жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ интеграция 4-сынып дүниетану
«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған Дүниетану
сабағының жоспары
Мектеп «Қ.Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі, МДШО»КММ
Мерзімі Мұғалім Оспанова .Г.М Сынып 4 Оқушы саны10Тақырыбы Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі ҚұндылықҚиянат жасамау Қасиеттер жер бетіне зиян келтірмеу,қоршаған ортаға қамқорлық жасау,мейірімді болу
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға «Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі» туралы түсінідіре отырып қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: 1. Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі туралы түсінік бере отырып жер бетіне зиян келтірмеуге бағыттау. 2. Қоршаған ортаға қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту. 3. Жерді қадірлеуге, мейірімді болуға тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, көздері) Оқулық, күнделік, үнтаспа, дәптер, қалам.
|
Сабақтың барысы: Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану) Өзіңнің
сүйікті оқушыларыңды көріп бүгінгі
сабақта қауышқаныма өте қуаныштымын. Оқушылармен сәлемдесу, көңіл –күйін сұрау. Жағымды жағдай туғызу .Орманға ойша серуен. -« Рахмет! Ал балалар кім не сезінді , ойларыңды ортаға салайық» . 5Т (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық,) : Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар! Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар! Жақсы адамдар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар! Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар.
|
Ескерту
«Орманға ойша серуен». Мұғалімге арналған әдістемелік құрал
Үнтаспа |
Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау) - Адам жер бетін қалай өзгертеді деп ойлайсыңдар? Жерді қандай жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстыра қарастыруымызға болады? Білім алушылар Қиянат жасамауға байланыстыруға болады. -Дұрыс, себебі Жер жалғыз. Оқулық бойынша түсіндіру.
Сонымен бірге ертеде атақты адамдар жерленген моланың үстіне де үйілетін болған. Есік обасын айтуға болады.Обаның үстін көп уақыт өткендіктен өсімдік басып,табиғи төбе сияқты болып кеткен. «Террикондар» -- шахтадан кен қабатына жеткенге дейінгі шыққан бос жыныстардың үйінділері. Қарағанды шахталарының төңірегінде мұндай террикондар көп. Террикондар түтіндеп маңайдағы ауаны ластайды.Қазір өркениетті елдерде бұл көрініске өзгеріс ене бастады. Бірқатар террикондар мүлде жойылды.Көмірі таусылған ескі шахталардың орнын бос тау жыныстарымен толтырады.Бірқатары тегістеліп,террасарларға айналдырылады. Қорша-ған ортаға қамқорлық жасау арқылы ол жерге құнарлы топырақ төгіліп,ағаш,бұта,шөп егіледі.Террикондардың біразы шахтер ауылына көрік беретін жасыл желекке айналды. Ашық карьерлерден өндірілген пайдалы қазбалар орнында орасан зор шұңқырлар қалады. Беткі қабатын ашқандағы тау жыныстары төңірегінде тау-тау болып үйіледі. Ондай шағын таулар Қостанай облысындағы Арқалық боксит,Соколов –Сарыбай темір кені ,Қарағанды облысындағы Қоңырат мыс кені орнында кездеседі. Балалар жер бізге қаншалықты қажет болса, сол сияқты адамдардың жылы сөздері, бір – біріне қамқорлығы, мейірімділігі қажет. Ал егер біз бір - бірімізге қиянат жасап, жер бетіне зиян келтірсек, мейірімсіз болсақ адамгершілігіміз жойылады. Яғни бұдан шығатын қорытынды: Бүкіл адамзат жерге мейірімділікпен қарап, қиянат жасамасақ жақсы адамдардың іс – әрекетін жасасақ онда біз жердің гүлденуіне үлес қоса аламыз.
Мұнай мен газ өндіргенде жер беті қандай өзгеріске ұшырайтынын ешкім ойлаған емес.20 ғасырдың орта тұсында ғана алғашқы қауіп дабылдары түсті. 1939жылы АҚШ-тың мұнайды көп өндіретін Калифорния аймағында жердің айтарлықтай қозғалғаны сезілген. Мұнай мен газ өндірген жер қойнауында қалған орасан зор қуысқа жер беті шөге бастағанысебеп болғаны анықталған. 60-жылдары жер беті кей жерде 8 м дейін шөккен.Нәтижесінде қалалар көп зиян шекті. Жер бетінің шөгуі тездеп,жылына 80см. жеткен.Ғалымдар бұл залалдан құтылу жолын жедел іздестірді. Ақыры бос орынға су айдап толтыруды шешті. Тәжірибе бірден оң нәтиже берді.Жер бетінің шөгуі бірден тоқтады. Ендігі жерде газ бен мұнай өндірілетін аймақтарда жер қойнауында міндетті түрде су жіберілетін болды. Үй тапсырмасы 37,38,39- беттерді оқу, мазмұны.Террикон, оба сөздерінің түсініктемесін жазу. Сабақтың қорытынды сәті
Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен мейірімділікпен жақсы нәрселерге үйлесе отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар. Сабақ аяқталды. Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде. |
Оқулық, дәптер, қалам, суреттер
Күнделік |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген