400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ашық сабақ "Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгін «Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам организміндегі химиялық элементтердің рөлі» тақырыбын өтеміз, дәптерімізді ашып, күн ретін, тақырыпты жазамыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы»

Күні:

Мұғалім: Битабарова Хадиша Исабековна

Сынып: 8

Қатысқан. Қатыспағандар.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуын терең зерттеп өмірмен байланыстыруды

үйрену.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар білуге тиісті: Тірі және өлі табиғатта кездесетін элементтерді еске түсіреді

Оқушылардың көпшілігі  Элементтердің тірі және өлі табиғатта кездесуін сипаттайды


Кейбір оқушылар Табиғатта болып жатқан құбылыстар мен химиялық ұрдістерді тұжырымдайды

Тілдік мақсат

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Сабақта диалог/ жазылымға қажетті тіркестер.

Бұрыннан бар білімдері


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған уақыт

Ресурстар

Басы

0-5 мин

6-10 мин

.Үй тапсырмасын сұрау.

А) Химиялық элементтерге жеке сипаттама қалай беріледі?

Ә) Химиялық элементтердің атом құрылысы неден тұрады? Ядро құрамы қандай бөлшектерден құралған?

Б) Атом құрылысы мен ядро құрамын қалай анықтауға болады? Нақты химиялық элементтерді мысалға алып, сипаттама беру.

В) Д.И.Менделеевтің периодтық заңға берген анықтамасы қандай? Қазіргі кезде заң қалай айтылады? Ерекшелігі неде?

Г) Химиялық элементтердің қасиеттері период бойынша және топ бойынша қалай өзгереді?

ІІ-тапсырма. Лингвистикалық қатарлар.

1. Екі жағынан оқыса да мағынасы бар металдың атауы?

2. Қаңдай элемент артық: Аu, Аg, СІ, Ғе, N?

3. Қасиеті бойынша қай металл артық: АІ, Ғе, Со, Nі?

4. Аталуында балалар қызықтайтын ойын-сауық орнының аты барэлемент?

5. Дәрігер мамандығының аты бар элементті табыңдар.

6. Қаңдай элементтің тұрақты мекен-жайы жоқ?

7. Қандай элементтің аталуында балдырдың (тина) аты бар?

8. Қандай элементтің құрамында өзен аттары кездеседі?

9. Қандай элементтердің аталуында теңіз арағының аты кездеседі?

10. Қандай элементтердің аталуыңда музыкалық элементтер атаулары кездеседі?

11. Қандай элементтің атауыңда косметикалық құралдың аты кездеседі?

Жауабы:

1. Мыс- сым; 2. СІ-метал емес; 3. АІ- магниттік қасиеті жоқ;

4. Цирконий;5. Хлор-лор; 6. Сутек; 7. Платина- тина;

8. Нильсборий-Нил, индий – Инд, полоний –По, радон- Дон; 9. Бром-ром, хром-ром; 10. Радон – до, рений-ре, алюминий –ми , кобальт – альт; 11. Кремний – крем.


Суретті қағаздар

Флипчарт, Ғаламтор

Балама тест

Бөлме өсімдіктері

Ортасы

11-20мин

21-35мин

Жаңа сабақты түсіндіру. Үйге берілген тапсырманы сәл шолу түрінде еске түсіріп, химиялық элементтерге сипаттама берудің маңызы, периодтық жүйе мен периодтық заңның маңызы жайлы айта келе, осы химиялық элементтердің табиғатта кең таралғандығын, жан-жағымыздың барлығына зер сала қарасақ олардың кездесетінін айта келе, жаңа тақырыпқа көшемін. Бүгін «Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам организміндегі химиялық элементтердің рөлі» тақырыбын өтеміз, дәптерімізді ашып, күн ретін, тақырыпты жазамыз. Енді тақырыпқа көшпес бұрын өздерің күнделікті тұрмыста, үйде, табиғатта кездесетін қандай химиялық элементтерді білесіңдер? – деген сұрақты қойып, оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдеріне сүйенемін. Балалар, айналамызға зер салып қарасақ: мектепте, үйде, көшеде, транспортта бізді көптеген химиялық элементтер мен олардың қосылыстары қоршайтынын көреміз. Олардың барлығы бізге қызмет етеді. Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда химиялық элементтер туралы білімімізді бір жүйеге келтіреміз.Күнделікті көріп жүрген тұрмыста кездесетін химиялық реакцияларды көрсетіп, олардың сырын түсіндіру. (крахмал мен йод, ас содасы мен сірке қышқылы, натрий мен судың әрекеттесу реакциялары демонсртациялап көрсету, әрі әрбір көрсетілген химиялық реакцияның біздің тіршілігіміз үшін маңызына тоқталып кету). Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың сараптауынша, ағзаға түскен химиялық элементтердің әрқайсысы белгілі бір биологиялық қызметті орындайды. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесінде 30-ға жуық элементтің биологиялық ролі анықталды. Таратып айтсақ…Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер адамның салмағы70 кгболса, онда1700 граммкальций,250 граммкалий,70 граммнатрий,42 грамммагний,5 граммтемір,3 грамммыс болады. Атап айтар болсақ, мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл түрінде асқазан сөлінде кездеседі. Адамның ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрациялайды, яғни микроэлементтер мен макроэлементтер әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар — көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән әрі ол жерде концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш — қарын асты безінде, йод — қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий — шашта, кадмий, сынап, молибден — бүйректе, қалайы — ішек ұлпаларында, стронций — қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий — көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром — гипофизде және тағы басқаларда жиналады. Жетіспесе, ауырасыз. Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғайған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб (іспебұғақ), молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады. Мұнан соң оқушылар шығып, өздері зерттеп, іздеп тапқан материалдары бойынша жеке элементтерге тоқталады және слайд арқылы көрсетіп, маңызына мән бере айтады. 


Соңы

36-45 мин

Бекіту сұрақтарын беру. А) Химиялық элементтер табиғатта қалай таралған? Маңызы неде? Ә) Адам ағзасында кездесетін қандай химиялық элементтер бар? Олар адам ағзасында қандай роль атқарады?

Б) Химиялық элементтер табиғатта қандай маңызды минералдардың құрамында болады, ол минералдардың адам өмірі мен тіршілігі үшін, денсаулығы үшін маңызы қандай?

В) Күнделікті тұрмыста қандай химиялық элементтердің қосылыстарын кездестіреміз? Олардың маңызы неде?

  1. «Табыс сатысы» әдісі, кәдімгі сатының суреті,

  2. сатының 1-ші баспалдағы Мен.............білемін,

  3. 2-ші баспалдағы Мен.................. түсінемін ,

  4. 3-ші баспалдағы Мен.................... жасай аламын.


Қосымша мәліметтер

Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

-Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай күрделендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Екі жұлдыз, бір тілек. Бағалау парағы арқылы бағалау

Пән-аралық байланыс

физикагеография

- қабілеті төмен оқушылар үшін

Дарынды және талантты балаларға кеңейтілген тапсырма беру



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
832
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі