласыздар?
  • Өз –өзінен есеп алу дегенді қалай ұғасындар?
  • Өз –өзінен есеп алып отырған адам қандай болады?


























Психологиялық тест:ӨЗ-ӨЗІНЕ СЕНІМДІЛІКТІ ӨЛШЕУНұсқаулық: тестте көрсетілген әр жағдаятқа қарай өз мінез-құлқыңызға сәйкес жауаптар нұсқасын таңдаңыз.1. Сіздің танысыңыз өзіңіз туралы жағымсыз сөздерді айтқанын білдіңіз. Сіз не істейсіз:а) осы жөнінде онымен әңгімелесесіз; ә) онымен әңгімелеспейсіз.2. Автобусқа, метроға, трамвайға кіргенде Сізді жұлқылап итермелейді. Осы жағдайда Сіз:а) әрі қарай өтіп кетуге тырысасыз; ә) барлығының кіргенін қалайсыз;б) ұрысасыз.3. Сабақ барысында Сізбен әңгіме құрып отырған адам өз көзқарасын дәлелдеуге тырысады:а) өз пікірінен тайтырмауға тырысасыз; ә) өз дегеніңізді дәлелдеуге тырысасыз.4. Сіз кешке, дайындыққа кешіктіңіз. Барлық орындар бос емес, тек бірінші қатардағы бір орын бос. Сіз:а) бөлменің шетке жағында тұрасыз; ә) басқа орын іздейсіз; б) бірінші қатардағы орынға отырасыз;5. Сіз үнемі кешірім сұрайтын боларсыз:аә; ә) жоқ.6. Бейтаныс адаммен әңгімелесуге қиналасыз ба:а) иә; ә) жоқ7. Сіздің танысыңыз Сізден ақша сұрап алып, оны қайтаруды ұмытып кетеді. Сіза) оның қайтарғанын күтесіз; ә) есіне саласыз; б) қайтаруды талап етесіз.8. мектепте, институтта бір себеппен ақша жинайды, Сіз:а) бірден келісіп сұраған ақшаны бересіз; ә) сұрап алғанды күтесіз;б)Сізге ұнайды.9. Сізге жағымсыз болып келетін бір өтінішті орындауды сұрайды, Сіз оңайлықпен келісесіз бе:а) иә; ә) жоқ.10. Танымал адаммен сөйлесуге мүмкіндігіңіз болғанда, Сіз:а) мүмкіндікті пайдаланасыз ә) пайдаланбайсыз.11. Сізді марапаттау мақсатындағы тізімге ендірмейді, Сіз:а) түсініктемені талап етесіз; ә) жағымсыз әрекетке ұрынбау үшін үндемейсіз.12. Мектепте әділетсіз төмен баға алғанда, Сіз(мектеп өмірінен жағдайды есіңізге алыңыз):а) ешқандай іс-әрекетке бармайсыз;ә) 
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!