400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ" Иттер менің достарым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбиешілерге арналған көмекші оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Сенсорика.

Тақырыбы: Иттер менің достарым.

Мақсаты:Балалардың назарын әртүрлі көлемдегі заттарға аудару,үлкен және кішкентай сөздердің мағынасын түсінулерін қалыптастыру.

Міндеті:

1.Балаларды әр түрлі көлемдегі заттарды көрсете білуге үйрету.

2.Сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру; ұсақ қол моторикасын жетілдіру.

3.Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктермен құрал- жабдықтар: үстел, көлемі бойынша айырмашылықтары бар 2 ойыншық күшік;2 үй, 2 доп, 2 тәрелке, сабын көпіршіктері.

Сөздік жұмыс: күшік

Билингвальды компонент: ит- собака.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Есеп+

Есеп-

Ұйымдас-тырушы-лық-қозғаушылық

Ойындық жағдай.(Аудио бойынша дауысы күшіктін беріледі)

-Балалар қатты үріп жатқан не?

Ав-Ав Иә дұрыс айтасыңдар , бұл ит.

Ал ақырын үріп жатқан не? Ав-Ав

Ол кішкентай күшік екен.

Бұлар бізге қонақ болып келіпті.

Қарайды, тыңдайды.

-Бұл ит, деп жауап береді.


-Бұл да ит.




Ұйымдас-тырушы-лық-ізденістік

Маған үлкен итті көрсетіңдерші.

Енді маған кішкентай итті көрсетіңдерші.

Балалар қараңдаршы, мына жерде үйшіктер тұр екен. Мұнда иттер тұрады.

-Бұл қандай үй?

-Ал мынау ше?

-Бұл қандай ит?

-Ол қандай үйде тұрады? Көрсетіңдерші. - Балалар біздің иттер доппен ойнап жүріп оларды жоғалтып алыпты, ал мен доптарды тауып алдым.

(Үлкен және кішкентай допты көрсету).

-Маған үлкен допты көрсетіндерші.

-Кішкентай допты көрсетіндерші.

-Үлкен допты қай итке береміз?

- Кішкентай допты қай итке береміз?

Сергету сәті:

-Ал енді, балалар, орындықтарыңның қасына тұрып, мына иттер сияқты секіріп көрейікші.

-Иттерге сендердің секіргендерін ұнап қалды.

Біздің үлкен және кішкентай итіміздің қарындары ашып қалыпты.

-Мен үлкен және кішкентай тәрелке қоямын.

-Мынау қандай тәрелке?

-Ал мынау ше?

Ойын ойнату: Ал балалар сендер күшіктер боласындар. Сабын көпіршіктерімен ойын ойнаймыз.

Күшіктер көпіршіктерді қалай ұстап аламыз?

Маған үлкен және кішкентай сабын көпіршігін көрсетіндерші?


Балалар үлкенін де, кішкентайын да көрсетеді.



-Үлкен үй

-Кішкентай үй.

-Үлкен ит.

-Ол үлкен үйде тұрады. Көрсетеді.

-Ол кішкентай ит.

-Ол кішкентай үйде тұрады.

Көрсетеді.

Балалар қайталайды: үлкен, кішкентай.


Балалар үлкен допты көрсетіп, оны үлкен итке, ал кішкентай допты кішкентай итке беретінін корсетуге тырысады.





-Үлкен.

-Кішкентай, деп көрсетеді.




Үлкен және кішкентай сабын көпіршігін көрсетеді.

Қуанып ойнайды.



Рефлек-

сиялық-


түзетуші-лік

-Міне, біз үлкен итті де, кішкентай итті де тамақтандырдық.


Олар үлкен және кішкентай үйішікте тұрады, үлкен және кішкентай доппен ойнайды, үлкен және кішкентай тәрелкеден тамақтанады. -Жарайсындар!

Қызығушылығын көрсетеді.












Күтілетін нәтиже:

Жасайды: заттар атауын: тәрелке, доп, ит, үйшік.

Түсінеді: заттар көлеміне қарай үлкен және кіші болатынын;

Қолданады: үлкен заттарды кішкентай заттардан ажырата білүді.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1737
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі