жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ И дыбысы мен әрпі
5-тарау Жолдар бізді қайда бастайды? ТАҚЫРЫБЫ: Жолың болсын, жолаушы! И дыбысы мен əрпі |
Оқу ісінің орынбасары: Үңгірбаев .Б |
||||
Күні: 15.01.2020ж |
Педагогтің аты-жөні: Балғабаева С.А. |
||||
СЫНЫП МАД . ІІ-ТОП |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. 0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарымқатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану. 0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу. |
||||
Күтілетін нəтиже |
Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. И дыбысы – дауысты дыбыс. И дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі и дыбысының орнын ажыратады. И əрпінің элементін жазады.
|
||||
Көпшілік тəрбиеленушілер: Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды. Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.Сөздегі дыбыс санын, ондағы и дыбысының орнын ажыратады. И дыбысына сөз ойлайды. И дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу. Көлік түрлерін ажыратады.
Кейбір тəрбиеленушілер орындай алады: Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. И дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады. Көлік түрлерін ажыратады, олады атайды.
|
|||||
Тілдік мақсат |
Тəрбиеленушілер : Тəрбиеленушілер: Суреттер бойынша сұрақтар құрастыру. Суретте бейнеленеген оқиғаны өз жағдайларында жалғастыру. Өлең жолдарын еске сақтайды. Сөйлем түрлерін ажыратады.
|
||||
|
|
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. индус
ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Суреттегі жолаушылар көлігі туралы не білесің? Сурет бойынша қандай сұрақ қояр едің? Қай көлікпен өте алысқа баруға болады? Ең жылдам көлік қайсы? Көліктерді түрлеріне қарай топтастырып ата. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.
|
|||
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
|
Көліктер туралы біледі? Сөз, сөйлем құрастырады. Дыбыстық талдау жасайды.
|
|||
Жоспар |
|
||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Ресурстар |
|||
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.
|
Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Кəне, балалар, барлығымыз отбасымызға жақсы тілектер тілейікші!
(Ұ) Педагог слайдтан көлік түрлерін көрсетеді. «Артығын тап!» ойынын ойнайды. Берілген көлік артық көлікті табады. 1-сурет: жеңіл мəшине, автобус, камаз, ұшақ. 2-сурет: тікұшақ, зымыран, троллейбус, ұшақ. 3-сурет: Жеңіл көлік, жүк мəшинесі, қайық, троллейбус. |
|
|||
ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин.
|
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс 1-тапсырма Суреттегі жолаушылар көлігі туралы не білесің? Сурет бойынша қандай сұрақ қояр едің? Суреттегі адамдардың іс-əрекетін айтады. Кімде қандай көлік түрі барын табады. Көліктерді түрлеріне қарай топтастырады; Əуе, су, жер көлігі. Ж. Смақовтың өлеңін мəнерлеп оқып береді. |
Əліппе-дəптер.
Сурет.
|
|||
|
Ал, келіңдер, ат арбаны жегейік, Ал, келіңдер, сайрандап біз келейік. |
|
|||
|
Барайық біз орман, тауға, көлге де. Дөңгелектер, дөңгөлектер дөңгеле.
Балалар өлеңді мазмұндап, ондағы көлік түрі ат арба туралы пікірлеседі. Педагог ат арба туралы түсіндіреді. Алысқа баратын жəне жылдам жүретін көліктерді əңгімелейді. Əр ұлттың өзіне ыңғайлы көлік түрлері болатыны жəне көліктердің техникалық жəне жануарлар көлігі деген екі тобы болатыны туралы таныстырады. И дыбысы естілетін көлік түрлерін атайды. Мотоцокл, мəшине, ит пен шана. Сөздерді буынға бөледі. 2-тапсырма Ине, инелік, ит сөздеріне дыбыстық талдау жасайды. И дауысты дыбыс екенін біледі. Айтқанда созылып айтылады. Еркін айтылады Сергіту сəті
Мен тиінмін, тиінмін, Қысқа жылы киіндім. Қоймам толы жаңғаққа, Іші жылы үйімнің.
|
Суреттер.
И əрпі жазылған плакат немесе слайд.
Таяқшалар.
|
|||
|
Өлең жолдарын қимылмен қайталайды.
3-тапсырма. Сурет бойынша өлең жолдарын суреттеп көрсетеді. И əрпінің баспа түрін тақтаға іліп қойып, салыстырады. Екі л əрпінен и əрпін жасап көрсетеді. Ол үшін бір л дыбысын тоңқайтып, екіншісін түзу қалпында қасына қояды. И əрпінің баспа түрін ауада жазып, сөз ойлап айтады. 4-тапсырма И əрпін жаса Санағыш таяқшалары арқылы и əрпін жасайды. Педагог тақтаға и əрпі жазылған плакатты іліп қояды. Педагог балаларға көрсете отырып сұрайды. Екі кітіптан и əрпін жасауға бола ма? Əлде үш кітаптан и əрпін жасай ма? И əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады. |
|
|||
IV. ҰОҚ-ның |
|
|
|||
қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин. |
Педагог балалардың оқу қызметіне белсенділіктері мен қызығушылықтарын талқылайды, мадақтайды. Оқу қызметін қорытындылайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды. |
Əліппе-дəптер |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген