400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "І дыбысы мен əрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ бастауыш сыныптардың 1сыныбына арналған.Сабақ бағытында тиімді əдіс-тəсілдер ықпалдастырылып құрылған.І дыбысының айтылуы мен жазылуына мəн беріле отырып тіл жаттығуы 'жаңылпаштар кіріктірілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сауат ашу

Тақырыбы: Менің отбасым.І дыбысы мен әрпі.

Оқу мақсаттары: 1.1.8.1берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрып айту.1.1.9.1сөздегі дыбыс түрлерін ажырату және дұрыс дыбыстау.1.1.9.2дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.

Сабақ мақсаты: Барлығы:берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды,сөздегі дыбыс түрлерін ажыратады және дұрыс дыбыстайды.

Көбі: жетекші сұрақтар қою арқылы тақырыпты тыңдайды, түсінеді,оқиды,талқылайды.

Кейбірі:алған білімді өмірде қолдана алады.

Бағалау критерийлері: айтылған сөздер мен сөйлемдерді айырады. І дыбысы мен әрпін таниды.

Сөздік қор: ірімшік - сыр -cheeze

Құндылықтарды дамыту :оқушыларды бір- біріне құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: дүниетану,тіл дамыту.

АКТ қолдану дағдылары: аудиожазба ,таныстырылым.

Бастапқы білім:өткен сабақты пысықтау, «Қоржынға сал»ойыны.

Сабақ барысы: ширату кезеңі

Сыныбымыз тап-таза,

Бор да дайын тақтада.

Денемізді жинақтап,

Отырайық партаға.

-Ендеше біздің өтіп жатқан тарауымыз қалай аталады?

-Менің отбасым.

-Отбасымызда кімдер тұрады?

-Ата,әже,әке,ана,апа,аға,іні,сіңлі,қарындас.

-Олар қандай қызмет атқарады?

К.б. «От шашу»

Жұмбақ жасыру

Далада күн шыжып тұр,

Шыжып тұрғандықтан,

Сенеде сүт ашып тұр.

Сол сүттен әжем

Қандай тағам әзірлеп тұр?

(Ірімшік)

Ірімшік сөзін буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау , үш тілде айту.

- Өзімізден кейінгі бауырымызды кім деп айтамыз?

- Іні.

Іі дыбысы сөздің басында,ортасында, соңында естілуіне мән беру.

Оқулықпен жұмыс

  1. «Менің отбасым» өлеңін тыңдату.

- Өлең не туралы?

- Атасы кім болып жұмыс істейді? Әжесі ше? Әкесі ше?Анасы ше?

- Ол не үшін мектепке барады?

- Күнделікті үйде,мектепте немен айналысамыз?

2.Оқулықтағы берілген сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтастай оқу.Берілген мақалдың мағынасын ашу.

3.Қай сурет сызбаға сәйкес келеді? (кілт,піл,тіл,шіл)

Дыбыстық талдау жасату.Сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.

К.Б. «Басбармақ»

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс.

Іі әрпінің жазылуына назар аударайық (видио көрсету)

Ауада жазайық.

Тіл ұстарту

Іс іс іс піс қазаным піс

Із із із татумыз біз

Ір ір ір сыныпқа кір.

«Ойлан,жұптас,талқыла» әдісі арқылы тапсырма

1І дыбысы мен әрпі бар сөздерді айту.

2 І дыбысы қай жерде айтылады.

3 Ідыбысы бар сөздер мен сөйлем құра.

Бағалау «Басбармақ» арқылы


Сабақтың соңы Кері байланыс « Бағалау ағашы»

Алмаларды түстеріне қарай ағашқа ілу.

Қызыл алма ...мен бүгінгі сабақты түсіндім

Жасыл алма ....мен бүгін көп нәрсені түсіндім.Маған пайдалы болды.

Сары алма .... бүгінгі сабақта түсінбеген сұрақтарым көп,оқуым керек.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1029
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі