400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Искакова Жанар Шамшихановна 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Искакова Жанар 7 сынып Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Кейде бір тармақ ішінде ешбір амал орындалмай да қала береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ

Республикалық спорт колледжі







АШЫҚ САБАҚТЫҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыбы: Кіріктірілген шарттарды программалау































Алматы, 2019



Искакова Жанар Шамшихановна

Республикалық спорт колледжі, информатика пәнінің мұғалімі,

Алматы қ, Тимирязев көш.41

Информатика пәнінен ашық сабақ «Кіріктірілген шарттарды программалау» тақырыбына


Пәні: Информатика

Cынып: 7 «А»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Кіріктірілген шарттарды программалау

Сабақтың түрі

Сабақтың типі

аралас сабақ

жаңа білімді меңгерту сабағы

Осы сабақта қол жет-кізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.1- программалау тілінде алгоритмді жазу

7.3.3.2 -сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында (Pascal) жазу

Сабақ мақсаттары

Білімділік:

Күрделі шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық:

Ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушылардың белсенділігін арттыру, өзара көмектесуге тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетті, егер:

Салынған тармақталу не екенің түсіндіре алады;

Блок-схема түріндегі бағдарламалау тілінде салынған тармақталуды жазудың тәсілдерін біледі.

Компьютермен есеп шығару барысында алынған білімдерін қолдану;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар біледі:

Салынған тармақталудың не екенің;

Оқушылар істей алады:

Тақырып бойынша тапсырманың блок-сызбасын құруды және Pascal тілінде бағдарламасын жазуды;

Предметтік лексика және терминология:

Теориялық материал бойынша логикалық тапсырмаларды орындай отырып, есеп шығаруды дағдалары қалыптасты, термин сөздермен жұмыс жасауды үйренді.

Құндылықтарды дарыту

  • Өмір бойы оқуға;

  • Сыйластық;

  • Қарым-қатынас

АКТ қолдану дағдылары

Дербес компьютер, интерактивті тақта, ActivInspire бағдарламасы, флипчарт, презентация, Excel бағдарламасы, Pascal бағдарламасы

Жаһандық азаматтылық

Әрбір оқушыға керекті жағдаятты туғызу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, ағылшын тілі

Бастапқы білім

Сызықтық алгоритмдер және тармақталған алгоритмдері туралы білімдері

Сабақ барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ресурсы

Сабақтың басы

2-10 мин.

Ұйымдастыру: журнал бойынша сабақта жоқтарды белгілеу.


Өзін-өзі бағалау парақшаларымен таныстырылады.

Ұпай санын бағаға айналдыру:

Бағалау тапсырманың әр сатысына беріледі.

Ұпай санын бағаға айналдыру бойынша есептеулер:

100%-89% - 23 -25 ұпай –баға «5»

75%-88% - 18-22 ұпай -баға «4»

61%-74% - 15-17 ұпай-баға «3»

60% және кіші – 14 ұпайдан аз болса – баға «2»


Білімдерін тексеру, тармақталған алгоритм тақырыбына СТО технологиясының ой қозғау кезеңі «Миға шабуыл әдісі», информатикалық диктант, сиқырлы сандық (флипчарт) арқылы сабақтың тақырыбын ашу.



Презентация

флипчарт


Сабақтың ортасы

11 - 25 мин.











Жаңа сабақты меңгерту. Мағынаны таңу кезеңі.

Кіріктірілген шарттарды программалау үшін бірнеше тәсілдерді қолдануға болады. Оны бірнеше шартты операторды қолдану арқылы жүзеге асыра аламыз.

If операторы басқа if операторының ішінде болса, онда оларды кіріктірілген деп атайды.

Кіріктірілген операторлар құрылымын қарастырайық.

if (шарт) then оператор

else if (шарт) then оператор

else if (шарт) then оператор

нәтиже;


Берілу форма: Графикалық формада (блок-схема)


Күрделі шарттар

Күрделі шарт – бір-бірімен логикалық операциялардың көмегімен байланысатын бірнеше қарапайым шарттардан (қатынастардан) тұрады:

    • not – ЕМЕС

    • and – ЖӘНЕ

    • or – НЕМЕСЕ

    • xor – арифметикалық НЕМЕСЕ (екі шарттың екеуін емес, біреуін ғана орындау)

Қарапайым шарттар (қатынастар)

< <= > >= = <>

Кейбір есепте үш және одан да көп тармақ, яғни шығу сызықтары бар шарттарды тексеруге тура келетін кездер кездеседі.

Мысалы: Функция мәнін есептеп шығаруды қарастырайық






PROGRAM zhue;

VAR X,Y: REAL;

BEGIN

WRITELN (‘x=’, x);

READLN(x);

IF (X>-5) AND (X<0) THEN Y:=SQRT(SQR(X)+ABS(X))

ELSE IF (X>=0) AND (X<2) THEN Y:=5*SQR(X)+COS(X);

WRITELN (‘Y=’, Y:4:2);

READLN(Y);

END.


Сергіту сәті:


  1. Логикалық ойын

Үш дос Ақтөс, Арлан және Бөрібасар атты иттерін түрлі ойындарға үйретіп, жарысқа қатыстырды.

Достар қазылар алқасынан жарыс нәтижесін туралы сұрағанда олар былай деп жауап берді: “Ақтөс екінші орын алды. Арлан, меніңше екінші орын емес, ал Бөрібасар бірінші бола алмады”.

Егер иттердің әрқайсысы әртүрлі орындар алса, онда қайсысы қандай жүлделі орынға ие болды?


Сабақты бекіту: «Ой толғаныс» кезеңі


  1. Математикалық фигуралармен ойын

Логикалық тапсырмалар: І және ІІ топтар орындайды (слайд 18-19)

Тапсырма-2. Берілген бір түзу бойындағы фигуралар берілген. Түзу бойындағы фигуралар қосындысы 13-ке тең болу керек. Қалған бос фигураларға 1,2,3,4 және 5 сандары жазылады.

Боялған фигурадағы сандар қосындысы нешеге тең?


Shape1


Тапсырма -2. «Кім жүйрік»? тапсырмасы (есеп шығару)


Мына функция мәнін есептеу. Блок схемасын сызу және бағдарламасын жазу.





Қорытынды: сөзжұмбақ


Тапқыр болсаң,
тауып көр,

Ойшыл болсаң, ойлан! Сөзжұмбақ шешіледі (Excel бағдарламасында)




сөзжұмбақ







 



















№

Жауабыңыз

баллы

 



1

 

 

 

 












1

 

0

 

2

 

 

 

 

 


 







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
631
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі