400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті" 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Іскерлік ортада сөйлеу мәдениетін, дауыс және сөйлеу екпінін, тіл тазалығын сақтауды, сөздерді дұрыс айтуды, аудармашы арқылы сөйлесуде ескеретін қағидаларды білу жолдарын үйретеді,сұхбатты жүргізу барысында өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, тіл байлығын дамыту, білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні__________ Класы: 10 Бекітемін _____________

ДОТЖЖО Н.Ү.Байбақтина


Сабақтың тақырыбы: Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті

Сабақтың мақсаты: оқушылардың іскерлік қарым-қатынас барысында сөйлеу мәдениеті туралы білімдерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: білімділік – іскерлік ортада сөйлеу мәдениетін, дауыс және сөйлеу екпінін, тіл тазалығын сақтауды, сөздерді дұрыс айтуды, аудармашы арқылы сөйлесуде ескеретін қағидаларды білу жолдарын үйрету;

тәрбиелік - іскерлік ортада мәдетиетті, әдепті, ізетті, білімді, жан-жақты болуға, ана тілін сүюге, ынтымақ пен бірлікке тәрбиелеу;

дамытушылық – сұхбатты жүргізу барысында өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, тіл байлығын дамыту, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: іздену, талдау, жинақтау, топтастыру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, пікірталас,сұхбат, іскерлік ойын.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, шет тілдері

Сабақтың типі: дәстүрден тыс, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, кестелер, қанатты сөздер, үлестірмелі қағаздар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

- Балалар, біздің бүгінгі және ертеңгі мақсатымыз не деп ойлайсыңдар?

- Оқу, білім алу, тәрбиелі, саналы азамат болу, еңбек ету, ел экономикасын дамытуға үлес қосу, мәдениетін көтеру т.б.

- Ел экономикасы мен мәдеиетін өркендету үшін не істеуіміз керек?

- Басқа мемлекеттермен іскерлік қарыс-қатынас жасау арқылы тәжірибе алмасамыз, үйренеміз. Үйрену арқылы іске асырамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын талдау. Ой шақыру арқылы іскерлік қарым-қатынас тиімділігінің негізгі шарттары туралы сұрақтарға жауап алу.

  1. Іскерлік қарым-қатынас тиімді өту үшін нені ескеруіміз керек?

  2. Әдеп дегеніміз не?

  3. Әдеп терминін алғаш қолданған кім?

  4. Аристотельдің айтуынша, кішіпейілділіктің неше түрі бар?

  5. Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций ойы қандай болатын?

  6. Күнделікті қарым-қатынас болсын, іскерлік ортадағы қарым-қатынас болсын әдептіліктің басты шарты деп нені санаған?

  7. Қандай керемет дарынды, ақылды, білімді адам болса да, күнделікті өмірде, тіпті айналысып жүргеніскерлік саласында да ешбір табысқа жете алмайды. Мұның басты себебі неде деп ойлайсыңдар?


60-жаттығу. «Іскерлік қарым-қатынас тиімділігінің негізгі шарттары» тақырыбына қатысты 4-5 пунктен тұратын өз ойларын жазу. Оны бір-бірлеріңмен салыстыра отырып, өз ойларыңды дәлелдеңдер. Іскерлік қарым-қатынас пен жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айқындаңдар.Венн диаграммасы түрінде көрсетіңдер


5Picture 2 7-жаттығу. Берілген сөздерге «Зат есімнің сызбасы» бойынша сатылай кешенді жасаған талдауларын өз бетінше орындату.(ауызша және жазбаша)












Өткен тақырыпты қорытындылау:


  • Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз не?

Іскерлік қарым-қатынас - мекеме, кәсіпорын, өндіріс, өнеркәсіп саласында қызмет істейтін кісілердің өзара және басқа да қызмет барысындағы адамдармен пікірлесуі, келіссөз жүргізуі, келісімшарт жасауы, қажетті құжаттар алмасуы нәтижесінде болатын әрекет.


  • Іскер адамдар кімдер?(топтастыру әдісімен жауап алынады)


Жазушылар

Ұстаздар




Депутаттар

Ғалымдар





Әкімдер

Саясаткерлер





Shape1

Іскер

адамдар

Өнер адамдары




Өнеркәсіп қызметкерлері

Банк

қызметкерлері




Сауда қызметкерлері



Мекеме басшылары


Елшілер







ІІІ. Жаңа сабақ:

Мақсат қою:1) іскерлік ортада сөйлеу мәдениетін таныту;

2) жеке бастың практикалық әрекет ортасын қалыптастыру;

3) теориялық білімді практикада қолдана білу.




І. «Миға шабуыл» Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесің?


Іскер адамдардың сөзі – өзінің нақтылығымен ерекшеленуі қажет. Әрбір іскер адам шешен болуы керек. Іскерлік ортада сөздің тартымды болуы – оның ішкі мазмұнымен қатар дұрыс жоспарлануында.


ІІ. «Зерттеу»



Shape3 Shape6 Shape5 Shape4 Shape2

Іскерлік ортада түсіністікке жету үшін сөйлеу мәдениетін көтеру мақсатында басшылыққа алынатын қағидалар:



3. Аудармашы арқылы сөйлесу

2. Тіл тазалығы мен сөздерді дұрыс айту

1. Дауыс екпіні мен сөйлеу жылдамдығы





Shape7



Shape8




ІІІ. «Қолдану» Үш қағида бойынша оқушыларға толық мәліметтер берген кезде олар тақырып бойынша толық мағлұматтарды өздігінен таниды, сонымен бірге, тиімді және кері әсерлі мысалдар арқылы дәлелдейді.


ІV. Түсіністікке жету үшін нені басшылыққа алу керек?

  1. Қатты, жылдам, асығыс, ақырын сөйлемеу. Сөздің соңын жұтып қоймау.

  2. Нақты, түсінікті сөйлеу.


V. Іскерлік қарым-қатынас барысында ең бірінші нені ескеруіміз керек?

Тіл тазалығы:

а)әдеби арнайы тілдік норма негізінде сөйлеу

ә)әдеби тіл нормасын сақтау

б)кеңсе сөздерін, штамп сөздерді, диалект сөздерді қолданбау


VІ. Аудармашы арқылы сөйлесуде басты талаптарды ата.

  1. Уақыт бөлу керек.

  2. Термин сөздерді түсіндіру керек.

  3. Ақырын және анық сөйлеу керек.

  4. Мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді қолданбау керек.

  5. Әріптесіңнің жүзіне мұқият қарау керек.








VІІ . Топпен жұмыс түрлері:

Класс оқушыларын үш топқа бөлу. «Ғалымдар», «Саясаткерлер», «Әншілер»

Бес жолды өлең әдісімен үш топ өз аттарын таныстырады.

І топ

Ғалымдар

ойшыл, дана

ізденеді, зерттейді, қорғайды

Ғылымның тұңғиығына бойлаған ғұламалар

оқымыстылар


ІІ топ

Саясаткерлер

ақылды, алғыр

ойланады, сөйлейді, бағындырады

Саясатты сараптай білетін данышпандар

депутаттар


ІІІ топ

Әншілер

әсем, өнерлі

жаттайды, айтады, билейді

Әлемді әнімен бағындарған таланттар

Өнерпаздар


VІІІ . Оқулықпен жұмыс

І топ «Ғалымдар» жұмысқа тұруға

ІІ топ «Саясаткерлер» құттықтауға

ІІІ топ «Әншілер» сыйлық беруге байланысты мәтін құрау.

(тапсырманың орындалу барысына тоқталу, атап өту)


ІХ . Іскерлік ойын

Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар шағын көрініс дайындайды. Тапсырма шарты үнтаспадан тыңдалады.


І топ тапсырмасы: Ұпайың жетіп тұрса да, қалаған оқу орнына іліге алмадың. Оның себебін білу үшін, әділдікке жету үшін институт ректорына кірдің. Осы жағдайда ректормен әңгімені көрсетіңіздер.

ІІ топ тапсырмасы: Ұжымда жер бөліс мәселесі шешілуде.Сен шұрайлы жерден өз үлесіңді алу үшін ұжым басшысына барып, өзің қалаған жерді сұрауың қажет. Рөлдік ойын түрінде осы жағдайда әңгімелесіңдер.

ІІІ топ тапсырмасы: Ең жақын туысыңның мүшелтойына арналған кешті өткізу үшін мәдени орынды сұрауыңыз қажет. Ал ондай орынның иесі – өте тәкаппар адам. Қалай тіл табысуға болады? Сөзіңді дәлелдеп, мәдени орынды алыңыз.




Х. «Бас болмақ оңай, бастамақ қиын». Топ жетекшілерінің сайысы

І топқа: «Егер мен ғалым болсам...»

ІІ топқа: «Егер мен депутат болсам...»

ІІІ топқа: «Егер мен әкім болсам...»


ХІ. Сабақты бекіту. Көрініс көрсету «Патша мен уәзір»

- Балалар, бұл көріністен нені аңғардыңдар?

- Патшаның білімсіздігін.

- Көрініс арқылы қандай ой түйдіңдер?

- Болашақта патша жіберген қателікті болдырмау.

- Егер іскерлік қарым-қатынас жүзеге ассын десеңіздер, сабақта өткен шарттарды мұқият орындау керек. Сонда ғана жетістікке қол жеткізуге болады.

ХІІ. Электрондық оқулықпен жұмыс.(интерактивті тапсырмалар айдарындағы 21- тапсырманы орындау, ресми қатынастарда жиі қолданылатын етістіктерді табу, сол етістіктерді құрамына талдау.)


ІV.ҮPicture 3 йге тапсырма: 62-жаттығу. Берілген сөздерге «Сын есімнің сызбасы» бойынша сатылай кешенді талдау жасау. (ауызша және жазбаша)
















65-жаттығу. Мәтінді сөйлеу мәдениетінің талаптарына сай мәнерлеп оқып, өз сөздеріңмен баяндап беріңдер.


V. Бағалау: «Бағалау парағы» бойынша ұпай сандарын қоса отырып, оқушы бағасын қою.









Бөгетсай орта мектебі










АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы: «Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті»

10-класс


Өткізген: Б.Р.Маханалина

Қазақ тііл мен әдебиеті пәнінің мұғалімі















2013-2014 оқу жылы


Бағалау парағы:


№

Оқушының аты-жөні

Үй

тапсырмасы

Топпен жұмыс «Бес жолды өлең»

Оқулықпен жұмыс



Іскерлік ойын

Топ жетекші

лерінің сайысы

Көрініс «Патша мен уәзір»

Электрондық оқулықпен жұмыс

Ұпай саны

Баға

1.

Назерке

2

5

3

3

4

3

5

25

5

2.

Асылай

1

4

2

2

3

3

3

18

4

3.

Іңкәр

1

4

2

2

3

3

4

19

4

4.

Айдана

1

3

2

2

3

3

2

16

3

5.

Жұбаныш

2

5

3

3

5

3

5

26

5

6.

Зармина

-

-

-

-

-

-

-

-

-

7.

Әлімжан

1

4

2

3

3

3

2

17

4

8.

Ақнұр

2

5

3

3

5

3

4

27

5

9.

Гүлсана

1

4

2

3

3

3

3

19

4

10.

Шифон

-

-

-

-

-

-

-

-

-

11.

Тамаша

1

4

2

3

3

3

3

19

4



Пән мұғалімі Б.Р.Маханалина














Бағалау парағы


(10- класс оқушыларының білім көрсеткішінің мониторингісі)


Баға саны



Сапа

Үлгерім

«5»

«4»

«3»

3

5

1


89%

100%



Пән мұғалімі Б.Р.Маханалина





Венн диаграммасы


Shape10 Shape9

Іскерлік қарым-қатынас

Ұқсас

тық

тары

Жеке адамдар арасындағы

қарым-қатынас




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
1895
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі