400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Іс-әрекет түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 10.12.2018 ж.

Пәні: психология

Курс: 2

Тобы:ИБ-17-1


Сабақтың тақырыбы

Іс-әрекет түрлері

Құндылық:

Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Адамгершілік, жауапкершілік, тәртіп

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

Студенттерге іс-әрекет түрлері туралы мәлімет бере отырып, түрлерін талдап, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:


Білімділік: Іс-әрекет түрлері туралы алған білімдерін саралау, талдау дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және жауапкершілікке баулу.

Тәрбиелік: Студенттерді адамгершілік қасиеттерді сақтап, жауапкершілікпен жұмыс жасауға, берілген тапсырмаларды тәртіппен орындап, дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • - Әрекет түрлеріне талдау жасап, тапсырмалар арқылы ажыратады.

  • - Ой еңбегіне баулу дағдылары қалыптасады.

  • - Студенттер өз ойларын ашық айтуға дағдыланады.

Дереккөздер

Оқулық: К. Жұмасова

Қосымша дереккөздер: Ғаламтор желілері

Модульдер

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  4. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, «Білім ағашы», «Суретті кластер әдісі», «Мені түсін» әдісі, «Ақылды кітапша» әдісі, «Мен саған, сен маған» әдісі

Пәнаралық байланыс

өзін-өзі тану

Сабақ барысы:

Сабақ барысы

Уақыты


Оқытушының

іс-әрекеті

Студенттің

іс-әрекеті

Ресурстар

Сыртқы интеграция


Ұйымдастыру кезеңі


2 мин.

Топ студенттерімен сәлемдесіп,студенттер-дің назарын сабаққа аудару, «5Т» ережесін (тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) еске түсіру,сабақтың мақсат-міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Сәлемдеседі. Назарларын сабаққа аударып,

5Т ережесін қайталайды, сабақтың мақсат-міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен танысады.

Слайдтар,

«5Т ережесі», бағалау критерийлері

Shape2



Тыныштық сәті



3 мин.


Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы істер істейді, баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, ол тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға сәулелі ой келеді. Осы нұр бүкіл әлемге таралсын.... Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Әуен, слайд

Үй тапсырмасын сұрау

«Мен саған, сен маған» әдісі

6 мин.

Оқытушы әр топтан үй тапсырмасын сұрайды.

Студенттер бір-біріне сұрақтар қойып жауаптарын толықтырады.

Қима қағаздар, бағалау

Топқа бөлу

«Білім ағашы» әдісі

2 мин.

Топ арасында жағымды психологиялық ахуал туғызу.


Студенттер ағашта тұрған түрлі-түсті ленталар таңдап алады. Оқытушының нұсқауымен қолдарындағы түсті ленталарға сәйкес топқа бөлінеді. Бөлінген топқа қима қағаздарға жазылған сөздер беріледі. Сол сөздерді құрастыру арқылы топтың атауына анықтама береді.

Күтілетін нәтиже сабақтың тақырыбына ойтүрткі болады.


Ойын - бала әрекетінің бір түрі.


Мектеп жасындағы балаларды негізгі әрекеті - оқу.


Адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі - еңбек.

Слайд, сөздер жазылған қағаздар

Дәйексөз:

5 мин.

Әрекетіміз дұрыс болу үшін біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екен анықтап алуға тиіспіз.

Әл-фараби

  • Автор бұл дәйексөз арқылы не айтқысы келген?

Суденттер дәйексөздің мағынасын ашып, өз пікірлерін айтады.

Слайд, бағалау


Ішкі интеграция (сабақтың мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау)


«Суретті кластер» әдісі

5 мин.

Оқытушы студенттерге жаңа тақырыпты талдап, түсіндіреді. Іс-әрекет түрлеріне қатысты әр түрлі суреттер таратады. Студенттерге сурет қиындыларын пайдалану арқылы түрлеріне талдау жүргізуге бағдар береді.

Студенттер сурет қиындыларын құрастырып жапсыру арқылы өздеріне берілген тапсырма бойынша постер қорғайды.


Слайд, А3, түрлі суреттер

«Мені түсін» әдісі

5 мин.






Әр топқа мәтіндер беріледі. Сол мәтіндерді мимика арқылы түсіндіреді.

Мәтінде жазылған оқиғаны топтан екі адам шығып, мимика арқылы көрсетіп, топтан қай іс-әрекеттің түрі екенін сұрайды.


Мәтін, бағалау

Сабақты бекіту

«Ақылды кітапша»


3 мин.

Студенттерге кітапшалар таратылады. Бірінші бетіне сұрақтар жазылады. Сол сұраққа жауап жазады.


Студенттер сұрақтарға жауап береді.

Слайд, сынып тақтасы

Бағалау

2 мин.

Критерийлер бойынша студенттердің жинаған ойыншықтар арқылы бағалайды.

Студенттер бағаланады.

Топ тізімі мен ойыншық

Нұрға бөлену



2 мин.

Оқытушы «Жақсы тілектер тілейік!» деп айтады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік , өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.

Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

әуен

Кері байланыс

«Білім ағашы»


2 мин.

«Білім ағашы» әдісі арқылы студенттерден кері байланыс алады.


Қолдарындағы лентаға сабақтан алған әсерлері туралы бір сөзбен жазып, ағашқа байлайды.

Слайд, лента, ағаш

Үй жұмысы


1 мин.

Кітапшаның қалған беттеріне ерекше іс-әрекеттерініңзді жазып келу.

Кітапша

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1241
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі