400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Информатика пәні бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сейсенбаев Асқар Шәкенұлы

Сейсенбаев Асқар Шәкенұлы 1955 жылдың 28 сәуірінде Қараул ауылында туған. Семей қаласында қазақ орта мектебін , кейін медицина инстиутын бітірген. 1990 жылы(35 жасында) “медицина ғылымының докторы” болды. Қазақстан Ұлттық Медицина Университетінің терапия кафедрасын менгереді, профессор, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінде бас ревмотолог, сонымен бірге халықаралық “Медицина” журналының редакторы болып жемісті еңбек еткен. Талай ғылыми монографиялардың авторы. Көп шетелдерде(Англия,Франция,Германия,Швейцария,Турция) дәріс оқып, өз ғылыми тақырыбының тәжірибесін жеткізген.

Асқар Шәкенұлы әдебиет пен музыка саласында да белгілі болып. “Өмірге оралу” атты прозалық еңбегі өлеңдер жинағы мен “Дұғаның шуағы”(Роса молитвы) романының авторы. “Абай өлеңдерінде музыка жазу”, “Бекен Жамақаевтың музыкасына өлең шығару” және “Азия дауысы” конкрустарында жүлдегер атанған. Оның шығармалары орыс,ағылшын,француз тілдерінде жарық көрді. Асқар Шәкенұлының әндерін орындап жүрген белгілі әншілер: Медеу Арынбаев, Нағима Есқалиева, Бахтияр Тайлақбаев, Бауыржан Исаев, Ерлан Көкеевтер.



Айпара

Әні мен өлеңі: А.Ш.Сейсенбаев


  1. Көл жүзінде ай барады,

Шашыратпайды сәнін.

Түсірші еске Айпараның,

Шырқап салар бір әнін.

Қайырмасы:


А-хоу-оу... А-хоу-оу.

Ән қанатына қонсам екен-ай

Ғасырлар жыры, сыры мекен-ай


2. Кездім бағын айдаланың,

Саяладым, ер жеттім.

Сол әнімен Айпараның,

Танып жердің келбетін.


Қайырмасы:


3. Мұның менің қарасұңқар,

Аспанымда алтын күн.

Жер мен көктің арасында,

Сағынышым сол бір үн.



Сана сәулесі

Өлеңі: Ә.Момынов

Әні: А.Сейсенбаев

Қуады қараңғыны күн жарығы,

Жол ашар жақсылыққа сөз анығы.

Санаңа сәуле түссе, шуақ тарап,

Бойыңды қыздырады ой жалыны.


Жайқалған жапырағы ағаштың көк,

Табиғи, сұлу келер бояуы бек.

Жақсылық жасау парыз әр адамға,

Осыған қолдан келсе, күшіңді жек.


Көктемде шешек атқан сен қызыл гүл

Аңсаған сәнді гүлді мен бір бұлбұл.

Ойымды жүректегі айтып салдым,

Мұңымды шешпек болсаң, тек өзің біл.



Әкем

Әні мен өлеңі:А.Ш.Сейсенбаев


1.Ұйықтасам түсіме ылғи

Кіресің әкем өзің.

Көңілімді сол мезгілде

Алады мөлдір сезім.


Қайырмасы:

Зымырап жылдар өтті.

Ізіңмен ұлдар жетті.

Немерең отау тігіп,

Тарланың құлын ертті.


Шақырып қыр басына,

“Кел” дейсің тұр қасымда

Қолымды берейін десем,

Сен ғайып, шың басында.


Қайырмасы:


Есіме түсті бүгін

Қара ертіс жағасында

Қарлы ағаш қарағайдың

Жатырсың арасында.



Арнау

Сөзі мен әні: Хапан Байтуғандікі

Дәм тартып елден шалғай барды,

Армандарда өткендерді көрмей қалдық.

Сағынып туысқандарды келіп едік,

Бір көріп өздеріңді біз марқайдық


Айналдым қарақтарым

Қайырылмас қанаттарым

Әр қашан өрге жүзсін талаптарын


Туысқан аға-жеңге, келін барың

Құтмекен туып өскен ауылдарым

Тілейміз бақытты өмір өздеріңе

Аман жүр қайда жүрсең бауырларым.



Сағыныш сазы

Сөзі: Шәкен Хапслямовтікі

Әні: Хапан Байтуғандікі

1.Анашым сағындырдың-сағындырдың

Ақ жарқын келбетіңде сағым бүгін.

Түсімде сені көріп мәз боламын.

Сағыныш сазына сен табындырдың.

Қайырмасы:

Сағымсың бүгін

Сағынды ұлың

Сағыныш сазына сен табындырдың.


2.Анашым толқын соққан қайықтаймын

Аңсаймын қиялдаймын шарықтаймын

Есімде еміреніп аймалаушы ең

Сен бүгін шыңда өскен шынардайсың.

Қайырмасы:

3.Түсімде көргенімде ана өзіңді,

Жеткізу мүмкін емес сол сезімді.

Өтіп ең ұрпағына алаңдаумен,

Көрсетіп қайратыңмен төзімінді.

.



Қорқамын

Сөзі: Фариза Оңғарсынова

Әні: Хапан Байтуған

1.Қасірет көрген анадан қорқам,

Қапалық шегіп жасисың-ау деп.

Мейірімсіз туған баладан қорқам,

Орынның бар жаның ашитын-ау деп


2.Күңкілшіл кейбір туыстан қорқам,

Жақыныңды жамандайсың ау деп.

Шыңқылдап шыққан ұрыстан қорқам,

Жақыннан жақсы таппайсың-ау деп.


3.Жағымсыз кейбір шалдардан қорқам

Келініңді даттайсың-ау деп

Ақылсыз туған баладан қорқам,

Анаңды сөгіп аттайсың-ау деп.


4.Орынсыз кейбір селкілден қорқам

Өнерге терең бойламайсың-ау деп

Ғайбат сөз айтқан кемпірден қорқам

Қартайғаныңды ойламайсың-ау деп


5.Ұятсыз туған қыздардан қорқам

Өзіңді өзің қинайсың-ау деп

Сол қызға ерген ұлдардан қорқам

Ата-анаңды былғайсың-ау деп


6.Шайпау ауыз келіннен қорқам

Тілің тиіп кетесің ау деп

Көңілдегі сезімнен қорқам

Өксумен өмір өтесің-ау деп


Бәрінен бұрын өлімнен қорқам

Сүйкімсіз сондай өмірден қорқам.



Сен ғана

1.Жанымды тербеп наз үзің

Оятты көңіл көктемін

Күн сайын көріп өзіңді

Бақтағы гүлдей көктедім

Гүл сезім нәрі

Махббат әні-сен ғана!

2.Шаттыққа толып маңайым

Қуаныш құшып барайын

Көңілдің көркем шуағын

Өзіңе ғана балайын

Өзің деп бағым

Табысқан жаным-Сен ғана!

3.Сырымды ашып өзіңе

Серікқып келем өмірге

Берілген саған мәңгілік

Іңкәрім сенсің жанерке

Сертіңе берік

Өмірлік серік-Сен ғана.



Мейрамғали Исатайұлы

(1/v-1939-27/II-1994)ж

Мейрамғали Абай ауданының Қарауыл селосында туған. 1947-57ж абай орта мектебін бітірген.Мектеп қабырғасында жүрген кезенде Мейрамғали өлең,интермедия,скечтерді жергілікті газеттер бетінен жиі көрінетін.

1962 ж үйленген, жеті бала тәрбиелеп өсірген. Он екі немереге 6 шөбересі бар.

Балалары түгел институт бітіріп әр-түрлі мамандықтарда меңгерген жастар М.Исатаев 1966-67 жылдары Абай ауданында мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып жүріп көптеген , Республикалық фестивальдарды лауреаты атанған. Абай халық театрын құру көп үлес қосқан өнерпаз. Қайнар совхозына, Жданов совхозына режиссер болып,”Халық”

театрын құрған. Бүкіл одақтық, Республикалық конкурстардың лауреаты атанған.

1976 ж өмірінің соңына дейін Семейдің Калинин атындағы ет-консерві комбинатының мәдениет үйінде режиссер болып “Жастық” халық театрын құрып, 1986 ж Еңбек Қызылту орденімен марапатталған.

Жасынан ән жазуға құмар болған. 3-4 ән шығарып,әнге сөз жазған,өлеңдері жарық көрген. Өз тіршілігінде қазақтың “Наурыз” мейрамында, кейінгі 1989-1994ж үй тігіп, қазақша ою-өрнекпен жабдықтап, қазақтың ұлттық тағамдарын халыққа көрсетіп, бағасын алған. 10-12 шақты медальдармен 30-ға жуық мақтау грамоталары бар. Артына көп із қалдырған сегіз қырлы бір сырлы жан.



Әпеке

Сөзі: Ләззат

Әні:Хапан Байтуған

Туыс-ек қатар өскен аласынбай,

Ұялас ақ сұңқардың баласындай.

Әпеке кеттім шалғай қасыңыздан

Сағынған әнге құлақ саласыңба?

Қайырмасы:

Саған әнім арналар,

Әпекем-ау әпекем.

Бірге жүрген күндерім,

Қызық думан шат екен.

Сағынамын өзіңді.

Әпекем-ау әпекем.

Болам десем төзімді,

Ол қиялым жат екен.


2.Бәйгелі болмасамда сенерің мен,

Қатардан қалғаными жоқ жетегің мен.

Сен мені болашаққа талпындырдың,

Тартсада тарпаң тағдыр етегімнен.

Қайырмасы:

3.Сен маған қамқор едің анашымдай,

Артып ең маған үміт баласындай.

Адасқан балапандай салған әнім,

Жетсе екен қос құрлықтың арасына.



Құндыздының қыздары

Әні мен сөзі: М.Исатаевтікі

1.Ауылым әсем Құндызды,

Көгінде сенің күн жүзді.

Сағынып ыстық жүректі,

Тербейді сонда жыр бізді.


А.а.а.а.а.а.а.ай

Құндыздының қыздары,

Қырмызыдай құлпырған.

Сағыныштан сендерге,

Әдемі асқақ жыртуған.


2.Қыздары жалын жүректі,

Жігіті балуан білекті.

Тасқынды күйдің сазымен,

Даламды қайта түлетті.


Қайырмасы:


3.Міне осындай Құндызды,

Жайраңдап өскен ұл-қызы.

Қарттары қайта жасарып,

Аналар дархан нұр жүзді.



Бесік жыры

Сөзі: Имашқандікі

Әні: Хапан Байтуғандікі

Асыл жырым айданам

Арнап айтар өзіңе

Таусылмастай ән-күйім

Ұйқы бермес көзіме


Құлыншағым күн бөпем

Көзім нұры гүл бөпем

Тәй-тәй болып жүр бөпем

Ел қадірін біл бөпем


Қалғымайын сен үшін

Орындалса тілегім

Ер жетсе деп ел үшін

Елжірейді жүрегім.


Ата-ананың шырағы

Күндіз-түні сөнбейтін

Жігіт боп өс қырағы

Қиянатқа көнбейтін.


Өс тезірек балғыным

Таң арайлы күн шуақ

Ұйықта бөбек ал тыныш

Маза беріп бір уақ.



Төрттағандар

Өлеңі: Ә.Момынов

Әні: А.Сейсенбаев

1.Басайын жорға ойдың желісінде

Шығайын өткір сөздің өрісіне

Оқушым баға берер төрттағанды

Ойымның оңы менен терісіне


Жақсыдан кейінгіге мұра қалар

Жас ұрпақ өз керегін таңдап алар

Артыңда жарқыраған ізің қалса,

Қуалап сол жылғаны бұлақ ағар.


2.Туған жер жанға жақын, көзге ыстық

Сол жерден бәріміз де түлеп ұштық

Өмірдің тарам-тарам жолдарымен

Арманның жетегіне біз де түстік


Данасының-надан жанның көзін ашсаң

Маңына жақсылықпен нұрын шашсаң

Қорғай жүр көлеңкемен зәру жанды

Өмірде бағың жанып, алшаң бассаң.


3.Ерінбей еңбек етсең егерде сен

Шығатын тауың биік, өрісің кең

Байқасаң бақыт деген өз қолыңда

Жолдағы қиындықтың бәрін де жең.


Құлпырар жердің бетін еккен егін.

Көңілің шаттанады көріп көгін

Бақыттың кілті еңбекте,соны түсін,

Рахатқа жетпек емес адам тегін.



Махаббатым

Әні мен сөзі: Мұратқали Исатайұлы

1.Ән боп тербеп ояттық от жүректі

Махаббаты сезімсің құдіретті

Аққу арман қолыма келіп қондың

Бір өзіңе тапсырдым биле еркімді


Қайырмасы:

А.......

Жер жүзіне,жан сырымды жасырман

Жүректегі арманым

Өзің ғана жан жарым.


2.Сүйдім еркем мен неге жасырайын

Сүйдім сертім кеудене гүл қадайын

Күнкілдесін күншілдер,дос үлгі алсын

Өзіңе арнап ән салмай отырмаймын.


Қайырмасы:


3.Аңсайтынмын мен гүлін махаббттың

Ризамын өмірге іздеп таптым

Жүрсем жолдас, сүйсем жар, сенісер дос

Сен екенсің мәңгілік махббатым.

Қайырмасы:

Теңіз ойдың тереңінен

Сыр ұққам

Жүректегі арманым

Өзің ғана жан-жарым.



Бригада маршы

Сөзі: Құрманбеков Манардікі

Әні: Жанболатов Молдабековтікі

Кең дала, еркін өстік күн көзінде,

Тартпайды еңбек даңқы кімді өзіне.

Толқынды қызыл туды көтере ұстап,

Шығайық бақытты өмір күмбезіне.


Қайырмасы:

Өмірден білім нұрын жидық бойға,

Әрқашан салмаймыз дақ абыройға.


2.Қырандай құзда түлеп,қырда ұшқан,

Мектептің біз жастары бақыт құшқан.

Шыңдалған шын болаттай өндірісте,

Өсеміз елмен бірге шыңға шыққан.


Қайырмасы:

3.Мол өнім ел байлығы,ер айбаты,

Сенде екен қызықты өмір махаббаты.

Дабыл қақ, бригада әніне бас,

Еңбекпен алынады жеңіс аты.



Қайнарым

Сөзі мен әні: Мейрамғали Исатаевтікі

1.Қайнарымның түні қандай тұп-тұнық,

Тұрғандай-ақ талай сырды ұқтырып.

Асыл арман табыстырған жүректі,

Жан сезімнің мөлдіріндей тұп-тұнық.

Қайырмасы:

Қызғалдақ гүліңді,

Төсіңде жинадым.

Ақ пейіл халқыма,

Әнімді силадым.


2.Қайнарымның ұл-қыздары жайдары,

Сырға толы,жырға толы сайлары.

Табиғаты көз тұндырар көрікті,

Таң алдында, бұлбұл құстар сайрады.

Қайырмасы:

3. Қайнарымның күні қандай шуақты,

Адамдары құрыш-білек қуатты.

Жарқын жүзді,еңбек сүйгіш жандарға,

Булкан болып, жүрегімнен жыр атты.

Алғашқы махаббат:

Сөзі мен әні: М. Исатаевтікі

1.Өзінсің ең алғашқы махаббатым,

Өзіңсің арман еткен асыл затым.

Жамылып жапырағын дала,қырдың,

Өзіңе арнап жаздым жүрек хатын.

Қайырмасы:

Көзіңнен түсіндім,

Махаббат сәулесін.

Арманым, жан-жарым,

Өзіңсің сәулешім.


2.Алғашқы махаббатым ыстық неткен,

Жайдары жаз күнімдей көңіл көктем.

Өпкенде алғаш рет бал ерніңнен,

Ұялып ай пердесін жапты көштен.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
352
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі