400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Ашық сабақ Химия 7 сынып Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар.

Материал туралы қысқаша түсінік
-химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерізімді жоспардың тарауы: Мектеп: «№66 » мектеп-лицейі

7.3А Химиялық реакциялар


Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Құмар Ботакөз


Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

7.3А Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар.

Зертханалық тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау».

Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.4.1 -«қышқылдық» және «сабындылық» қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу

7.3.4.2 -химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу

№7 зертханалық тәжірибе ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау.

Сабақтың мақсаты

Табиғи қышқылдар, негіздер және индикаторлар жайында білу.

Бағалау критерийі

- Қышқылдық және сабындылық қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін біледі;

-Химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеиндердің әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруі арқылы оларды ажырата алады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қышқыл,сілті,индикатор, лакмус, фенолфталеин, метилоранж.

Оқытудың тілдік мақсаты:

Қышқылдар,сілтілер,индикаторлармен танысып, қышқыл мен негізді салыстыра келе топтық жұмыс істей (айтылым, тыңдалым және жазылым дағдыларын) алады.

Диолог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Қасиеттері қарама-қарсы күрделі заттар .............. , ............. Қышқыл мен сілті ерітінділері әсерінен түсі өзгеретін заттар ..........

Жиі қолданылатын индикаторлар........ , ......... , .........

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік ел идеясы арқылы білім алушының бойына еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Биология– жеміс-жидектер, көкеністер, жәндіктерде кездесетін қышқылдар

География– қазба байлықтардан сілтілердің, қышқылдардың түзілуі

Тақырып бойынша алдынғы білім

6.3.2.2 Тірі және өлі табиғаттағы қышқылдық, сілтілік және бейтарап орталарды ажырату және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау;







Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)












КҮНДЕЛІКТІ ШАРАЛАР:

Ұйымдастыру

1. Оқушылармен сәлемдесу (1 мин)

Сәлеметсіңдер ме оқушылар!

Көңіл- күйлеріңіз қалай?

2. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату(2 мин)

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында "Жүректен жүрекке" стратегиясын қолданылады. Оқушылар ортаға шығады және олар екі қатарға тұрғызылып, бір- біріне жақсылық тілейді. Бұдан кейін оқушылар өз орнына оралады.

2.Топқа бөлу. (2 мин)

Топ басшысын сайлап, оларға жұлдызша салынған конверт тапсырылады.


ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ:

Оқушыларға сәйкестендіру тест тапсырмасы жазылған парақшалар таратылады.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар өзара дәптерлерін алмасады және тақтада көрсетілген дұрыс жауаптарға қарап дұрыстайды. Тақтада көрсетілген бағалау кестесіне қарап, оқушыларға топ басшысы тарапынан "жұлдызша" беріледі.


ШИРАТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ (3 мин):

1. Тапсырма «Миға шабуыл» әдісі

1. Индикатор дегеніміз не?

2. Сутектік көрсеткіш дегеніміз не?

3.Табиғат дүниесіндегі сулы ерітінділерінің неше түрлі ортасы бар?

Бағалау критерийі: табиғаттағы қышқылдық, сілтілік және бейтарап орталарды ажырату және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтайды.

Дескриптор:

1.Индикатордың не екенін біледі;

2.Сутектік көрсеткіш дегеніміз не екенін есте сақтайды;

3.Табиғат дүниесіндегі сулы ерітінділерінің түрлерін ажыратады;


Бор, түрлі- түсті шариктер жасырылған қорапша, топ аттары жазылған тақташалар







Жұлдызша салынған конверт

Сабақтың ортасы
































































































































КІРІСПЕ:

Ой қозғау әдісі

Сабақтың тақырыбын айқындау (3 мин)

1-ші слайд



2-ші слайд


3-ші слайд



Слайдтардағы суреттерді көрсету. Осы суреттерді көрген кезде оқушыларда қандай ассоциациялар туындайтынын сұрап, ой қозғау. Егер оқушылар жауап бере алмаса,

оқушыларға қосымша сұрақтар қоямыз, лимонды жегенде қандай дәм сезіледі, қандай заттар қолдарыңызға тигенде сабын тәрізді сезіледі, қандай заттар қышқылдар мен сілтілерде түсін өзгертеді т.б.


Түртіп алу әдісі (5 мин):

1.Тақырыпты оқиды, тақырып бойынша таныс емес ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады.

2. Өз бетінше оқыған тақырыпты әуелі жұпта сосын топта талқылайды.


ДАМУ :

2.Тапсырма. Ассоциация, сәйкестендіру әдісі. (ТЖ)

I-топ тапсырмасы.Табиғи және табиғи емес қышқылдарды атаңыз.




II-топ тапсырмасы. Қышқылдарға қасиеті қарама-қарсы заттар. (ТЖ)





ІІІ –топ тапсырмасы. Индикаторлар . (ТЖ)



Бағалау критерийі: Қышқылдық және сабындылық қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін біледі.

Дескриптор:

1.Табиғи және табиғи емес қышқылдар атайды;

2.Сілтілер туралы біледі;

3.Индикаторларды ажырата алады;

Дұрыс орындаған оқушыларға "жұлдызша" беріледі.


3-тапсырма. (ЖТ)

Бос орынды толтыр

Сілті ерітіндісі қолға ...... сияқты білінеді.

Барлық қышқылдардың құрамына ..... атомдары кіреді.

Қышқылдар мен сілті ерітінділерінің әсерінен түсін өзгертетін заттар ...... деп аталады.

Бағалау критерийі:

- оқушылар қышқылдар мен сілтілер және индикаторлар туралы біледі.

Дескриптор

Білім алушы

- берілген сөйлемдегі бос орынды толтыра отырып, қышқылдар мен сілтілер және индикаторларға сипаттама береді.

Бағалау (ҚБ):

Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар өзара дәптерлерін алмасады және тақтада көрсетілген дұрыс жауаптарға қарап дұрыстайды. Сөйлем нақты дұрыс болған жағдайда ғана топ басшысы тарапынан "жұлдызшамен" марапатталады.

Дұрыс жауабы:

Сілті ерітіндісі қолға сабын сияқты білінеді.

Барлық қышқылдардың құрамына сутек атомдары кіреді.

Қышқылдар мен сілті ерітінділерінің әсерінен түсін өзгертетін заттар индикаторлар деп аталады.


БҮКІЛ СЫНЫП ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫС:

4-тапсырма. Зерттеушілік әдіс. (ТЖ)

№7 Ерітінділердің қышқылдық, негіздік ортасын анықтау.


Реактивтер

Құрал-жабдықтар

1.Натрий гидроксиді (NaOH)

2.Тұз қышқылы (HCL)

1.Сынауықтар

2.Индикаторлар ерітінділері: лакмус,метилоранж,фенолфталеин

3.Әмбебап индикатор қағазы


Берілген кестені толтыру үшін ортасы зерттелетін заттардың ерітінділерін төрт сынауыққа құйып алыңдар әрқайсысына индикатормен әсер етіп, түстерінің өзгергенін бақылап кестені толтыру.







№

Заттар

лакмус

метилоранж

Фенол

фталеин

Әмбебап индикатор қағазы

1

Су





2

Натрий гидроксиді





3

Т

з қышқылы






Бағалау критерийі: химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеиндердің әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруі арқылы оларды ажырата алады;



Дескриптор:

1. ҚТ сақтай отырып тәжірибені жасайды;

2. Кестені дұрыс толтырады;

3.Сілті ертіндісінде фенолфталеин, метилоранж, лакмус индикаторлардың түсінің өзгеруін түсіндіреді;

4. Қышқыл ертіндісінде фенолфталеин, метилоранж, лакмус индикаторлардың түсінің өзгеруін түсіндіреді;






Слайд
































Оқулық






Слайд




























































Оқулық, интербелсенді тақта, жұлдызшалар

"Бағдаршам"


Сабақтың соңы


Әр оқушының жанында "бағдаршам"- ның үш түсті кесінділері болады. Тапсырманың қалай орындалғанын сұрағанда, берілген үш түстің біреуін көрсетеді.

Жасыл- орындау қиын болмады

Сары- орындау барысында қиналдым

Қызыл- орындау қиын болды


Үй тапсырмасы: табиғи емес қышқылдар мен сілтілердің атын формулаларын жаттап келу.


Саралау– сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қаупсіздік техникасын сақтау

1. Саралау тәсілдерінің ішінде жіктеу әдісі бойынша аралас гендерлік топтарға бөлінеді;

2. Саралаудың қортынды әдісі бойынша барлық оқушылар бір тапсырма орындасада олардың нәтижелері әртүрлі болады.

3. Саралаудың диалог және қолдау көрсету әдісі бойынша кейбір оқушыларға тапсырманы орындату барысында жан-жақты әрі нақты көмектер керек болады;

4. Дереккөз әдісі: бұл әдісі бойынша баспадан шыққан немесе электронды дереккөздер пайдаланылады;



Бағалау критерийі;

Дескриптор;

Кері байланыс;

Топтық бағалау:

1.Оқу бөлмесі таза, жарық,желдетілген

2.Оқу құралдары керекті ресурстар өз орнында, техникалық қауіпсіздігі сақталған



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары

немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз


Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары дұрыс қойылған.

Оқушылар оқу мақсаттарына жетті, оны оқушылардың ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындаған жауаптарынан көруге болады. Сабақ барысында саралаудың жіктеу, дереккөздер, тапсырма, диалог және қолдау көрсету, бағалау әдістері қолданылды. Сабақ барысында тапсырмаларды орындау кезінде уақытты тиімді пайдаландым. Сол себепті сабақ 40 мин бітті, сонымен қатар сабақ жоспарларында ауытқу болған жоқ.








Қосымша 1:

1. Тапсырма «Миға шабуыл» әдісі

1. Индикатор дегеніміз не?

2. Сутектік көрсеткіш дегеніміз не?

3.Табиғат дүниесіндегі сулы ерітінділерінің неше түрлі ортасы бар?



Метилоранж

Натрий гидроксиді



фенолфталеин

Тұз қышқылы





№

Тапсырма

№

Жауаптар

Дұрыс

жауап

1

Құрамы екі элементтен тұратын, біреуі оттек болатын күрделі зат

А

Индикатор

 E

2

Жылу бөліп жанатын зат немесе заттар қоспасы

B

Қышқылдық оксид

 C

3

Металдар жанғанда түзілетін оксид

C

Отын

 D

4

Бейметалдар жанғанда түзілетін оксид

D

Негіздік оксид

 B

5

Қышқыл мен сілті ерітінділерін анықтайтын арнайы зат

E

Оксид

 А



Қосымша 2:

Тапсырма.Табиғи және табиғи емес қышқылдарды атаңыз.






II-топ. Қышқылдарға қасиеті қарама-қарсы заттарды атаңыз.






ІІІ –топ. Индикаторларды атаңыз.




3-тапсырма.

Бос орынды толтыр

Сілті ерітіндісі қолға ...... сияқты білінеді.



3-тапсырма.

Бос орынды толтыр

Барлық қышқылдардың құрамына ..... атомдары кіреді.



3-тапсырма.

Бос орынды толтыр

Қышқылдар мен сілті ерітінділерінің әсерінен түсін өзгертетін заттар ...... деп аталады.


Қосымша 8:

4-тапсырма. Зерттеушілік әдіс

№7 Ерітінділердің қышқылдық, негіздік ортасын анықтау.


Реактивтер

Құрал-жабдықтар

1.Натрий гидроксиді (NaOH)

2.Тұз қышқылы (HCl)

1.Сынауықтар

2.Индикаторлар ерітінділері: лакмус,метилоранж,фенолфталеин

3.Әмбебап индикатор қағазы


Берілген кестені толтыру үшін ортасы зерттелетін заттардың ерітінділерін төрт сынауыққа құйып алыңдар әрқайсысына индикатормен әсер етіп, түстерінің өзгергенін бақылап кестені толтыру.


№

Заттар

лакмус

метилоранж

Фенол

фталеин

Әмбебап индикатор қағазы

1

Су





2

Натрий гидроксиді





3

Тұз қышқылы










Глоссарий:

ҚБ- қалыптастырушы бағалау

ТЖ- топтық жұмыс

ЖТ- жеке тапсырма



























№

Заттар

лакмус

метилоранж

Фенол

фталеин

Әмбебап индикатор қағазы

1

Су





2

Натрий гидроксиді





3

Тұз қышқылы
















№

Заттар

лакмус

метилоранж

Фенол

фталеин

Әмбебап индикатор қағазы

1

Су





2

Натрий гидроксиді





3

Тұз қышқылы






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
2896
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі