400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Хх дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып Сауат ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: Құлбарақ Р.Қ.

Пәні: Сауат ашу

Мектеп: №1 жалпы білім беру орта мектебі

Күні:25.01.2018ж.

Мұғалімнің есімі: Тулегенова А.Ш.

Сынып: 1 «Ғ»

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2 Оқудың түрлерін(буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді оқу.түсініп оқу) қолдану

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Х х дыбысының дауыссыз дыбыстар қатарына жататынын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Сөздерді буындап, тұтастай оқи алады.

Кейбір оқушылар: Сөздерге «хана»қосымшасын жалғау арқылы жаңа сөздер шығара алады.

Тілдік мақсат

Хат, хабар, кітапхана.

Құндылықтарды дарыту

Топ ішінде жұмыс жасауда топ ережесіне бағына білуге үйрету.Тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері

Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасайды.

Дауысты, дауыссыз дыбысарды ажыратады.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба,таныстырылым,бейнежазба,интербелсенді тақта

Алдыңғы оқу

Бб дыбысы мен әрпі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

1 мин





2мин









3мин

Психологиялық дайындық

Сыныбымыз тап-таза,

Бор да дайын тақтада.

Ойымызды жинақтап,

Отырайық партаға.

Топқа бөлу


I II III

Овал 1 Овал 2 Овал 3


Х А Т


Ұжымдық жұмыс.

«Сиқырлы таяқша» арқылы өткенді қайталау.

- Дыбыс дегеніміз не?

- Әріп дегенміз не?

- Әріп пен дыбыстың қандай айырмашылығы бар?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

- Бб дыбысы дауысты ма? Әлде дауыссыз ба?

- Бб дыбысы бар қандай сөздерді білеміз?

Бағалау. Мадақтау











Әріптер





Сиқырлы таяқша

Ортасы

5мин

















5мин









4мин





3мин



4мин









3мин















2мин

Қызығушылықты ояту

Тыңдалым
- Олай болса , сабағымызды жұмбақ шешуден бастаймыз.
Жұмбақ
Аяғы жоқ , жүреді
Аузы жоқ, сөйлейді.

- Хат

-Дұрыс, жарайсыңдар!

Хат туралы бейнеүзінді.

Хат дегеніміз -пошта арқылы салынатын, мазмұны әртүрлі құжаттардың жалпы аты. Хат мәселені басқа құралдар арқылы (жеке әңгіме, телефон арқылы сөйлесу) шешу мүмкін болмағанда қолданылады .

Айтылым.

  • Ал сендер хат жазып көрдіңдер ма?

  • Осы хат сөзінде бізге таныс емес дыбыс бар ма?

  • Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Хх дыбысы мен әрпі.

  • Қане, Хх дыбысын айтып көрейікші, қалай ойлайсыңдар бұл дыбыс дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

Бағалау. Өзін-өзі бағалау.


Ұжымдық жұмыс.

«Миға шабуыл» әдісі.

Тосыннан келген хат. Оқулықтағы сюжетті суретпен жұмыс.

-Суретте не бейнеленген?

-Диірмен не үшін қажет?

-Кемпірқосақ туралы не білеміз?

- Суретте жылдың қай мезгілі?


Бағалау. Өзін- өзі бағалау.


Оқылым.

хат халат хайуан

хабар шахмат хайуанат


Жұптық жұмыс.

«Лездеме» ойыны арқылы жаңа сөздердің мәнін ашу.

Бағалау. Өзін – өзі бағалау.


Топтық жұмыс

«Сөз ойла, тез ойла» әдісі.

Мақсаты: Берілген сызбадан сөздер құрастырады.

Ем






шебер

ауру

кітап

ас

хана

шай

дәрі

ұста

наубай


Ереже: сөздерге хана жұрнағын қосу арқылы, жаңа сөздер шығаруға болады.

Бағалау. Өзін-өзі бағалау.


Топтық жұмыс.

Шығармашылық тапсырма.

1-топ. Хат сөзіне постер қорғау

2-топ. Хат сөзіне дыбыстық талдау жасау.

3-топ. Хат сөзін қатыстырып 3 сөйлем құрау.


Бағалау. Өзін-өзі бағалау.


Сергіту сәті

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.





Хат суреті




https://imektep.kz/kz/hat-zhazip-uirenu

https://bilimland.kz/kk/content/lesson/19018-65_xatqa_arnalhan_material_kundizgi_uaqyt







Хаттағы сюжетті сурет



Оқулық



Хат ішіндегі сөздер.







Сөздер және буындар жазылған парақша













А3, А4 қағазы, маркер,

Аяқталуы

6мин











2 мин

Жазылым

№3 сауат ашу дәптеріндегі Хх әрпін көркем жазу.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашамыз,

Қолға қалам аламыз.

Көлбеу қойып дәптерді,

Әдемілеп жазамыз.

Бағалау. Өзін-өзі бағалау.


Кері байланыс

Жетістік баспалдағы

№3 сауат ашу дәптері









Жетістік баспалдағы

Қосымша ақпарат



Саралау – Сіз қандай тәсіл мен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сізбасқаларға қарағанда қабілетті оқушыларғақандайтапсырмалар бересіз?

Бағалау –

Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Үлгерімі төмен оқушыларды үнемі назарда ұстап, мейлінше өзара оқытуға тартамын, қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік жаттығулар қосымша дайындаймын.





Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау және мадақтау






Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығуларымен белсенді жұмыс түрлерін қолдану

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақ мақсаттарым шынайы болды. Барлық оқушыларбелсенді әдістермен қамтылды.


Топтық жұмысты сабақта көбірек пайдаландым.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. «Лездеме» ойыны

2. Оқушыларға берілген топтық тапсырмалар.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2. Рефлексия жасау.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

1.Топтық жұмыс жиі жасау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
605
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі