400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Іздеген жетер мұратқа 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне жұмыста қолдануы үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп БҚО, Орал қ, КОЖББМ Мерзiм_________ № 7 Мұғалiм Белгина Айнур Жакуповна

Сынып 6 сынып Оқушылар саны 24 Тақырып Іздеген жетер мұратқа

Құндылық Ішкі тыныштық Қасиеттер ізденімпаздық, ұстамдылық, шыдамдылық

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі ізденістің маңызын түсіндіре отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • «ізденіс», «мұратқа жету» ұғымдарын ұғындыру арқылы, ізденімпаздық қасиеті туралы түсінік беру;

  • іздене білуге үйрете отырып, шыдамдылық қасиетіне баулу;

  • ұстамдылық, сабырлылық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Мұғалімге арналған нұсқаулық. /Р.А.Мұкажанова, Г.А.Омарова, Р.М.Мұратханова –Алматы: «Бөбек»ҰҒПББС, 2015ж./

Мұғалімдерге арналған шығармашылық тапсырмалар/

Р.А.Мұкажанова, Г.А.Омарова, Р.М.Мұратханова –Алматы: «Бөбек»ҰҒПББС, 2015ж./

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Түстер арқылы 4 топқа бөлу.

5 «Т» ережесі- тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, таулық

Тыныштық сәті. Жағымды көңіл- күйге келу.

«Тыныс алу» жаттығуы

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 6-8 рет)

Рахмет.

Балалардың алған әсерімен бөлісу.


2. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулық, 23 бет, 7 сабақ «Шоқан» Г.Потанин

Сұрақтар:

1. Шоқанның қиындыққа мойымауының себебі неде?

2. Шоқанның жетістікке жетуіне қандай қасиеттері ықпал етті?

3.Ізденімпаздық, шыдамдылық қасиеттері арқылы Шоқан қандай жетістіктерге қол жеткізді?

4. Сабырлы, ұстамды болу адамды қандай жетістікке жеткізеді?

5. Ізденімпаздық, төзімділік қасиеттері арқылы қандай құндылығымызды жарыққа шығарамыз?

6.Өзіңнің сабырлылық танытқан кезің болды ма? Неліктен?


Тыныштық сәті.


3. Дәйексөз

«Ізде әділет, ғылым, білім, тыныштық,

Жаман әдет жасамауға осыны - ұқ»

Абай

Ұлдар оқиды.

Қыздар оқиды.

Барлығы оқиды.

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Дәйексөзді дәптерге жазу.


Дәйексөзді оқып, талқылау



4. Оқиғаларды әңгімелеу

Сенің сұлулығың - сенің мейірімділігіңде

Бала ержетіп келеді. Сондықтан айнаға көп қарап: «Мен қандай көріксізбін!» - деп ашуланады екен:

Атасы немересінің сөздерін естіп қалып, былай дейді:

  • Сенің сұлулығың сенің мейірімділігіңде!

Бала атасының сөзіне сеніп, жүрген жердерінде барлығына шыдамдылықпен жақсылық жасап, әдептілік танытып жүреді...

Ол өзінің осы ісіне қызыққаны сонша, өзінің әдемі емес екенін ұмытып кетеді.

Уақыт өте береді.

Бала ер жетеді.

Бір күні бала, екі әдемі қыздың өзіне қарап, әңгімелесіп тұрғанын естіп қалады. Бірінші қыз айтады: ол қандай көрікті, әдемі екен – дейді.

Екінші қыз: Оның жүзі ішкі сұлулығымен нұрланып тұр - дейді.

Сол кезде баланың есіне атасының айтқан сөздері түсіп:«Рахмет сізге, ата» деп ойланады.

Сұрақтар:

1.Баланың ашулануына не себеп болды?

2.Атасы немересіне қандай ақыл айтты?

3.Қандай асыл қасиеттер бізді ақылға жүгіндіреді?

4.Шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттерін шыңдау арқылы адам қандай жетістіктерге қол жеткізеді?

5.Осы қасиеттер қандай құндылықтың көрінісі болып табылады?

6.Сенің түсіністікпен іс –әрекет еткен кезің болды ма? Айтып бер.

Ой толғау


5. Шығармашылық іс- әрекет, топтық жұмыс

Шығармашылық жұмыстың шарты түсіндіріледі. Тапсырманың орындалуына 5-7 минут уақыт беріледі. «Көңіл толқыны» күйі қосылады.

1 топқа - «Сабыр түбі – сары алтын...» тақырыбында көрініс көрсету,талқылау.

2 топқа - «Мен бақытты баламын» тақырыбында шумақ өлең шығару.

3 топқа - әдептілік,ұқыптылық, төзімділік, табандылық,түсіністік деген тірек сөздерді пайдаланып, «Менің түсінігімдегі жан тыныштығы» әңгіме құрастыру.

4 топқа – баяу ән ырғағын тыңдап, ой тыныштығында отырып сурет салу, түсіндіріп беру.

Балалар тапсырманы орындаған соң сынып алдында жария етеді.


«Ойланайық, пікірлесейік»

6. Топпен ән айту

«Құндылықтар әлемінде»

Сөзі: Мұғалім шығармашылығы

Әні: «Ертегілер әні» сазымен

  1. Ақиқаттың әнін,

Айтамын күнде мен.

Бөбек әлемінің сырларын түсініп,

Нұрына шомылдым күннің.

Тыныштық жан - көркем,

Керемет ол неткен,

Ар- ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Мен бақытты балғын ертең.

Қайырмасы:

Құндылықтар – мәңгі әнім,

Құндылықтар – өмір мәні

Ізгіліктің ғажайып күйіне

Ертесіңдер сендер.

2 Дұрыс әрекеттер

Сүйіспеншілік берер,

Тыныштық орнайды,

Қиянат болмайды,

Адамзатқа әлемдегі.

Қайырмасы:

Керемет ол неткен,

Ар- ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Жаныңды емдейді

Сүйіспеншілікпен ғалам.

Қайырмасы:

Құндылықтар – мәңгі әнім,

Құндылықтар – өмір мәні

Ізгіліктің ғажайып күйіне

Ертесіңдер сендер.

Құндылықтар Құндылықтар.

Ән айту

7. Үй тапсырмасы

Оқулық.33 бет, 8сабақ «Сұлулық сезімдері»

М.Жұмабаев

Берілген әңгімені оқып,

ой бөлісу

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Балалар бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтап алыңыздар. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Рахмет.

Оқушылардың сабақта меңгерген білімін, білік дағдыларын бекіту. Тынығу.



Рисунок 12 Рисунок 11 Рисунок 12 Рисунок 6



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
642
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі