Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Индикатор.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Пән

Химия


Мұғалім

Шайхиева Райхан Маликовна

Мектеп, сынып

Талдыапан ОЖББМ, 7-сынып

Сабақ тақырыбы

Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар



Сабақтың тақырыбы


Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар.

7 зертханалық тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық және сілтілік ортасын анықтау»

Оқу мақсаты

7.3.4.1 «қышқылдық» және «сабындылық» қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екенін білу;

7.3.4.2 химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу;

7.3.4.3 –рН шкаласы негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар білу керек:

  • қышқылдарға анықтама береді,қандай қасиеті барын анықтайды;

  • негіздерге анықтама береді, қандай қасиеті барын анықтайды;

  • индикатор туралы ақпарат алады.

Көптеген оқушылар білу керек:

  • индикатордың көмегімен қышқыл мен сілтіні ажырата алады.

Кейбір оқушылар білу керек:

  • ерітінділердің қышқылдық және сілтілік ортасын зерттеп, қорытындылайды.

Бағалау критерийі

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, яғни:

  • табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілерін біледі;

  • химиялық индикаторларды, олардың түсінің өзгеруін, рН мәндерін біле алады;

  • қышқыл және сілті ерітінділерін бір-бірінен индикатордың көмегімен ажыратуды үйренеді, зерттейді.

Тілдік мақсаттар

* мақала немесе диалог түріндегі қауіпсіздік ережелері жайлы қысқаша мазмұндама жазу.

Пәнге қатысты лексика мен терминология.CLIL-әдісін қолдану.

Индикаторлар – индикатор – indicator

Лакмус – лакмус – litmus

Фенолфталеин – фенолфталеин – phenolphthalein

Метилоранж – метилоранж – Methylorange

Ерітінді – раствор – solution

Бейтарап – нейтральный – neutral

Бейтараптау – нейтрализация - neutralization

Сілті – щелоч – alkali

Қышқыл – кислота – acid

Орта – среда – medium

Диалогке/жазылымға қажетті:

https://bilimland.kz/kk#lesson=11317

Әмбебап индикатор... алынады. Қышқылдардың рН мәні... және негіздердің мәні... Рн шкаласы...қолданылады. Зертханада қауіпсіздік өте маңызды, себебі… Қышқылдар теріні күйдіреді, себебі... Зертханада/тәжірибе жүргізу кезінде, біз… жасауымыз/жасамауымыз керек/керек емес.

Құндылықтар

Ортақ істің нәтижесіне жауапкершілік; жеке жұмыс – өмір бойы білім алу, өз бетімен жұмыс орындау кезінде адалдылық.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, дүниетану https://bilimland.kz/kk#

Алдыңғы білім

https://bilimland.kz/kk#lesson=13831 Табиғаттану→Табиғат элеметтері.

https://bilimland.kz/kk#lesson=13806 Денелер мен заттар→Сұйықтықтардың қасиеттері.


Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал туғызу.

3 минут. «Сенім шеңбері» нар тәуекел қадам жасай отырып, маған сенім артқан оқушылар шеңбердің ішіне 1 қадам жасауды сұраймын. Не себепті маған сенім артты, не себепті шеңберге кірген жоқ себептерін білетін боламын.

4 минут.Топқа бірігу. Оқушылардың алдына түссіз ерітінділер құйылған колбалар ұсынылады. Әр оқушының қолына әмбебап индикаторы беріліп, 1 сынауықты тексеріп көру ұсынылады. Индикатор түсіне сәйкес (қызыл, көк, түссіз, таңқурай түсіне қарай) төмендегі топтарға бірігеді. Тақырыпты ашуға екінші түрткі жасалады.

1-топ:«Лакмус».

2-топ: «Индикатор».

https://bilimland.kz/kk#lesson=18658 Қышқылдар мен сілтілер видеотоптамасын көрсету арқылы оқушылармен бірлесіп жаңа тақырып, сабақтың мақсаты, күтілетін нәтиже ашылады.

Әмбебап, метиоранж индикаторлары, ішіне 4 сынауыққа сірке қышқылының,

4 сынауыққа ас содасының ерітінділері,

https://bilimland.kz/kk#lesson=18658 Видееотоптама. Қышқылдар мен сілтілер.

Сабақтың ортасы

30 минут















Үй тапсырмасын сұрау. «Веер» әдісі арқылы 2 топ сұрақтар жасады, содан кейін бір-бірімен алмасып топпен жауап береді. Жаңа сабақ. «Кинометафора» әдісі арқылы видеотоптамалар көрсетемін. «Түртіп алу» әдісі арқылы маңызды деген жерлерін дәптерге жазып алуды ұсынамын. Оқушылардың оқылым дағдысын дамыту мақсатында оқулық мәтінімен жұмыс жасалады және мәтіндегі негізгі терминдерді CLIL-әдісі арқылы (терминдердің қазақша-ағылшынша атауларын) «Мидың суреті» әдісін қолданып, жаңа тақырыппен танысады.

7 зертханалық тәжірибе

https://bilimland.kz/kk#lesson=11140ximiya_estestvennaya_nauka

Бейне жазба көрсету арқылы қауіпсіздік ережесін есіне түсіреді

Ерітінділердің қышқылдық және сілтілік ортасын зерттеу

https://bilimland.kz/kk#lesson=11318 рН шкаласы 2-3 бет. рН шкаласының ашылуы, бейнежазбасын көру арқылу тыңдалым дағдысын қалыптастыру.


Сергіту. «Жұбыңды тап» ойыны. Табиғи қышқылдар мен сілтілердің формулаларын құрастырады.


Бейнежазбадан кейін тыңдалым дағдысын тексеру үшін тапсырма орындату


Зертханалық тәжірибе жасау. Әр оқушының алдына белгісіз, түссіз 3 стақандағы ерітінді беріледі. Әртүрлі индикатор қағаздары беріледі. Берілген заттардың қышқыл, сілті, суға индикаторларды әсер ету арқылы кестені толтыру арқылы жазылым дағдыларын дамытуға тапсырма беріледі.


Индекатор атауы

Индекатордың түсі


Бейтарап орта

Қышқыл орта

Сілтілік орта

Лакмус




Фенолфталуин




Метилоранж






Дескриптор

  1. Өздігінен жұмыс жасап,нәтижесін жазады.

  2. Табиғи қышқылдар мен сілтілерді ажыратады.

  3. Өзгерістерді кестеге толтырады.

  4. Жұмыстың қорытындысын жазады.

Алған білімді өмірмен байланыстыру. Жеке жұмыс: Лимон, кока-кола, су, ас содасының ерітіндісі. Ортасын анқтау керек.


https://bilimland.kz/kk#lesson=9269 Виртуалды зертхана рН шкаласы


Бекіту тапсырмалары. «Аквариум» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру арқылы балықтарға тіршілік сыйлаймыз.



Оқулық,

https://twig-bilim.kz/kz/film/acids-and-alkalis-part-1 Қышқылдар және сілтілер-1.

https://twig-bilim.kz/kz/film/acids-and-alkalis-part-2 Қышқылдар және сілтілер-2.

https://bilimland.kz/kk#lesson=9269 Виртуалды зертхана рН шкаласы

Сабақтың соңы

3 минут

Үй тапсырмасы.Төмендегі видеотоптамаларды көріп, бүгінгі сабақты байланыстырып, «Табиғи қышқылдар мен негіздер» тақырыбында ой-толғау жазу.

https://twig-bilim.kz/kz/film/acids-and-alkalis-part-1 Қышқылдар және сілтілер]. 1-бөлім.

https://twig-bilim.kz/kz/film/acids-and-alkalis-part-2 Қышқылдар және сілтілер: 2-бөлім.


3 минут. Рефлексия.«SMS» ұялы телефон арқылы «Не қызық? Не қиын? Не құнды» ойларын жазу.

Қалам, ұялы телефон.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
651
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12