Ашық сабақ Хазық фигуралардың модельдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Хазық фигуралардың модельдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақты өзге әріптестеріме тәжірибе алмасу мақсатында жариялап отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Миялы орта мектебі














«Менің үздік сабағым»


Пәні:Математика

Мұғалімі:Гүлбарам Салықова Аққалиқызы



























2017-2018 оқу жылы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:1С бөлім

Геометриялық фигураларды зерттеу.

Күні:17.10.2017ж

Сынып:1А

Мектеп:Миялы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:Г.Салықова

Қатысқаны:15

Қатыспағаны:0


Сабақтың тақырыбы


Фигуралармен (пішіндермен) жұмыс істеу кезіндегі шығармашылық іс әрекет

Жазық фигуралардың модельдері (2)


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5 1.3.1.3 Геометриялық фигураларды танып білу (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, шар, цилиндр, конус, пирамида, параллелепипед, куб)


Сабақ мақсаттары

Жазық фигуралар моделін құру және олардан композиция құрастыру

Жетістік критерийлері

Жазық фигуралардың модельдерін жасап үйренеді. Жазық фигуралар модельдерінен композиция құрастырып үйренеді композиция құрастыру кезінде фигуралардың түрлерін ажыратады.

Тілдік мақсаттар


Жазық фигура модельдері, геометриялық фигуралар, аппликация, композиция

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өзаратүсіністік құндылықтарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі орыс тілі пәндерімен байланыс орнады.Өлшемдерді жүргізу арқылы дүниетану, ғылымға кіріспе, қолөнер сабағымен байланыс орнады.

Бастапқы білім


Оқушылар күнделікті өмірде көлемді фигура және жазық фигуралар туралы білетін тәжірибесіне сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанайық, достарым

Арайлап атқан күнге!

Оқушыларға қоянның аппликациясын көрсету.

Бұл ненің суреті?

Оны қайдан білдіңдер?

Сурет қандай фигуралардан құралған?

Сурет неше фигурадан тұратыны сана

Бұлар қандай фигуралар?

Осыған ұқсас аппликация жасағыларың келе ме? Өздерің бұрын балабақшада немесе үйде осындай аппликация жасап көрдіңдер ме?

Олай болса, біз түрлі түсті қағазадан, қатырма қағаздан жазық фигуралар мен олардың композициясын жасап үйренеміз.

Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Слайдтар








Сабақтың ортасы


Көлемді фигураны қолданып, жазық фигураларды жасаудың ретімен оқушыларды таныстыру

Көлемді фигураның ішінен бір фигураны таңдап алу, мысалы текше;

Фигураны түрлі түсті қағазағ не қатырма қағазға бастырып сызу;

Салынған фигураны сызықтың бойымен қиып алу.

Шаршыны бір диоганалі бойынша бүктеп екі үшбұрыш алудың жолын көрсету;

Шаршыны екі диоганалі бойынша бүктеу арқылы төрт үшбұрыш жасауды көрсету.

Қиып алынған фигураларды пайдаланып әр түрлі композиция құрастыру.

Композиция құрастырудың ең оңай тәсілдерін үйрету.

1.қадам екі бөліктен бір фигура құрастыру. Мысалы екі үшбұрыштан бір шаршы құрастыру

2. қадам қарапайым фигуралар құрастыру.мыалы шырша, саңырауқұлақ.

3 қадам Мазмұнды (сюжетті) композицияларды жазық фигуралардан көрсету.

Дайын композицияларды қатырма қағазға желімдеу.

Оқулықпен жұмыс

Фигуралардан құралған жануарлар суреттері.

Бақаның аппликациясы қандай фигуралардан жасалған?

Неше үшбұрыш бар?

Дөңгелек ше?

Мысықтың тұмсығы қандай фигура?

Көбелектің қанаты неше қызыл үшбұрыштан құралған?

Шаршыдан үшбұрышты қалай жасауға болады?

Шығарып көр

Жазық фигурадан көбелек құрастыру шін қандай қадамдар жасауымыз керек?

Көбелектің қанаттары қандай фигуралардан тұрады?

Геометриялық фигуралар санын санату.

Орындап көр

Жазық фигурадан балапан және күшік композициясын жасау.Өздерінің жұмыстарында қандай фигура қолданғандығын сұрау.


Түрлі-түсті қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз,желім, қайшы, әрбір оқушыға қайшы, әрбір жазық фигураның пішінініе сәйкес көлемді геометриялық фигуралар топтамасы


















Сабақтың соңы

Оқушылардың жасаған жұмыстарын саралау.

Әр жұп оқушылардың орындаған жұмыстарын талқылау және жұмыстардан көрме ұйымдастыру.


Рефлексия

Shape1

Бәрін түсіндім


Shape2

Кейбір нәрселерді толық түсінбедім


Shape3

Мен түсінбедім




Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазық фигуралардан аппликация жасаудан қиналған оқушыларға қасына барып, көрсету.

Жазық фигуралардан аппликация жасауды бақылау арқылы бағалау

Сергіту сәттерін өткізу.



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ барысында оқушылар, оқу мақсатына сай, біліммен қамтамасыз етілді. Жоспарға сай

сабақ кезеңдері сәтті өтті. Оқушылар сынып бөлмесіндегі заттарды қолдана отырып, жазық фигураларды модельдеу тәсілін толық меңгерді. Мұның қорытындысы ретінде оқушылардан алынған қалыптастыру бағалау жұмысының нәтіижесін айтуға болады.


2: Бірлесе құрастырылған сабақ жоспарының тиімділігін айтуға болады.


Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Уақытты үнемді пайдалануды басшылыққа алу.


2: Оқушылардың топпен жұмысын жандандыру



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
630
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі