жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ (Интеграциялық ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті)
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Қарағанды облысы Жанаарка ауданы КМҚК «Балдырған»бөбекжайы
Тәрбиеші:Ибрагимова С.Н
Білім беру саласы: «Қатынас ,Таным, Әлеуметтік сала»
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрі: Тілдамыту, Құрастыру,Қоршаған орта ҚМҰҚ, (Интеграциялық ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті)
Тақырыбы: «Аюдың отбасы»
Мақсаты:
Білімділік міндеті: Тәрбиешінің ұйымдастыруы бойынша берілген тапсырмаларды ізденіп, өз беттерімен шешуге жағдай туғызу.
Дамытушылық міндеті: Балалардың дүниетанымын есту, көру арқылы кеңейте түсіріп,ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: табиғатты тану, оған жаңашырлық таныту - әдептіліктің бір көрінісі екеніне көз жеткізу.Қоршаған ортаға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: Сахналау,саяхат,сұрақ –жауап.
Сөзді
жұмыс: Ақ аю,қоңыр
аю,апан.
Көрнекі
құралдар:Аюдың суреттері,целофаннан
тігілген аю апаны,өзен жолы,маскалар,Ақ аю ойыншығы.пішіндер
кесіндісі
Билингвалды компоненті:Аю-медведь,ақ аю-белый медведь,қонжық- медвежонок
|
|
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы мұнда көп қонақтар отыр екен,кәне барлықтарымыз қонақтармен амандасайықшы. Қуан шаттан алақай! Қуанатын күн келді! Күліп шықты күн бүгін! Армысыздар Апайлар! Ал енді балалар бір біріміздің қолымыздан ұстап алақанымыздың жылуы арқылы бір бірімізге жылу сыйлайық. Кел балалар күлейік Күлкіменен түлейік Қабақ түйген не керек Көңілді болып жүрейік. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Бүгін ауа райы қандай? Аспаннан нелер жауады? Ой балалар тыңдаңдаршы бірдеңенің дауысы шығатын сияқты.(Қонжықтың ырылдаған дауысы естіледі) Бұл не болды екен? Балалар қане жан жағымызға қарайықшы ,ол қай жерден шығып тұр екен? |
Балалар залға келіп кіреді Залдағы қонақтармен амандасады: Қуан шаттан алақай! Қуанатын күн келді! Күліп шықты күн бүгін! Армысыздар Апайлар! Балалар қимылмен шаттық шеңбер жасайды. Кел балалар күлейік Күлкіменен түлейік Қабақ түйген не керек Көңілді болып жүрейік Қазір қыс мезгілі Ауа райы салқын Аспаннан қар жауады. Бұл аюдың дауысы Дыбыстың қайдан шығып тұрғаннын айтады. |
|
Ұйымдастыру- іздестіру |
Балалар қараңдар мен мына жерден бір қорап тауып алдым дыбыс осы қораптың ішінен шығып тұр. Ашып көремізбе? Мына қараңдар қорапта ақ аюдың қонжығы тығылып қалыпты . Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе қонжық?Сен мұнда не істеп жүрсің? Қонжық:Мен досым қоңыр қонжыққа қонаққа баражатыр едім ,адасып қалдым.Ал енді әріқарайғы жолда жалғыз жүруге қорқамын ! Балалар қонжыққа көмектесемізбе? Тәрбиеші:Балалар ақ қонжықты қараңдаршы жүні сондай жұмсақ,оның басы бар,мойны,кеудесі,құйрығы және екі алдыңғы, екі артқы аяқтары бар.Басында кішкентай құлағы ,көзі,тұмсығыбар.Ал жүнінің түсі ақ.Мен мамық аюмын дейді. Балалар ендеше ақ аюдың қонжығымен жолға шығайық. Балалар қараңдаршы алдымызда екі жол тұр біреуі қысқа және тар ,ал екіншісі ұзын бірақта кең. Қай жолмен жүрсек екен? Ой балалар алдымызда сылдырап бұлақ ағыпжатыр,бұл жолдан біз қалай өтсек екен? (Ағып жатқан бұлақтың музыкасы қосылады) Балалар мүмкін мына тастарды жолға салып өткел жасап өтіп кетерміз! Тәрбиеші:балалар су қатты сылдырап ағып жатыр екен байқаңдар абайлап өтеміз. Балалар қараңдаршы алдымызда пішіндер шашылып жатыр кәне жолымызды жинап кетемізбе?ендеше балалар шаршының жәшігі көк екен,ал шеңбердің жәшігі қызыл екен кәне әр пішінді өз жәшігіне салып кетейік . (Тапсырманы орындайды) Тәрбиеші:Балалар алдымызда аюдың апаныда көрінген сияқты. Балалар апанннан біреудің дауысы шығып тұрған сияқты. Балалар апаның аузында құлып тұрғой енді не істесек екен? Кәне қарап көрейік мүмкін бұл құлыптың кілті мына жәшіктің ішінде шығар. |
Балалар таңқалып ия деп жауап береді. Иә көмектесеміз. Балалар ұзын ,кең жолды таңдайды. Балалар тастарды жолға төсейді де өткел жасайды Балалар өткелден өтеді. Балалар көк жәшікке шаршыны ,ал қызыл жәшікке шеңберді салып кетеді. |
|
|
Ал ендеше қандай түсті кілтпен ашамыз деп ойлайсыңдар? Ал балалар мен апанға сыймаймынғой кәне кім маған апанға кіріп онда не бар екенін қарап келеді. Тәрбиеші:Сәлем қонжық сенің анаң мен әкең қайда? Қонжық:Олар орманға бал әкелуге кетті. Тәрбиеші балалар сендер білесіңдерме Аюлар бал жегенді ұнатады кәне кім айтады тағы не жиді аюлар? Қонжық:Мен әкеммен анамды сағындым . Тәрбиеші: Балалар біз қонжыққа сыйлық алмаппызғой . Бірақ менде мынадай керемет зат бар кәне осы затпен сыйлық жасап берейікші. Қазір біздің балалар саған әртүрлі ойыншықтар ,кәмпиттер жасап береді. (Васкабович квадраты арқылы балалар жұмыс жасайды) Балалар сыйлықты қонжыққа сыйлайды. (Осы кезде екі аю келеді,аюлардың дауысы естіледі) Аюлар:Сәлеметсіңдерме балалар! Тәрбиеші:Сәлеметсіздерме біз сіздердің қонжықтарыңыздың досы ақ қонжыққа көмектесіп келеміз.Қонжық сіздерге қонаққа келетінін айтты. Аюлар:Балалар біз қыста ұйықтаймыз ал көктемде оянамыз.Сендер біз ұйқыға кетпей тұрғанда тура келдіңдер Тәрбиеші:Құрметті аюлар біздің балалар сіздер туралы көп нәрсе біледі. Балалар аюлар қайда өмір сүреді? Ал қыста аюлар не істейді екен? Ал үлкен аю қалай дыбыстайды? Ал қонжығы қалай дыбыстайды? Біз көп жол жүріп шаршап қалдық аюлар сіздермен сергіту жаттығуын жасасақ болама? Сергіту жаттығуы: (балалардың бастарына маска кигізіледі) Қорбаңдаған аюдың Құлпынайы көп екен Теріп теріп алайық Қалтамызға салайық |
Қызыл Балалардың жауаптары. Бір бала кіріп апаның ішінен кішкентай қонжықты алып шығады. Аюлар бал жеиді, ет жейді, құлпынай , өзеннен балық аулап жеиді. Васкабович квадраты арқылы балалар жұмыс жасайды Орманда Ұйықтайды ЫР-ЫР-ЫРРР (Қатты дыбыс шығарады) Ыр-ыр-ыр (дыбысын жай шығарады) Қорбаңдаған аюдың Құлпынайы көп екен Теріп теріп алайық Қалтамызға салайық Балалар қыймылмен көрсетеді |
|
Ұйымдастырылған оқу іс -ірекеті |
Аю:Балалар менде сендерге арнап өз отбасымның суретін даярлап қойып едім,бірақол жыртылып қалған сендер сол суреттерді құрап бізге көмектесесіңдерме? Тәрбиеші:әрине біздің балалар сіздерге көмектеседі. Кәне балалар орнымызға барып отырайық ,аюларға отбасының суреттерін құрастыруға көмектесейік. (Музыка ойнап тұрады балалар құрастырады) Аюдың отбасының суретін құрастыру. Балалар суретте не бейнеленген ? Қандай аюдың отбасы? Олар көңілдіме әлде көңілсізбе? Қостілділік компаннент: Аю-медведь,ақ аю-белыймедведь,қонжық медвежонок (Аюдың дауысы естіледі) Тәрбиеші:Балалар ненің дауысы шығып тұр Ақ аю:Сәлеметсіңдерме балалар! Мен ақ қонжығымды іздеп жүрмін сендер оны көрмедіңдерме? Ақ қонжық:Анашым мен мұндамын! Тәрбиеші:Әрине көрдік міне сіздің қонжығыңыз біз ақ қонжыққа ормандағы досына баруға көмектестік. Ақ аю:Достым қоныр аю сәлеметсіңбе? Тәрбиеші: Ой күн суытайын деп тұрғой деймін желдің дауысы шығып кеттіғой.(Желдің дауысы естіледі) Аюлар: ал достар біз енді апанымызға кіріп ұйықтаймыз сендермен қоштасайық сау болыңдар!Сау бол ақ аю!(Аюлар апанына кіріп кетеді) Ақ аю :Балалар менде суық жағыма кетеиін сау болыңдар! (Ақ аю қонжығын алып кетеді) Тәрбиеші :Сау бол ақ аю енді қонжығыңа қарап жүр! Сонымен балалар біз бүгін кімдерге көмектестік? Жолдағы өзеннен өту үшін не төсеп өттік? Қоянға қалай көмектестік? Аюлар қайда тұрады екен? Аюлар немен қоректенеді екен? Біз оларға қандай суреттерін құрастырып бердік? |
Балалар ия көмектесеміз Балалар кезекпен шығып мальбертке суреттерді құрастырады. Балалардың жауаптары Аюдың дауысы Аюлар апанына кіріп кетеді Сау бол ақ аю! Ақ аюдың баласына Тастар төседік Шаршымен шеңберді жинап бердік Балмен ,етпен ,балықпен Отбасының суретін құрастырдық |
|
Рефлексивті-түзетуш ілік
|
Кәне ендеше ортаға тұрып бір біріміздің қолымыздан ұстайықшы. Жарқын жарқын үніміз! Болашақтың күніміз! Балалық шақ үйіміз Біз бүлдіршін гүліміз! Ал енді балалар аюлар апанына кіріп ұйқыға кетсе біз өз тобымызға барайық! Қонақтарға сау болыңыздар! –деп айтайықшы. |
Жарқын жарқын үніміз! Болашақтың күніміз! Балалық шақ үйіміз Біз бүлдіршін гүліміз! Балалар Сау болыңыздар ! -деп топқа кетеді |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ақ аю және қоңыр аю болатынын біледі.Аюдың баласы қонжық екенін біледі олардың немен қоректенетінін біледі.шаршымен пішінді айыра алады суретке қарап әңгіме құрастыра біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Әрбір кедергіден жеңіп ,шешімін тауып өту керектігін игерген
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген