Ашық сабақ "Іздегенде табылатын қасыңнан..." 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Іздегенде табылатын қасыңнан..." 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыта отырып, «Қиянат жасамау» құндылығының мәнін ашу мақсатында оқушыларға достар арасындағы сыйластықтың, адалдықтың мәнін түсіндіру және оқушылардың айналадағы адамдарға деген ізгілік, мейірімділік, риясыз сүйіспеншілік қасиеттерін дамыту, сонымен қатар оқушыларды адалдыққа, жанашырлыққа, мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн – өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Б.Нысанбаев орта мектебі

Мерзiмі: 28.11.2017 ж.

Сабақ:12

Тақырып: Іздегенде табылатын қасыңнан

Құндылық: «Қиянат жасамау»

Қасиеттер: Ізгілік, жанашырлық, мейірімділік

Мұғалiм: Борашова Адеми

Сынып: 8 «а»

Оқушылар саны: 18


Сабақ мақсаты: Оқушылардың бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыта отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:


Білімділігі:Достар арасындағы сыйластықтың, адалдықтың мәнін түсіндіру;

Дамытушылығы:Оқушылардың айналадағы адамдарға деген ізгілік, мейірімділік, риясыз сүйіспеншілік қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелігі:Оқушыларды адалдыққа, жанашырлыққа, мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Нақыл сөздер, интерактивті тақта, слайд, плакат, маркер, стикер, музыка, видео

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталаймыз.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.


Тыныштық сәті Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ - қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.

Сұрақтар:

  1. Қандай сезімде болдыңыздар?

  2. Жаттығу сіздерге қалай әсер етті?


Сынып оқушыларын түстер арқылы үш топқа бөлемін.


Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге алдын ала «Екі дос» аңыз әңгімесі оқуға берілген.


Сұрақтар:

  1. Аңыз әңгіменің мазмұны неде?

  2. Достардың бір – біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едің?

  3. Өз досыңның мінезі қандай болғанын қалар едің?

Қорытынды:Достар бір – біріне қуанышта да, қиындықта да, ниеттес, тілеулес, қамқор болады.

Олай болса, балалар қиындық кезде достарымызға қолдау көрсетіп, дұрыс әрекет етіп, қиянат жасамайық.

Сабақ барысын талдау:














































Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, қорытындылаймын




Дәйексөз.


«Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар».

Аристотель


(Оқушылар дәйексөзді бірнеше рет қайталап, дәптерлеріне жазып, мағынасын түсіндіреді)


Қорытынды: Адам үшін ата — анадан кейінгі ең жақын – абзал дос. «Доссыз өмір – тұл», «Доссыз өмір – тұссыз ас»- деп халық бекер айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейді. Достық — адамдардың бір — бірін жаны қалап, шын жақсы көріп, қалтқысыз сеніп тілектес, мұраттас болуы. Адам өмірге сәби болып келеді. Ол алғаш ақ сүтін берген анасы мен әкесін таниды. Адам өсе келе өзіне дос табады. Дос сенімді серік.  Достар — бірін — бірі түсінуі тиіс. Достардың бір – біріне деген құрметі адал болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде үлкен демеу болады. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау оданда қиын. Сондықтан балалар достарымызға қиянат жасамай, қамқор болып, қолдау көрсете білейік.


Әңгiмелеу.


Ертегі: «Екі дос.». (Оқушыларға әңгіменің мазмұнын әсерлі етіп әңгімелеп беру).


Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қол басына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қол басына:

- Мен қолдарына түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым - мүлкім жоқ. Бір - ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай - ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.


Сұрақтар:

1. Қолбасының өз әскерлерін алып кетуіне не себеп болды?
2. Жігіт сыннан өтті ме?


Қорытынды:Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. «Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса, іздеген досың алыстан үйіріліп өзі келеді» - деген Әзілхан Нұршайықов ағамыз. Ендеше өзімізге де өзгеге де қиянат жасамай, өз жүрегімізді тыңдай білейік.


Шығармашылық, топтық жұмыс.

1 – топ: «Менің досым» өлең шығару.

2 – топ: Достықтың ережелері қандай?

3 – топ: Дос туралы қандай мақал – мәтелдер білесің?

Сергіту сәті


«Көңілді күн»


Шығармашылық, топтық жұмыс


І – топ: «Адал дос» сахналау.

ІІ – топ: «Амал дос» сахналау.

ІІІ – топ: «Досыма сый» сурет салу.


Қорытынды: Достық қарым – қатынас адам баласынан тазалықты, адалдықты, әділдікті, құрметті талап етеді. Сондықтан да әрбір адам өзіне қалай құрмет жасауды қаласа, досына да сондай құрмет жасауы керек. Достарымызға қиянат жасамай, дұрыс әрекет жасап, риясыз сүйіспеншілікпен құрмет көрсете білейік.


Топпен ән айту.

«Қайдасыңдар достарым»

Әнін жазған Әбілахат Еспаев

Сөзін жазған Қабдыкәрім Ыдырысов

Бірге тойлап, бірге өткізген

Жалындаған жас шағын

Талай қызық күнді өткізген,

Қайдасыңдар достарым.

Достар, достар жүрсің қайда

Бірге еді гой жанымыз

Еске алысып осындайда,

Бірге еді гой жанымыз.

Бәрімізде таптық бүгін,

Бақыт жолын іздеген.

Дос үміті – достық сенім

Әрқашанда бізбенен.

Достар, достар жүрсің қайда

Бірге еді гой жанымыз

Еске алысып осындайда,

Бірге еді гой жанымыз.

Жүрсек – дағы қиыр шетте,

Досты ұмытқың келмейді.

Достық жалын бар жүректе,

Суымайды, сөнбейді.

Достар, достар жүрсің қайда

Бірге еді гой жанымыз

Еске алысып осындайда,

Бірге еді гой жанымыз.

Қорытынды: Шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және өзін ешқашан жалғыз сезінбейді. Сондықтан балалар достығымыз шынайы болып, ақиқатты танып, дұрыс әрекет етіп, қиянат жасамай, достарымызды риясыз сүйіспеншілікке бөлеп жүрейік.


Үй тапсырмасы.


«Менің сүйікті досым» тақырыбына эссе жазу.


Сабақтың қорытынды сәті

Олай болса балалар ішкі тыныштығызды жүрегімізде сақтап, өз ойымыз, ісімізбен сөзімізге сенімді болып, ешкімге қиянат жасамай, дұрыс әрекет ете білейік. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге орналастырайық.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
533
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі