400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ ІХ-ХІІІ ғасыр басындағы ғылым және әдебиет 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

ІХ-ХІІІ ғасыр басындағы ғылым және әдебиет

Зерттеу сұрағы

Әлем өркениеті дамуына түрік мәдениеті қалай үлес қосты?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

6.2.3.2. Әл Фарабидің және басқа ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау;

6.2.2.4. Түркі кезеңі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылықтарын түсіндіру.

Ойлаудың деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану, талдау

Сабақтың мақсаты

  • Ұлы ғалымдардың өмір жолы мен еңбектерімен танысады

  • Түркі кезеңінде ғылымның дамуына қосқан үлестерін анықтап, айта алады.

Бағалау критерийі

- Ғылымның дамуына түркі ғалымдарының қосқан үлестерін атайды;

- М.Қашғари мен Ж.Баласағұни шығармаларын түркі халықтарынының мәденитетің түсіндіру үшін тарихи маңызын ашады

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология: Коперник, Галилей «Азаматтық саясат», «Құтты білік», «Түркі тілінің сөздігі», «Ақиқат сыйы», «Даналық кітабы»

Тыңдалым:

Оқушыларға ортақ видеоролик көрсетіледі.

Оқылым:

Тақырып бойынша берілген мәтінді оқиды және сол мәтінмен отырып танысып, топ ішінде талдау жасайды.

Жазылым:

Ұлы ғалымдардың ғылымға қосқан үлестерін тауып жазады.

Айтылым:

Ғұлама ғалымдардың еңбектін жазады, қоғамды сипаттауын атайды

Құндылықтарға баулу




Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы

Алдыңғы білім


Рухани мәдениет пен исламның таралуына талдау жасайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Оқушылармен амандасу.

Трениниг арқылы сыныпта психологиялық ахуал орнату.

Жымиған күлкі

Қол ұстасу

Қолымызды көтереміз

Сабаққа дайын болу

Оқушылардың көңіл күйін сабаққа аудару

Үй тапсырмасына шолу

Әр топтан 2 оқушыдан үй тапсырмасы бойынша қысқаша жауап береді..

«Тұлғаны таны » әдісімен оқушыларға сұрақтар беріледі. Қойылған сұрақтар арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттары хабарланады.

1 топ: Әл Фараби тобы

2 топ: Әбу Райхан Бируни

3 топ: Ж.Баласағұни тобы

4 топ: М.Қашғари тобы


Сабақтың ортасы

26 минут

  1. Мұғалімнің сөзі.

  2. Бейнеролик көрсетіледі.

Топтарға тақырыптық мәтін беріледі. Сол мәтінмен танысып, топ ішінде талдау жасайды.

1.Әл Фарабидің ғылымға қосқан үлесін берілген тапсырмаға жазады.

2. Әбу Райхан Бирунидің ғылымға қосқан үлесін берілген тапсырмаға жазады.

3. М.Қашғаридың ғылымға қосқан үлесін берілген тапсырмаға жазады.

4. Ж.Баласағұнидің ғылымға қосқан үлесін берілген тапсырмаға жазады.

Дескриптор

  • М.Қашғаридың ғылымға қосқан үлесін ашып көрсетеді.

  • Әбу Райхан Бирунидің ғылымға қосқан үлесін ашып көрсетеді.

  • Ж.Баласағұнидің ғылымға қосқан үлесін ашып көрсетеді.

  • Әл Фарабидің ғылымға қосқан үлесі туралы ашып көрсетеді.


ҚБ: оқушылар тақырыпты түсінгені туралы басбармақ әдісі арқылы өздерін бағалайды.


«Елші»әдісі арқылы көрші топқа барып өздеріне берілген деректер туралы ақпарат береді.

«Сиқырлы cандық » әдісі арқылы оқушыларға пысықтау сұрақтары қойылады.

1. ІХ-Х ғ. өмір сүрген данышпан, екінші ұстаз, Шығыстың атақты ғалымы?

2. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, Қарахан мем/нің кезінде даңқы

шыққан ақын?

3. Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында дүниеге келген ғұлама?

4. Коперник пен Галилейге дейін Жер Күнді айналатындығы туралы айтқан ғұлама?

5. «Құтадғу білік» еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін алған лауазым атағы?

6. «Қайрымды қала тұрғындары» еңбегінің авторы кім?


Дескриптор

  • ІХ-Х ғ. өмір сүрген данышпан ғалымды анықтау

  • Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, Қарахан мем/нің кезінде даңқы

  • шыққан ақынды анықтау

  • Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында дүниеге келген ғұламаны анықтау

  • Коперник пен Галилейге дейін Жер Күнді айналатындығы туралы айтқан ғұламаны анықтау

  • «Құтадғу білік» еңбегі үшін Ж.Баласұғниге берілген атақты анықтау

  • «Қайрымды қала тұрғындары» еңбегінің авторын анықтау


«Сәйкестендіру» тапсырмалары ғұламалардың ғылымның қандай саласын зерттегенін, ашқан жаңалығы мен ғылыми еңбегінің атауын және оның құндылығы туралы ақпарат жазады.

№

Ғұламалар

Еңбектердің атауы

1

Әбу Насыр әл Фараби

«Ғылымдардың жіктемесі туралы сөз», , Бақытқа жету туралы»

2

Махмұд Қашғари

«Түрік тілдерінің сөздері»

3

Жүсіп Баласағұни

«Құтты білік»

4

Бируни

«Масғуд кестелері»

5

Ахмет Иүгнеки

«Ақиқат сыйы»

Дескриптор

− Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегін атайды;

− Махмуд ашгаридің еңбегін атайды;

− Жүсіп Баласағұнидің еңбегін атайды;

− Бирунидің еңбегін атайды;

− Ахмет Иүгнекидің еңбегін атайды;


− Ортағасырлық ғалымдардың қоғамды сипаттауын атайды.


ҚБ: «Жарайсың», «өте жақсы» тағы басқа ынталандыру әдістерімен оқушыларды мадақтау.

«Семантикалық карта» әдісі арқылы оқушылар ғалымдардың өмір сүрген жылдарын дұрыс белгілеп шығулары қерек.


Дескриптор

− Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір сүрген жылдарын анықтау;

− Махмуд Қашғаридің өмір сүрген жылдарын анықтау;

− Жүсіп Баласағұнидің өмір сүрген жылдарын анықтау;

− Бирунидің өмір сүрген жылдарын анықтау;

− Ахмет Иүгнекидің өмір сүрген жылдарын анықтау;










«Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» 7 сынып оқулығы, 2018 ж, Алматы қ., «Атамұра» баспасы,



Сабақтың соңы

7 минут

Рефлексия: Сәттілік жеміс ағашы арқылы оқушылар түсінген тақырып бойынша стикерлермен белгілейді.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Топтық жұмыс жүзеге асырылады, үнемі диалог арқылы бағыттау жүргізіледі. Көп қолдауды қажет етеін оқушылар үшін жұптық жұмыстану жүргізіледі.

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды, сабақ барасында оқушылар өзіндік ой түйіп пікірін қалыптастырады.



  1. Берілген дискриторлар бойынша оқушылар жаңа білімді игеру барысында бірін бірі бағалап, деңгейлері үнемі сараланып отырады

  2. « Тұлғаны таны » әдісі арқылы сұрақтар қойылып , жаңа тақырыпты ашу процесі жүзеге асырылады.

  3. Топтарға ортақ мәтін беріліп, сол мәтінмен танысып, топ ішінде талдау жасалады.

  4. «Елші»әдісі

  5. «Сиқырлы сандық» әдісі

  6. « Сәйкестендіру» тапсырмалары

  7. «Семантикалық карта»

  8. Оқушылардың жұптық және жеке, топтық жұмыстарға қатысуын бақылаймын.

Қалыптастырушы бағалау:

  1. берілген дұрыс жауаптарына мадақтау, басбармақ әдісі арқылы өздері бағалайды.

  2. Оқушыларды мадақтау.


Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия


« Білім ағашы» бойынша өз-өздерін бағалау

-Қызыл алма- толық түсіндім;

-Сары алма- жартылай түсіндім;

Жасыл алма- түсінбедім ;





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
1373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі