жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Интернетте іздестіру жүйелері"
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «№3 Байзақ колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
«БЕКІТЕМІН»
Директордың
ОӨЖ орынбасары
______ М.М.Джетібаев
Өндірістік оқыту сабақтың
ЖОСПАРЫ
5 желтоқсан 2019 жылы
Мамандық, біліктілік атауы коды: 130 4000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
Біліктілігі: 130408 2 «Сандық аппараттарды қайта өңдеу маманы»
Оқу курсы: 2 . Топ номері: ЕТ-18
Сабақ тақырыбы: Интернетте іздестіру жүйелерімен жұмыс істеу.
Сабақтың түрі: Өндірістік оқыту сабағы
Сабақ әдісі: топпен жұмыс, түсіндірмелі, баяндау
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік |
Студентерге таңдаған мамандығын бағалай білуді, жаңа технологияға бейімдеп, жұмыс орнында техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды үйрету, интернет жүйелерімен танысу |
2) Дамытушылық |
Студенттерге интернет туралы толық ой қалыптастыру, олардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, студенттердің ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту |
3) Тәрбиелік |
Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу. |
Өндірістік оқыту сабағының негізгі кезеңдері және уақыт бойынша ұзақтылығы:
Р.с № |
Мазмұны |
Уақыт |
Мазмұн нысаны |
||
1.Ұйымдастыру кезеңі(ұзақтығы 55 мин) |
|||||
1 |
Сабақа қатысуды тексеру |
3мин |
Студентердің сабаққа қатысуын тексеру. Топ старостасының рапорты |
||
2 |
Сыртқы келбетін тексеру |
2мин |
Студентердің сыртқы түрін тексеру(арнайы киімнің болуы). Оқу құралдарын тексету |
||
3 |
ТҚ-мен таныстыру |
10мин |
ТҚ журналына қол қою |
||
Кіріспе нұсқау( ұзақтығы 30мин) |
|||||
1 |
Шеберхана жұмыс уақытымен танысу |
5мин |
Сабақтың тақырыбын қабарлау |
||
2 |
Шеберханадағы еңбек қауіпсіздік талаптарын сақталуын қадағалау |
10мин |
Зертхананың жұмыс мазмұнымен танысу |
||
3 |
Тәжірибелік жұмыс туралы толық магұлмат беру |
15мин |
Зертханадағы еңбек қауіпсіздік талаптарын сақталуын қадағалау |
||
Өткен сабақты қайталау: сұрақ жауап әдісі - Енгізу құрылғылары? -Шығару құрылғылары? -Дербес компьютерді баптау? -Стандартты программаларды атаңыз? -Операциялық жүйелер деген не және түрлері? |
|||||
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
Армысыздар
құрметті көрермен,менің қарсыластарым!
Біз бүгінгі дебатта сіздердің
сұрақтарыңызға барынша жауап беруге
тырысамыз. Біздің ұстанып отырған
позициямыз «Интернет керек, ол біздің
өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы
өте зор. Алдымен
интернетке анықтама берейік. Интернет
бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі
миллиондаған компьютерлік желілерді
бір-бірімен байланыстыратын орасан зор
компьютерлік желі . Қазіргі уақытта кз
келген информациялық технологияның
жаппай техникалық компоненті компьютер
болып табылатыны белгілі. Компьютерлік
телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы
компьютермен диалогтық режимде немесе
электрондық почта режимде жұмыс істеуді
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.Сондай-ақ
, электрондық почта өте қолайлы жене
аса қымбат емес.
Интернет ұғымы ХХ
ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек
пойыздың жылдамдығын еске салатындай
жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді.
Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік
жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті
дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің
ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала
болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет
деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы
да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды
жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ
Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола
қалған жағдайда Америкаға сенімді
ақпарат алмасу жүйесі керек болады»
деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың
Орталық барлау басқармасының қызметкерлері
ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта
Лос-Анджелес, Юта және Калифорния
штаттарындағы университеттерге және
Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді
бір-бірімен жалғайтын желі жасау
тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969
жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін
телефон арқылы байланыстырады.
Содан
соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала
ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы
бұл атау «Интернет» деген ұғыммен
алмастырылды». Қазіргі кезде Интернетпен
тек қана компьютерлік желілер арқылы
емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері,
радиосигналдар, кабельдік теледидар,
телефон, ұялы байланыс, арнайы
оптикалық-талшықтық желілер және электр
желілері арқыы да байланысуға болады.
Бұл
күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар
саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан
асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін
халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор
игілігін өз кәдесіне жаратуда деген
сөз.
2. «Даттаушы»
тобының спикері :Сикатаева Гүлзира
Сәлем
бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз
«Интернет керек, ол біздің өмірімізге
қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп
жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік
қауымдастықтың негізгі
ақпараттық-коммуникациялық құралына
айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым
халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа
деген қажеттілігі туралы айтпасақ та
болады.
Дегенмен де интернеттің
жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары
да барын естен шығармағанымыз
жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге
компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер
алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін
білесіздер ме?
Ол адам ағзасына қауіп
төндірумен қатар, сананы улаумен
шектесетіні белгілі.Компьютер алдында
ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады
және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына
да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі
ауруларына шалдығады.
Интернетке
жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни
интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың
айналасындағы адамдармен бетпе-бет
сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу
мәдениетінен айырылады. Компьютерден
бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге
кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық,
адами қасиеттерге нұқсан келтіретін
материалдардың интернет бетінен орын
алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын
оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын
кітап оқумен емес, интернетке кіріп,
түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз
өткізудің зардабы. Компьютерден бөлінетін
ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер
етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами
қасиеттерге нұқсан келтіретін
материалдардың интернет бетінен орын
алуы.
Тыңдағандарыңызға рахмет.
3«Жақтаушы»
тобының спикері :ДАНА
Сәлем бердік қауымға! Интернеттің
жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір
жерден басқара да алмайды. Интернетте
көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды
табуға болады
1.Алысты жақындату
2.Қоғамға
(адамға) байланысты мүмкіншіліктерді
арттыру.
3.Сана-сезімді жоғарылату.
4.Ізденіс
талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына
сұранысты арттыру.
5.Қажеттілікті
толығымен қанағаттандыру.
6.Дамыған
мемлекеттермен тең дәрежеде
бәсекелесу.
7.Әлемде болып жатқан
жаңалықтардан сол сәтте хабардар
болу.
8.Халықтарға түрлі жолдармен
көмек көрсету.
9. Интернет арқылы
мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото,
аудио, видео материалдарды
қабылдап
алуға не керісінше жіберуге болады;
10.Күн
сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл
әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
-
Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар,
анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан
оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
-
Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып
алуға не сатуға;
- Қаржылық операциялар
жасауға;
- «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype»
т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға
да, бейнебайланыс орнатуға да болады.
Бұдан өзге біз біліп-біле бермейтін
жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін
емес… (материалдарды және моральді
жағынан болсын).
Интернеттен көптеген
жапа шегеміз деп қол қусырып отыра
берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу
қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше
біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай
қиыншылықтармен күресе отырып, алға
ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн.
интернетке кіру үшін компьютерде отыру
керек.Компьютерде отыру денсаулыққа
зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз
керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды
ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс
жасап отырғанда техника қауіпсіздік
ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа
сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді.
Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы
біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі
болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе
аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат,
мәнжазба, солардың бәрін мен интернет
арқылы таба аламын. Кітапханаға барып
жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін.
Алда болатын ҰБТ-ға да интернет арқылы
дайындалудамын. Интернеттің пайдасы
мен үшін өте зор
Шебердің іс жүзінде жұмыстың орындалу әдіс-тәсілі |
||
1.Архив программалармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру |
||
|
||
2.Файлдарды архивтеу түрлерімен таныстыру |
||
|
||
3.Файлдарды архивтеу, архивтен шығару жолдарымен танысу |
||
|
||
Студенттің жұмыс реті |
||
|
||
1.Студенттер берілген тапсырмалар бойынша жұмыс орындайды |
||
|
||
2.Архив программаларды компьютерге орнатып үйренеді |
||
|
||
3Файлдарды архивке салып, оларды архивтен шығару жолдарын үйренеді.
|
||
Ағымдағы нұсқау(ұзақтығы 180 мин) |
||
1 Мақсатағы текскріс Жұмыс орынын ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздік ережесін сақтау, стыдентердең тәжірибелік тапсырманы орындауға дайындығы. |
60мин |
Жұмыс орынының тәртібімен танысу, тапсырмаларды топ ішінде бөлу |
2 Мақсатық тексеріс, Студентерді тексеріс уақытында қадағалайтын сәт |
60мин |
Түсіндірме жазбаға байланысты жұмысты жоспарлау. Еңбек қауіпсіздік ережесін сақтау. Техникалық процестердің болуын қадағалау |
3 Студенттердің жұмысын деманстрацияға дайындау |
60мин |
Жұмыс барысында жеке жағдайды қадағалау |
Қортынды нұсқау(ұзақтығы 45 мин) |
||
1 Ескертулер |
|
жұмыстардағы білім сапасы |
2 Үй тапсырмасы |
Операциялық жүйе тақырыбына слайд жаспа келу |
Топтың нәтижелі жұмыс( өзара көмек, өзара силастық, ұжымда жұмыс істей білу) соңына жету. Қателікті талдау жұмыстың сапасын бірге бағалау |
3 бағалау |
Бағалау. |
Қортынды бағалар |
Өндірістік оқыту шебері: Ш.Ш.Утебаева
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «№3 Байзақ колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
«БЕКІТЕМІН»
Директордың
ОӨЖ орынбасары
______ М.М.Джетібаев
№5 Өндірістік оқыту сабақтың
тапсырмалары
Тапсырма
Информатика бумасын архивтеңіз. Архивтелмеген бума мен архивтелген бума өлшемін салыстырыңыз.
Біріншіден архивтелмеген бума көлемін тексеріп аламыз, ол үшін архивтелетін буманың атына барып, тінтуірдің оң жақ батырмасын басып, Свойства бөлімін таңдап аламыз:
Сурет 1 – Бума көлемі.
Архивтелетін бумаға барып, тінтуірдің оң жақ батырмасын басу қажет. Ашылған тізімнен «Добваить в архив» бөлімін таңдау қажет:
Сурет 2 – Буманы архивтеу
Архив аты және көрсеткіштері туралы сұхбат терезесі ашылады. Бұл терезеде буманы сығу әдісі, архив форматы, архивация көрсеткіштері туралы мәліметтерді енгізуге болады.
Сурет 3 – Архив аты және көрсеткіштері.
Ашылған сұхбат терезеде мәліметтерді таңдағаннан кейін ОК батырмасын басу қажет:
Сурет 4 – Архивация үрдісі
Архивация үрдісі аяқталғаннан кейін архивтелген бума пайда болады.
Сурет 5 – Архивтелген бума көлемі
Архивацияға дейін: 100МБ.
Архивтелген файл: 38,5МБ.
Архивтелген буманы қалпына келтіру үшін осы буманың атына барып, тінтуірдің оң жақ батырмасын басу қажет:
Сурет 6 – Архивтелген буманы қалпына келтіру.
.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген