жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Ірі кітапхана 5 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Әлемдегі ірі кітапханалар Мектеп:№4ЖОББМ Күні: 26.12.2018 Мұғалімнің аты-жөні: Ералинова Д.А. Сынып: 5 Қатысқандар: 12 Қатыспағандар:0 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Ірі кітапханалар. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
5.О3.Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау. 5.ТБ1.5.Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсінеді; Тақырыбын анықтайды . Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады Тақырыбын анықтайды . Шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсінеді Пәнге қатысты сөздік қор мен термин Қара Қожа, мақтаншақ , шықпаймын, дарынсыз. Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер жеңілгем жоқ, ойнамасаң қой, соның бәрі еңбекті сүюге үйретпегенімізден шығар. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел » ұлттық идеясының құндылығы: - Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік - Оқушылардың бойында ұлттық және адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру. Орта білім беру құндылығы: құндылықтарға бағытталған тәсілдер арқылы оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыру |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
қазақ әдебиет, дене шынықтыру/ дойбы ойнау/ |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
«Менің атым Қожа» повесі туралы білімдерін тұжырымдайды, тақырып бойынша ой қорытады. Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетін біледі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
Психологтялық ахуал (хормен) Біз қандаймыз, қандаймыз, Жаңа жауған қардаймыз. Ақпыз, пәкпіз,тазамыз, Біз білімді БАЛАМЫЗ Топққа бөлу. "Мозайка" әдіс. 1топ. Қожа . 2.топ. Жанар. 3.топ.Сұлтан. Балалар, әлемдегі ең ірі кітапханалар туралы өткен болатынбыз, енді сол бойынша топтық жұмыс жүргіземіз. Топтық жұмыс. Кітапханалар туралы ақпарат жазу. 1топ. «Конгресс» кітапханасы туралы айту.постер құрады. 2топ «Британдық» кітапхана туралы айту. 3топ «Ресей Ғылым Академиясы» кітапханасы туралы айту. БАҒАЛАУ. мадақтау Балалар біз кітап оқығанды жақсы көреміз бе? Олай болса, енді балалар біздің сүйікті жазушымыз Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасын еске түсірейік. Миға шабуыл.Сұрақтар қою, суреттермен жұмыс.Тақтадағы суреттерге қарап, оқушылар бүгінгі сабақта не туралы айтатынымызды болжайды.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Қойылым. Журналист: Салеметсіз бе, Аға. Мен сізден сұхбат алуға келіп едім. Бердібек : Сәлемет пе, балам! Ия, не сұрайын деп едің? Журналист: Аға, осы сіздің «Менің атым Қожа » повесіңіз туралы білгім келіп отыр. Осы шығармаңыздағы Қожа сіздің өзіңіздің балалық шағыңыздағы образыңыз екен, сол шындық па ? Ал, енді сүйікті шығармаңыздағы Қожаның образын айтып бере аласыз ба? Бердібек : ЕЕЕ ... ендеше қазір сол естелікке назар салайық! Осы кезде Қожа отырады. Көрініс! Бала Қожаның монологы. Сахнада Қожа өз-өзімен сөйлесіп отыр. - Шын атым Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін мені "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына Жантас сияқтылар «Қара Көже» дейді. Фамилиям Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Шашым қайратты. Бойым - орта бойлы, әжем "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасым он екіде. Бесінші сыныпты бітіргем. Арманым: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу, жазушы болу. Журналист: Ал сол кезде Сіздің ұнатқан, балалықтан естелік болған махаббатыңыз болды ма? Бердібек : Ия (Сәл жымиып). Оны да мына көріністен көруге болады. Көрініс. Жанар мен Қожаның арасындағы. КӨРІНІС. (Кетіп калады) -Қожа: Сәлем Жанар. -Жанар: Сәлеметпе Қожа. Неғып жүрсің? -Қожа: Сенде кітап бар ма?. -Жанар: Қандай? -Қожа : Әлгі «Үш мушкитер» -Жанар: Жоқ. -Қожа :Тауып берейін бе? -Жанар: Жоқ.Қожа, менің әжем үйде жоқ. Жүр, дойбы ойнайық.
-Жанар: Сен
дойбыны жақсы ойнаймысың? -Жанар: Байыдың, байыдың -Қожа : Қазір ұтамын. -Жанар: Ұтпасаң не боласың? -Қожа : Не бол десең, со болайын. -Жанар: Дүниежүзіндегі барып тұрған мақтаншақтың өзі боламысың? -Қожа : Жарайды. -Жанар: Ура! Ұтылдың! Мақтаншақ Қожа. Мен енді сені бұдан былай мақтаншақ Қожа деп атаймын. -Қожа : Тоқта, қалай... қалай боп кетті? -Жанар: Міне, былай... Сен менің мына пешкамды жедің бе? Жедің. Онан соң мен былай жеп, биге шықтым. Одан кейін міне былай... былай... былай жедім. Әй, мақтаншақ Қожа. Ұтамын деп мақтанып едің. -Қожа : Тоқта. Менің әлі де бір биім бар ғой. -Жанар: Оның қолынан не келеді? -Қожа : Көрерміз. Сен әлі ұтқан жоқсың. Жүріскезегі менікі ме? -Жанар: О, қорқақ!.-Састың ба, бәлем. Сонан соң қайда барар екенсің. -Қожа : Жан-жағымның бәрі қатер, қайда барушы едім. Ұзын жолдан қия бассам, мерт кететінім сөзсіз. Сондықтан тақтайдың ол шетінен бұ шетіне ілгері-кейін сырғанап, жүрем де отырам. -Жанар: Бұның ойын емес, шық ұзын жолдан. -Қожа : Өз еркім. Шыққым келсе, шығам, шыққым келмесе, шықпаймын. -Жанар: Жоқ, шық ұзын жолдан. -Қожа : Шықпаймын. -Жанар: Ендеше сен жеңілдің. -Қожа : Жоқ, жеңілгем жоқ. -Жанар: Жеңілдің. -Қожа : Жеңілгем жоқ. -Жанар: Жеңілдің. Бұдан былай мен сені мақтаншақ Қожа деп атаймын. Ойнамаймын сенімен -Қожа : Ойнамасаң қой -Жанар: Әжем келді ғой деймін Журналист: Ағай, Сіздің балалық шағыңыздағы ұстазыңызды ренжіткен кездеріңіз болды ма?\ Бердібек: эх...ренжіткен кездерім көп болған сияқты .... Соның бірі мына сәт... КӨРІНІС. Мұғалім мен Директор. - Еңбек қызық, еңбек арман, еңбек баулиды. Бұның бәрі де әдемі сөздер ғана... Оныншы бітіріп, жігері тасып, сауыншы болып жүр дегенді газеттерден оқып жүрміз. Шынымды айтсам, өз басым оған сенбеймін. - Солай ма? Сонда неге сенесіз? - Сіз мені кері тартпа біреу деп қалмаңыз, мен сенемін, оқушы келешекте инженер артист, ғалым да болады - Сонда сіз оларды жаман инженер, дарынсыз артист, көкжасы ғалым болады деп қорықпайсыз ба? Соның бәрі еңбекті сүюге үйретпегенімізден шығар -Солай.. -Сонда сіздің ше, мына мен ... -Жо-жоқ, Сабира, мүмкін мына мен шығармын Журналист: Ағай, бүгінгі сұхбатыңызға- Рақмет! Балаларға не айтар едіңіз? Бердібек: Балалар, сендерге қазіргі кезде Білім алуға шақырамын. Уақытты босқа өткізбей Кітапты көбірек оқыңдар! Артық білім -Кітапта. Естеріңде болсын «Кітап – білім шырағы»
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Ал, енді балалар сабағымызды аяқтай келе мынадай тапсырмаларды орындауыларын керек. «Аяқталмаған сөйлем» әдісімен жұмыс. 1.Сөйлемді болымсыз етістікке аяқта. 2. «жоқ» «емес» сөздерін қолданып болымсыз етістікте жаз. 3. Етістіктің болымсыз жұрнақтарын қолданып болымсыз етістікте жаз. Мен Конгресс кітапханасына бар. Кітапхан Вашингтон қаласында орналас. Әлемдегі ірі кітапханаларды көр . Дискриптор. 1.Берілген сөйлемдерді аяқтайды, болымсыз етістікті қолданады. 2. «жоқ», «емес» сөздерін қолданады. 3. етістіктің болымсыз жұрнақтарын дұрыс жалғау біледі. Бағалау: оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Рефлексия . «Пирамида» әдісі. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген