Материалдар / Ашық сабақ Иррационал теңдеу 11-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Иррационал теңдеу 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлығы:Ираационал теңдеу ұғымын және иррационал теңдеуді шешудің жалпы ережесін білу Басым бөлігі: Қарапайым иррационал теңдеулерді шығара алу Кейбіреуі: Қиындатылған есептерді шығара алу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Наурыз 2022
397
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 11.2В Дәреже және түбір.Дәрежелік функциялар

Мектеп: Б. Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебі. Күні :28.10-02.11.2019ж Мұғалімнің аты- жөні: Белатхан Күлан Сынып: 11 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Иррационал теңдеу

Сабақтың мақсаты

Барлығы:Ираационал теңдеу ұғымын және иррационал теңдеуді шешудің жалпы ережесін білу

Басым бөлігі: Қарапайым иррационал теңдеулерді шығара алу

Кейбіреуі: Қиындатылған есептерді шығара алу

Бағалау критерийі

  • Иррационал теңдеуді басқа теңдеулерден ажырата алады

  • Иррационал теңдеулерді шешу ережесін қолданып, қарапайым есептерді шығара алады

  • Теңдеудің бөгде түбірлерін таба алады

  • Біршама қиындатылған иррационал теңдеулерді шығара алады

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология

Сабаққа керекті дәйекті сөздер: иррационал теңдеу, бөгде түбір, бірдей дәрежеге шығару, анықталу облысы, рационал теңдеулер, теңдеудің түбірі

Құндылықтарға баулу

Видео сабақ арқылы оқушылардың тыңдалым дағдысын қалыптастыру. Топпен жұмыс арқылы оқушылардың өзара сенімділікке, ұйымшылдыққа, ынтымақтаса отырып жұмыс жасауға баулу.Топпен және жеке өзін бағалау дағдыларын арттыру.

Алдыңғы білім

  • n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері

  • рационал және иррационал көрсеткішті дәрежелер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы






8 мин






I.Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу және сабақ мақсатымен таныстыру.

  2. Топқа бөлу. Оқушылар параққа жазылған сандарды таңдайды және сол сандарға сәйкес «Бүтін», «Рационал» және «Иррационал» болып 3 топқа бөлінеді.

Жалпы сабақ барысы «Кубизм» әдісі арқылы жүргізіледі.

  1. Үй тапсырмасын текеру

  2. Өтілген тақырыптарды қайталау

  3. Жаңа сабақ түсіндіру

  4. Сабақты бекіту

  5. Үй тапсырмасын беру

  6. Қорытынды


I.Үй тапсырмасын тексеру

Қолданылатын әдіс: «Қетеліктерін тап». Яғни, параққа есептер жауаптарымен беріледі және ондағы қате жерлері болса оқушылар тауып, дұрыстайды.

II.Өтілген тақырыптарды қайталау.

Карточкаға есептер беріледі және сол есептердің жауабын оқушылар айтады.

Слайд


Қима қағаздар








Сабақтың ортасы


27 мин















  1. Жаңа сабақ түсіндіру. Видео сабақ арқылы түсіндіру.

Және жаңа айнымалы арқылы түсіндіру тәсілін бір оқушының көмегімен түсіндіру.

Иррационал теңдеу деп айнымалысы түбір таңбасының ішінде сонымен қатар

бөлшек көрсеткішті дәреженің негізі болатын теңдеуді айтамыз.


Иррационал теңдеулерді шешу тәсілдері

А) Дәрежеге шығару әдісі.

Ә) Жаңа айнымалы енгізу әдісі.

Б) Бөгде түбірді анықтау.


  1. Сабақты бекіту

Топпен жұмыс

Бұнда «Kahoot» программасын қолданамын. Яғни, сайтта дайындалған тест есептерін оқушылар топ болып есептейді. Және топпен бағаланады.


Тест шешіліп болған соң, қате жіберген топтар болса, сол топтан бір адам шығып қате жерлерін дұрыстайды.

Бағалау критерийлері:

  1. Иррационал теңдеулерді шешу тәсілдері бойынша теңдеудің түбірлерін таба алады

  2. Бөгде түбірлерін таба алады

  3. Уақытқа сәйкес жылдам есептей алады.

Жеке жұмыс:

Кітаппен жұмыс



11-сынып алгебра оқулығы

А.Е.Әбілқасымова


Интернеттен алынған материалдар


http://bilimdiler.kz/


карточка


Интеравтивті тақта

«Kahoot» программасы


Сабақтың соңы



5 мин




V.Үй тапсырмасын беру

120-123 есептердің қалғанын шығарып келу.

VI.Қорытынды (рефлексия)

Бағалау парғы арқылы әр оқушы өзін-өзі бағалайды.



оқулық



бағалау парағы

«Бес саусақ» әдісі парағы



Математика пәні мұғалімі: Белатхан К



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!