400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ І дыбысы мен әрпі. 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.Алған білімді өмірде қолдана алады. Жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы және төменгі жағын сақтап әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жаза алуы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

«Есет» мектеп-балабақша кешені

Күні:29.11.2019

Мұғалімнің аты-жөні:Жалғасбаева .С

Сынып: 1 «А»

Қатысқандар: 12, Қатыспағандар:0

Пәні:

Тақырыбы:

Сауат ашу

І і дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:

1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім(не) туралы айтылғанын анықтау

1.2.1.2 Оқудың түрлерін,( буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу)

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның илюлюстрациясы бойынша болжау

1.3.8.1. Алған білімді өмірде қолдана алады. Жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы және төменгі жағын сақтап әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: І,і дыбысы мен әрпін таниды, оны дыбыспен сәйкестендіре алады

Оқушылардың көпшілігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім(не) туралы айтылғанын анықтайды

Оқушылырдың кейбіреулері: Алған білімді өмірде қолдана алады. Жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы және төменгі жағын сақтап әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады.

Бағалау критерийлері:

І,і дыбысы мен әрпін таниды, оны дыбыспен сәкестендіре алады

Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім(не) туралы айтылғанын біледі.

Алған білімді өмірде қолдана алады. Жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы және төменгі жағын сақтап әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазуды біледі.

Ресурстар:

І әрпінің таңбасы. І әрпіне байланысты суреттер, ойынға қажетті материалдар

Тілдік мақсат:

Іс сөзінің мағынасын ұғындыру

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс:

Музыка,өзін-өзі тану.дүниетану

АКТ қолдану дағдылары:

Интертақта

Бастапқы білім:

І, і әрпін таниды, жаза алады.

Жоспар:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер:

Ресурстар:

Сабақ басы: 5 минут














Сабақ ортасы:25 минут

1.Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық.

3- топқа бөлу.

Түстер арқылы топқа бөлу: 1-топ-сары 2- топ-қызыл 3- топ-жасыл

Сұрақ-жауап» әдісі

Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбысты біз айтамыз,естиміз

Әріп дегеніміз не?

-Әріпті біз жазамыз,көреміз

-Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2-ге

-Дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыс

Дауысты дыбыстарды қандай дөңгелекшемен белгілейміз?

-Қызыл

-Дауыссыз дыбыстарды ше?

-Көк

1-топ

Сүт тағамынан алынатын өнім

(Ірімшік)

  • Балалар, кәне менің осы жұмбағымның жауабын кім айтады?

  • Ірімшік (Буынға бөліп айтқызу)

  • Дұрыс. Ал енді айтыңдаршы, бұл сөзде қай дыбыс бірінші естіледі?

  • Иә, і дыбысы. Олай болса бүгін ідыбысымен танысамыз (і дыбысын хормен үш рет айтқызу)

2- топ:

Оқушыға күнде еріп-

жүретін не?

(Күнделік)

  • Дұрыс айтасыңдар, жауабы – күнделік. Енді тағы бір жұмбақтың шешуін шешейік.

3- топ:

Көп-көп ине, көп ине

Үсті толған бәрі ине

Іс тікпейді әрине

(кірпі)

Дұрыс, олай болса біз бүгін І і дыбысымен танысайық

І і дыбысы дауысты дыбыс.

Балалар І і дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

Оқулықпен жұмыс.Тыңдалым »Менің отбасым» өлеңін оқу.

Сергіту сәті «Бір үйде біз нешеуміз?»


Топтық жұмыс

І топ тапсырмасы «Кім тапқыр?»
Cандыққа
«і» дыбысы бар суретті салу.

Дескриптор: і дыбысы бар сөздерді ажырата алды

ҚБ:» Бас бармақ»

ІІ топ тапсырмасы «Қай әріп жоғалып қалды?» Тиісті әріпті тап.

....н, т..с, т...л, к..лт, ..з,тем...р

Дескриптор:

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қоя білді

ҚБ: «Мадақтау»


ІІІ топ тапсырмасы.Күшік, түлкі сөздеріне дыбыстық талдау жасау

Криталды бағалауды дискриптор арқылы бағаладым.

Дескриптор:

  1. Сөздерге дыбыстық талдау жасай білді.

  2. І ідыбысының дауыссыз екеенін ажыратты.

Қалыптастырушы бағалау: «Шапалақтау»

Мақалды оқу.

Ақылды іс тындырады

Ақымақ тіс сындырады.

  1. топ. Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. топ І дыбысы бар сөзді табыңдар

  3. топ іс тіс сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Дескриптор:

1.Мақал мағынасын түсіне білді

2.Дыбыстық талдау жасай алды.

3.І дыбысы кездесетін сөздерді таба білді

Жазылым.


Дескриптор:

  1. Көркем жазуға машықтанады

  2. Баспа, жазба түрін анықтады

Р дыбысының бас және кіші әрпінің элементтерін мұқият игере отырып, оқушылар өз бетімен жазуға дағдыланады

ҚБ: Арқадан қағу


Сабақ соңы;10 минут

Сабақты қорытындылау.

- Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?

- і дыбысы қандай дыбыс?

- і дыбысы бар сөздерге мысал келтір?

- і дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Кері байланыс :

Жасыл - барлығы түсінікті

Сары – түсінген сияқтымын

Қызыл - түсінбеймін





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі