400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Иррационал теңдеулер және олардың жүйелерін шешу" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда алгебра және анализ бастамалары пәнінен жаратылыстану бағытындағы 11-сыныпта өткізілген ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспарын ұсынып отырмын. Әріптестеріме өз сабақтарында қолдануына көмек болар деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алгебра және анализ бастамаларынан қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

ІІ тарау. Дәреже және түбір. Дәрежелік функция.

Мектеп: «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №42 жалпы білім беретін орта мектеп» МКМ

Күні: 16.11.2017 ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Даукеева Гүлзат Садырқызы

Сынып: 11Ә

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабақ тақырыбы:

Иррационал теңдеулер және олардың жүйелерін шешу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):


Сабақ мақсаттары:

Оқушылар иррационал теңдеу және иррационал теңдеулер жүйесімен танысады; теңдеудің бөгде түбірі деген ұғымды біледі. Иррационал теңдеулерді шешудің әдістерімен танысып, есептер шығаруда қолданады.

Бағалау критерийлері:

  • иррационал теңдеулерді анықтай алады;

  • теңдеудің бөгде түбірін таниды;

  • иррационал теңдеуді шешу әдістерін үйренеді;

  • есептер шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар:

Тақырыпты оқу барысында ауызша математикалық тілде тұжырымдап айтуға, математикалық тілде жазылған өрнектердің мағынасын ажыратуға үйренеді.

Құндылықтарды дарыту:

Қоғамдық қажеттіліктеріне байланысты дағдыларды меңгеруін қамтамасыз ету.

Пәнаралық байланыс:

Информатика

АКТ қолдану дағдылары:

Таныстырылым, kahoot бағдарламасымен жұмыс

Алдыңғы білім:

Иррационал өрнектерді түрлендіру

Сабақ түрі:

Аралас сабақ


Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет:

Ресурстар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Сабақтың басы

7 минут

11.05-11.12

І. Сынып оқушыларын түгендеп, сабаққа дайындықтарын тексеру.


ІІ. Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу жасату. «Жедел фото» ойынын ойнату. Бұл ойынның мақсаты: оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, зейіндерін шоғырландыру. Мұнда мұғалім оқушылардың қолдарына формулалар жазылған парақшалар таратады.


ІІІ. Топқа бөлу. Формулалар бойынша бөліну қажет: «Алғашқы функция», «Интеграл», «Радикал» топтары.

Оқушылар сабаққа дайындық жасайды.


Мұғалімнің нұсқауы бойынша ойынға қатысады.

Оқушылар шеңбер бойымен отырады да, бір-бірінің қолындағы формулаларды есте сақтауға тырысады. Сосын қағаздарды жауып, кімнің қолында қандай формула болғандығын анықтайды.

Қолдарындағы формулалар бойынша топтарға бөлінеді.

Оқулық, қажетті құралдар



Формулалар









Топтың атаулары

Сабақтың ортасы

3 минут

11.12-11.15


2 минут

11.15-11.17







10 минут

11.17-11.27




10 минут

11.27-11.37

І. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген есептің дұрыстығын оқытып тексеру. Тақтада есептің берілгенін көрсету арқылы жауабына талдау жасату.

ІІ. Сабақтың мақсатын қою. Оқушыларға тақырыпқа сәйкес терминдер беру арқылы және теңдеулердің түрлерін ажырату арқылы жаңа сабақтың мақсатын қойғызу.




ІІІ. «Бағдаршам» әдісін қолдана отырып, жаңа материалды оқушыларға өз беттерінше орындауға тапсырма беру.


ІV. Пысықтау жаттығулары.

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар орындату.

Оқушылар есептің дұрыстығын ғана айтып қоймайды, қандай түрлендіру жүргізгендігін талдап айтып береді.

Оқушылар берілген терминдерден сөйлемдер, сөз тіркестерін құрау арқылы бүгінгі сабаққа қажетті ұғымдарды анықтайды. Сол ұғымдарға байланысты мақсаттар құрастырады.

Әр топ мүшелері берілген алгоритм бойынша теңдеуді шешудің әдісіне талдау жасайды.


Әр оқушы жеке жұмыс жасайды. Берілген деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып, өзін-өзі бағалайды. Өзара көмектеседі.

Таныстырылым





Терминдер, таныстырылым







Ақпараттық ресурстар




Жаттығулар, оқулық

Сабақтың соңы

5 минут

11.37-11.42


11.42-11.45

І. Kahoot бағдарламасын қолдану арқылы оқушылардың білімдерін бекіту.

ІІ. Бағалау.

ІІІ. Үйге тапсырма беру: №120-123 есептердің қалғандары, тақырыпты оқу.

ІV. Кері байланыс.

Оқушылар экранда берілген тапсырмаларды мұғалімнің нұсқауымен орындайды.


Смартфон, интернет ресурстары


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1473
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі