Ашық сабақ "Интернетке тәуелділіктің проблемаларын талқылау" 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Интернетке тәуелділіктің проблемаларын талқылау" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінен 6 сыныпқа арналған ашық сабақ. АРМАН-ПВ баспасымен жазылған. Жасанды интеллектпен жасалған бейнеролик қолданған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспары

Мектеп


Бөлім

Компьютерлік жүйелер және желілер

Педагогтың аты-жөні

Ажибекова Ж

Күні


Сынып 6

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Қоғамдағы интернетке тәуелділіктің проблемаларын талқылау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


6.4.2.1 интернетке тәуелділіктің проблемаларын талқылау

Сабақтың мақсаты

«Интернетке тәуелділік» ұғымын білу.

Интернетке тәуелділіктің түрлерін ажырата білу.

Интернетке тәуелділіктің салдарына сипаттама беру.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Сергіту сәті.

4.Жаңа тақырыпқа шолу.

5. Жаңа тақырыпты ашу үшін ертегі бейнеролик

Бүгінде балалар көп уақытын компьютерде, планшетте немесе телефон арқылы әлеуметтік желілерде өткізеді.Интернет- технологиялық прогресстің үлкен жетістігі ретінде адам үшін көптеген пайдалы қызметтерді атқарады. Әйтсе де оның өзіндік зиянды жақтары бар. Солардың арасында ең негізгілерінің бірі- адмдардың интернетке тәуелді болуы.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Жаттығуды орындайды

5. Жаңа тақырыпты ашу үшін ертегі бейнеролик


«Пультпен бағалау» әдісі


Оқулық

Бейнеролик

https://lumen5.com/user/zhansayaazhibekova/the-magic-mirrors-l-kfph2/




Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Интернетке тәуелділік» ұғымы адамның өзін-өзі басқаруының төмендеуінің арқасында қалыптасқын өмір сүру қағидаларын бұзуға әкелетін мінез-құлықтың ерекшелігін білдіреді.


Көрсетілім.Презентация.


Топтық жұмыс. 1-тапсырма.

Интернетке тәуелді болмау үшін не істеу керек?

Оқулық. § 2 11-бет «Интернетке тәуелділік проблемаларын талқылау»



Дескриптор:

-профилактика әрекеттерді талқылайды.


ҚБ: «Басбармақ» әдісі / 1 балл/

Жұптық жұмыс. 2-тапсырма:

Интернетке тәуелді адамдардың виртуалды қарым-қатынасының екі белгісін таңдаңыз.

1) әр түрлі компьютерлік ойындармен шұғылдану;

2) осы салада жеткілікті білімі жоқ адамдармен компьютерлік тақырыпты талқылау;

3) көп мөлшерде электрондық хат алмасу, сайттарға тұрақты қатысу;

4) веб-сайттарға қандай да бір мақсатсыз шолу жасау.


Дескриптор:

- Интернетке тәуелді адамдардың виртуалды қарым-қатынасының екі белгісін көрсетеді.


ҚБ: смайлик /2 балл/


(Ө) 3-тапсырма.

Интернетке тәуелділіктің үш қолайлы сипаттамаларын белгіле:

Адамның интернет желісінде көп уақытын өткізуі

Басқа адамға сенуге ұмтылысы

Адамның интернет желісін қолдануға тәуелділігі

Адамның интернет желісінен уақытында шығып кете алмауы


Дескриптор:

-Интернетке тәуелдіктің бірінші қолайлы сипаттамасын белгілейді;

-Интернетке тәуелдіктің екінші қолайлы сипаттамасын белгілейді;

-Интернетке тәуелдіктің үшінші қолайлы сипаттамасын белгілейді;


ҚБ: смайлик /3 балл/


(Ө) 4-тапсырма.Сәйкестендір:


Веб-серфинг тәуелділігі


Үлкен көлемде хат жазысу, желідегі достар мен таныстардың көптігі

Виртуалдық қарым-қатынасқа тәуелділік

Интернет -дүкендерде қажетсіз заттарды сатып алу

Ойын тәуелділігі

Желі бойынша шексіз саяхат жасау,ақпаратты іздеу

Интернет арқылы сатып алу қажеттілігіне тәуелділік

Желідегі компьютерлік ойындарға қызығу


Дескриптор:

-интернетке тәуелділіктің түрлерін сәйкестендіреді.

ҚБ: смайлик /4балл/

Дәптерге «Интернетке тәуелділік» анықтамасын жазады



Интернетке тәуелді болмау үшін не істеу керек?» анықтамасымен танысады








Топта оқушылармен талқылайды -оймен бөліседі



















Дәптерге орындайды




















Дәптерге орындайды










Оқушы өзінің алған балл сандарын жазып отырады


















« Пультпен бағалау» әдісі

1 балл

















2 балл








Смайлик

3 балл










Смайлик

4 балл













Оқулық







Презентация








Оқулық








Карточка


















Карточка



















карточка

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

Рефлексия «Қысқа дайындық»

Жасыл банка «түсіндім»

Сары банка «сұрағым бар»

Қызыл банка «түсінбедім»


Өзін-өзі бағалау.


DrawObject1

Үй тапсырмасы

§ 2, 14-бет «Үй тапсырмасы»



























Презентацияға арналған:

Интернетке тәуелділік- пайдаланушының желіден дер кезінде, өз еркімен шығып кете алмауы және оғын қайта кіруге бүкіл ынтасының ауып тұруы сияқты психикалық ауытқуы.

Интернетке тәуелділіктің себептері:

  • Шын өмірде адамдармен тіл табыспауы;

  • Компьютерден басқа нәрселерге қызуғышылықтарының болмауы;

  • Өзін-өзі таныта алмау;

  • Қоршаған ортаға көңілі толмау.


Интернетке тәуелділіктің түрлері:

  • Веб-серфинг - әртүрлі сайттардың беттерін парақтау, ешқандай мақсатсыз және мағынасыз ақпаратты ретсіз іздеу.

  • Виртуалды қарым-қатынасқа тәуелділік - үлкен көлемде хат алмасу, чаттарға, веб-форумдарға үнемі қатысу, интернеттегі таныстар мен достардың көп болуы.

  • Ойынға тәуелділік - бұл қолданушының желідегі компьютерлік ойындарға деген құмарлығы, ойындағы виртуалды әлеміне толық батуы, өз эмоцияларын бақылауға қабілетсіздігі, өте қатты алаңдаушылық танытуы, қиял әлеміне ену бейімділігі.

  • Интернет арқылы сатып алу қажеттілігіне тәуелділік - Интернет-дүкендердегі қажетсіз заттарды сатып алу.


Интернетке тәуелділіктің физиологиялық белгілері:

  • Туннельдік синдром;

  • Көздегі құрғақшылық;

  • Бас аурулары;

  • Арқаның ауырсынуы;

  • Уақытында тамақтанбау;

  • Жеке гигиенаны елемеу;

  • Ұйқы режимін бұзу.


Интернетке тәуелділіктің психологиялық белгілері:

  • Жақсы көңіл-күй немесе компьютердегі эйфория;

  • Интернетте отырғанда өзін-өзі тоқтата алмауы;

  • Компьютермен өткізілетін уақыттың арттуы;

  • Отбасы мен достарды елемеу;

  • Интернетті пайдалануды тоқтатқан кезде алаңдаушылық тудыратын белгілердің пайда болуы;

  • Әлеуметтік желілерде парақтарды үнемі жаңарту, электрондық поштаны жиі тексеру;

  • Уақытты бақылай алмау мәселелері.


Интернетке тәуелділіктің салдары:

  • Желіде ұзақ уақыт жұмыс істеу уақыттың жоғалуына себепші болады;

  • Компьютерлер мен планшеттерді шексіз пайдалану күн тәртібін бұзады;

  • Виртуалды әлемде ұзақ уақыт болу нақты әлемде өмір сүру дағдыларының болмауына әкеледі;

  • Эмоциялық тұрақсыздықтың пайда болуы, көңіл-күйдің өзгеруі желіге қол жеткізу болмаған кезде адамның мазасыздануына әкеледі;

  • Түзу отырмау дене қалпының бұзылуына әкеледі;

  • Көзге түсетін үлкен жүктеме көздің шаршауына және "компьютерлік көру синдромының" дамуына әкеледі.





Жауаптары


2-тапсырма:

Интернетке тәуелді адамдардың виртуалды қарым-қатынасының екі белгісін таңдаңыз.

1) әр түрлі компьютерлік ойындармен шұғылдану;

2) осы салада жеткілікті білімі жоқ адамдармен компьютерлік тақырыпты талқылау;

3) көп мөлшерде электрондық хат алмасу, саттарға тұрақты қатысу;

4) веб-сайттарға қандай да бір мақсатсыз шолу жасау.



Интернетке тәуелділіктің үш қолайлы сипаттамаларын

белгіле:

Адамның интернет желісінде көп уақытын өткізуі

Басқа адамға сенуге ұмтылысы

Адамның интернет желісін қолдануға тәуелділігі

Адамның интернет желісінен уақытында шығып кете алмауы



Сәйкестендір:

Веб-серфинг тәуелділігі

DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2

Үлкен көлемде хат жазысу, желідегі достар мен таныстардың көптігі

Виртуалдық қарым-қатынасқа тәуелділік

Интернет -дүкендерде қажетсіз заттарды сатып алу

Ойын тәуелділігі

Желі бойынша шексіз саяхат жасау,ақпаратты іздеу

Интернет арқылы сатып алу қажеттілігіне тәуелділік

Желідегі компьютерлік ойындарға қызығу















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.00.2024
441
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі