Материалдар / Ашық сабақ І дыбысы мен әрпі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ І дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ мектепалды даярлық тобына жаңартылған бағдарламасына сай етіп көрсетілген АКТ қолдануға ыңғайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
1831
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «І,і дыбысы мен әрпі»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды і дыбысымен таныстыру

Білімділік: « І » дыбысының оқылу түрімен, жазылу түрімен таныстыру. Кедергісіз айтылатынын түсіндіре отырып, дауысты екенін айту. Сөздің басында, ортасында, аяғында қалай дыбысталатынын түсіндіру. Бас әрпімен, кіші әрпімен дыбыстық талдау жасап үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға, сұраққа толық жауап бере отырып, ойларын толық жеткізе білуге, татулыққа, бірлікке, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Баспа, жазба түрі, «Маша» мултьфилімінің видеосы және кейіпкерлерініңсуреті, «Сиқырлы кітап» видеосы, машаның ізінің суреті, ілгек, ілгіш, ірімшік, ін, іргетас, інжігүл, ілбіс, ешкі, көгершін, ішік, кірпі, жіп,еліктің суреттері.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, сипаттау, салыстыру

Пәнаралық

байланыс: Математика, дүниетану.


Барысы:

Психологиялық дайындық

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз әдепті жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан!

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлеметсіздер ме, балалар!

  • Бізде бүгін ерекше сабақ болады. Біздің сауат ашу сабағымызға көптеген ұстаздар, қонақтар келіп отыр екен. Олай болса, біз жақсы көңіл күйде сабақты жақсы өткізейік.

Өткен сабақты пысықтау:

  • Өткен сабақта қай әріпті өттік? Сендерге К дыбысына арналған бір ойын ала келдім, осы ойынды ойнайықшы.

«Сөз құра» ойыны


Shape2 Shape1

беже

ріс


Shape15 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape3 Shape14 Shape13 Shape12 Shape4 Shape11 Shape10 Shape9

лін

рік

ме

се

тік

Ке









Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

«Кеме» , «кебеже», «кесе».

-Кеме, ол қандай көлік түріне жатады?

-Кебеже дегеніміз не?

-Кесе дегеніміз не?

Д/ ойын: «Кім жылдам»

Мақсаты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Шарты: мұғалім әр түрлі суреттер, ойыншықтар көрсету. Егер сол суреттің басындағы дыбыс дауысты болса, балалар қызыл текшені, дауыссыз болса көк шекшені көрсету.

Жаңа сабақ:

  • Балалар бізге мультфилім ертегісінен бір кейіпкер келіпті. Ол кім екен көрейікші?

  • Дұрыс, бұл бізге таныс Маша екен. Машаны бізге Аю жіберпті. Балаларды көріп, олардың білімдерін бақылап кел депті, және тапсырманы орындаған балаларға өз сыйлықтарында ала келіпті. Олай болса Машаның әр тапсырмасын мұқият, зер салып, шапшаң жауап бере отырайық.

Машаның №1 тапсырмасы:

  • Бұл машаның сырт киімі, аты қалай аталады ?

  • Ішік!

  • Осы ішіктің мойнында не бар екен қарайықшы. Ол не?

  • Ілгек!

  • Ал, мынау не балалар?

  • Ілгіш!

  • Жарайсыңдар, балалар, осы ішікті ілгішке былай іледі екен. Мойындағы ілгекпен былай іледі екен.

Миға шабуыл:

2 тапсырмасы:

  • Олай болса Машаның өзі әкелген мультфилімдегі бір үзінді видеосын әкеліпті оны қалай табады екен дейді. Кәне, балалар көрелікші.

  • Не көрдіңдер? (Қар)

  • Бізде қазір қай мезгіл, айларын атап беріңдерші?

  • Тағы не көрдіңдер? (Із)

  • Жарайсыңдар, қар үстіндегі кімнің ізін көрдіңдер?

  • Аю (медведь), қоян (заяц), із (следь), ілгіш (вешелка)

Осы «Із», «Ішік», «Ілгіш» қай әріптен басталып тұр?

  • І і дыбысын дыбыстап әндетіп көрейікші.

І-і-і-і-і-і-і-і (3 рет)

  • І дыбысы қалай айтылып тұр?

  • І дыбысы қандай дыбыс?

  • Қай үйге кіреді?

  • Дауысты дыбыс қызыл үйге кіреді.

  • Дыбысты біз не істейміз? (естиміз, айтамыз)

  • Әріпті біз не істейміз? (оқимыз, жазамыз, көреміз)

3 тапсырмасы:

Д/ ойын: «Ізін тап» Шарты: Адам, құстар мен жан-жануарлардың ізін табу.

4 тапсырмасы:

«Сиқырлы әліппе» бейне таспасын көрсету. Балалар І дыбысын және і дыбсынан келетін сөздерді дыбыстап айтып шығады.

Балалар І дыбысын келетін сөздер айтыңдаршы.








Тақтамен жұмыс: оқушылар айтылған суреттер ілінеді.

Ішік-теріден пішетін сырт киім, Ешкі-ана сүт сияқты, өте дәруменге бай, ірімшік-сиырдың сүтінен жасалады, көгершін-бейбітшілік құс. Сөйлем құрату, дыбыстық талдау жасау.

І дыбысы бізде сөздің басында, ортасында және соңында да көздеседі екен.


Сергіту сәті: «Топ-топ балақан» музыкасы

5 тапсырмасы:

Ауада «Сиқырлы қалам»

Дәптермен жұмыс.

Төменгі жағы солға қарай имектелген көлбеу

І – бас әрпі

Төменгі жағы оңға қарай ілмектелген көлбеу

І – кіші әрпі


6 тапсырмасы

«І дыбысы бар сөздерді қорша» ойыны








7 тапсырмасы:

«Оқулықпен жұмыс»

І- н ін ін іні інім ініме

І- с іс іс ісі ісіне

К- і кісі т- і ті тісі

Мақал

Кітап–білім бұлағы

Оқушыларды оқыту және мақалдың мағынасын ашу. Мақал-мәтел сұрау.

Сергіту сәті:

Жаздық, жаздық бәріміз,

Шаршап қалды қолымыз.

Аз ғана дем алайық,

Сосын қайта жазайық

8 тапсырмасы:

Д/ ойын «Кім зерек»: Шарты: қима әріптер беріп, сол әріптерден із, ін, тіс, тіл, піл сөздерін таптырту.


Тіл ұстарту жаттығуы

Кі-кі-кі-бұлаңдайды түлкі


9 тапсырмасы:

«Ребус» шешу

-Балалар, қазір қыстың соңғы күні, қар еріп бір жерге үйіліп қалыпты. Қараңдаршы мұндағы көлшікті. Көлшіктің бетінде әріптер жүр екен. Қандай сөз шығады екен құрайықшы.

-Жеміс.

-Қандай жемістер бар атап беріңдерші?

-Жеміс пен көкөністең айырмашылығы неде?

Қорытынды:

Машаның кәмпиттерін тарату, сұрақ-жауап арқылы қорытындылау

- Қандай дыбыс өттік? І дыбысына сөздер айт, сөйлем құра.

-Әріптер бірігіп не болады?

-Сөздер бірігіп не болады?

-Әріп дегеніміз не?

-Қанша әріп бар?

-Қанша таңба бар?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты мен дауыссызды айтып бер.

-Ілгіш орысша қалай айтады?

-Із орысша қалай айтады?


Оқушыларды мадақтап, бағалау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!