400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ И дыбысы мен әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: И дыбысы мен әрпін меңгерту. И дыбысының бөлек буын құрайтынын, И дыбысының ұқсас Й дыбысынан айырмашылығын түсіндіруИ дыбысы кездесетін сөздерді оқыту арқылы сөздік қорларын
Материалдың қысқаша нұсқасы

И дыбысы мен әрпі


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу 

Оқу іс әрекетінің: И дыбысы мен әрпі

Оқу іс әрекетініңмақсаты:
Білімдік: И дыбысы мен әрпін меңгерту. И дыбысының бөлек буын құрайтынын, И дыбысының ұқсас Й дыбысынан айырмашылығын түсіндіру.
Дамытушылық: .И дыбысы кездесетін сөздерді оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелеушілік: Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, әдептілікке баулу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Өткізу әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, , суретпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: Қоршаған орта, көркем әдебиет,тіл дамыту

Көрнекілігі: кеспе әріптер, оқулық, мазмұнды сурет

Қостілділік компоненті: Буква «И» -----«И»дыбысы

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Ынталандыру сезімді ояту

Кел – балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көнілді боп жүрейік!

Сәлеметсіндер ме, балалар

Балалар мен бірге шаттық шеңберінде тұрып, көңіл – күйін көтеру, бір – біріне жақсы тілік айтады.


Іздену-

ұйымдас-

тыру

































































































































































Рефлексивті - түзетушілік

КІРІСПЕ:

Кәне балалар,көңіл-күйлерің қалай ?Олай болса, жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық. Қазір сауат ашу сабағы.

-Жылдың қай мезгілі?

-Қазір қай ай.?

--Ауа-райы қалай?

Біз сауат ашу сабағынан көптеген әріптермен таныстық. Дыбыс дегеніміз не? Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

Оқу іс – әрекетін қайталау

«Ә» ДЫБЫСЫ

1 Суреттермен жұмыс

-Мынау отбасы мүшелерінің суреті

Shape1 Shape2 Shape3

Балалар отбасы мүшелері кімдер?

  • Бір сөзбен қалай атауға болады?

Әке, әже, әтеш сөздерін буынға бөлу

Жаңа тақырып:

Суреттермен жұмыс жасау арқылы ой тұжырым мен басталады.

-Суретте не көріп тұрмыз?

Shape4 Shape5 Shape6

-Ит ,шие , инелік ,ине

- сөздерінде қай дыбыс көп қайталанады?

И дыбысы дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз.

-И дыбысы сөздің басында ,ортасында,соңында кездеседі.

Ит , ине деген сөздерде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр№? Олай болса жаңа « И» дыбысымен танысамыз.

Ит,шие сөздерін текшемен жазу Тіл ұстарту жаттығуы.

ИЕ-ИЕ-ИЕ

Шөгіп жатыр түйе Әліппе - дәптермен жұмыс.

Ит,шие, инелік сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы Идыбысының орнын ажыратқызу. Балалардың өздеріне Идыбысының сөздің басында, ортасында,аяғында келетін сөздер ойлатамын. Дәптердегі буындарды,сөздерді құратып оқытамын. Барлығы хормен қайталап оқытамын.

Жазу жұмысы.

И дыбысын ауада жазу. Балалардың өздеріне жазып көрсетемін,сонан соң балаларға жаздырамын.

Дәптерге бас және кіші әріпінің баспа түрін жазғызу.

Сызба бойынша сөйлем құрату.

Мысалы. Анам инемен тікті.Алма инені сабақтады.

Суретті ребусты шешу.

Шешуі: Инелік

«Кім зейінді ?» дидактикалық ойын.

Шарты: И дыбысына кездесетін сөздері бар өлеңнің бір шумағын оқимын.

Балалар сол сөздерді тауып айтады.

Мысалы .

Ұшып кетті инелік,

Бізден қорқып именіп.

Тікұшаққа ұқсайтын

Инелікке тимелік.

Инелік, именіп, ине ,игерем , тимелік сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

И дыбысы мен Й дыбысының айырмашылығын айтып түсіндіру. Балаларға қол шапалақтау арқылы дыбыстау.

И –не, и-не лік, ти-ме лік, шие

Бір буынды сөздерді құрату.

«Шие» деген тақырыпта мәтін ққұрастыру. Мысалы:.Болат пен Ислам бақшаға шие екті.Оны суарды,баптады. Шие жақсы өсті. Шие сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті:. Мен шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін. «Сөзді есіңе сақта» дидактикалық ойыны.

Ойын мақсаты:. Балалардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын шарты. Жаңа дыбысқа байланысты сөздерді сол ретте қайталап шығулары керек. Сөздерді шатастырып алса, онда қиықшаны ары қарй келесі ойыншыға береді.

И –не-лік , кәм –пит, ит, са –қи –на

Қорытындылау: Балалар, сонымен бүгін қандай дыбыспен таныстық?

Қане айтып көрейікші

И дыбысы қандай дыбыс? Сабақта алған білімдерін бекіту. Бір шумақ өлең оқимын . И дыбысы кездесетін сөздерді тауып айтады. Сол сөздерді буынға бөлу


Исатайдай батыр болам, Иса атамдай ақын болам, Игі істе батыл болам, Игілікке жақын болам

Оқу іс - әрекетінің соңында жақсы қатысып, толық жауап берген балаларды мақтап, мадақтау



Қыс

Қаңтар

Салқын,аяз



Дыбысты естиміз, әріпті көреміз, жазамыз, оқимыз.

Екіге бөлінеді дауысты және дауыссыз дыбыстар

Балалар қойылған сұрақтарға толығымен жауап береді





Әке, әже , әтеш.





Отбасы

Буынға бөлу







«И» дыбысы естіліп тұр

И - не – лік, и – не




Сөздің басында кездеседі



«И» дыбысы дауысты дыбыс


Тіл ұстарту жаттығуларын тәрбиешіден кейін қайталайды






Балалар мен бірге хормен оқу




Балалар оқулықпен өз бетінше жазуға үйренеді.








И – не – лік



























Балалар сергіту сәтін орындайды.












«И» дыбысымен таныстық


«И» Дыбысы дауысты дыбыс





Өлең жолдарын айтады




Балалардың бәрін мадақтау



Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі керек:. Өткен дыбыстарды меңгеру ,дыбыстарды ажырата білу. «И» дыбысының дауысты дыбыс екенін.

Баланың меңгеруі:.И дыбысын толық игерді. Өз бетімен жұмыс жасау.

Қолынан келуі тиіс:. И әрпіне сөз құрауды. И дыбысы мен әрпін жазуды, буындап оқуды толық біледі.














Мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекетіндегі ойынның технологиялық маңыз


«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»

(М.Жұмабаев)
Бұл баяндамада қазіргі мектеп дейінгі балалардың оқу іс - әрекетін ұйымдастыру барысында қызығушылығын арттыруда ойынның технологиялық қажеттілігі туралы қарастырылған.
«Қазіргі жас буын, бүлдіршіндер – мемлекетіміздің мығым тірегі» - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас өспірімдердің жан - жақты даму негіздері – мектепке дейінгі мекемеден бастау алады.
Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. 
Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
 
Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды.

Қазіргі уақытта балаларды оқытуға арналған әдістемелер соның ішінде ойын технологиясы кеңінен пайдалану үстінде. Яғни, ойындарды игеру балаларды жан - жақты болуына зор ықпалын тигізеді. Балалардың оқу іс - әрекетін арттыру үшін ойын элементтерін тиімді пайдалану керек. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ барысында қандай ойын түрлерін қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынғаны дұрыс. Яғни, бала тілін дамыту барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзіреттілік тапсырмалар арқылы балалардың өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға арналған бірден - бір таптырмас технология. Ұлы педагог А. С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді – деп қарастырады.

Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі – балалар үн - түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын барысында сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: сюжетті – рөлдік ойындар «Почта», «Дәріхана», «Дүкен», «Аурухана», «Кітапхана», «Отбасы», «Балалар бақшасы» болып ойнайды. Сол сияқты ойындарда топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі: ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады. Көбінесе бұл ойындар күннің 2 жартысында ойнатылады.

Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
В. А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Shape7
Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мектепке дейінгі балалар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, ойынға аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру тәрбиешілердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс - әрекеті. Балалардың қызығуын арттыру мақсатында тәрбиеші ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік - ойындар», «қимылды ойындар», «дидактикалық ойындар» жас өспірімдердің сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады.
Ойын іс - әрекеті зерттеуші, дамытушы, үйретуші болып тәрбиешінің негізгі іс - әрекетін құрайды.
Shape8
Ойын түрлері:

Дидактикалық ойыны
Шығармашылық ойыны
Сюжеттік рөлдік ойыны
Қимылды ойындар
Ұлттық ойындар
Педагогикалық ойындар
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойыны Үстел үсті ойыны Сөздік ойыны
«Дәл осындайды тауып ал»
«Салыстыр да, атын ата»
«Қай ағаштың жапырағы»
«Бірдей ойыншықты тап»
«Қайсысы көп, қайсысы аз» «Суретті құрастыр» «Қандай затқа ұқсайды?»
«Қай сурет тығылды?» «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш»
«Қиылған суреттер» «Ұқсасын тап»
«4 - ші не артық?» «Есіңде сақта» «Сөз ойла»
«Сөз құра»
«Жұмбақ ойла» «Жақсы - жаман» «Жалғастыр»
«Үш сөз ата»
Бұл аталған жаттығулар, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, бір — бірімен достығын арттырып және саусақ бұлшық етін дамытады. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізу дайындығын көрсетеді.

Ойындар: дидактикалық, қимылды, сергіту, сюжетті - рөлдік, жарыс,
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу процесінде
жас өспірімнің тілін дамыту, сөздік қорын көбейту жолында төмендегі тәсілдер ұсынылады:
Көрнекі құралдар: түрлі түсті суреттер, түрлі түсті қағаздар, ойыншықтар,
Shape9

Тәсілдер
Сонымен қатар баланың құзыреттіліктерін дамытатындай рөлдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән берілуі тиіс. Ойын үстінде бала сұранысы мен тәрбиешісінің тапсырмасы өзара ұштасады.
Мысал: Сюжеттік — рөлдік ойын: «Менің сүйікті кейіпкерім!». Баланың сүйікті кейіпкерлері болатыны, өзінің соған ұқсағысы келетіні белгілі, ол баланың сол кейіпкер рөлін атқаруы оның моральдық танымы мен түсінігіне әсер етеді де, баланың жеке ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері өрістейді, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың творчестволық талантын кеңейтеді.
Қазақтың халқы мәдени мұраларға бай халық екендігіне сөз жоқ. Сондай бір қомақты дүниелер қатарына ұлттық ойындарды да жатқызамыз. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған көне халықтың дәстүрлері, шаруашылық мәдени, өмір тіршілігінің жиынтық белгісі болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін бірі толықтырып байыта түседі.
Баланың бойында ана тілін, ата - баба салтын бойына сіңірген, оны қастерлей білетін азамат өсіруде ұсынатын ең басты құралымыз – ұлттық ойындар. Жас өспірім ойын арқылы дүниені танып, түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей жүріп үйренеді, өз бойына қабылдайды.
Таңдалған ойынды өткізуге қойылатын талаптар төмендегідей:
• Ойынды тақырыпқа сәйкес алу.
• Ойынның мақсаты нақты қойып, керекті көрнекіліктерді балалардың қызығушылығына сәйкес дайындау.
• Ойнар алдында балаларға жүргізілу барысын әбден түсіндіру.
• Ойынға балалардың барлығын қатыстыру.
• Ойын барысында балардың қатысуын қадағалау, білмеген жерлеріне көмек, жәрдем беру.
Қазіргі балабақшадағы ойынды қолданар алдында ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Microsoft office, Paint бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпын

-дырады. Интернет жүйесінің балаға тәрбие беру барысына қосар үлесі көп.
Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана тәрбиешінің тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.


Қолданылған әдебиеттер:
1) Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы – 1981 жыл
2) Журнал «Балабақша» 2009 жыл
3) Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі, Алматы – 1985 жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
453
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі