жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Ж дыбысы мен әріпі. 1 сынып
Күні: 24.01.2017 Сынып: 1
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Ж дыбысы мен әрпі. |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру; 1.8 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану; 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Ж дыбысы және әрпімен танысады, ж дыбысының дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында, соңында келетінін біледі, таңбасын салуды үйренеді. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды каллиграфиялық талаптарға сай жазу білігі қалыптасады. Көбі: Дыбыстарды ажыратады, сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасайды. Кейбірі: Сөздерді байланыстырып сөйлем құрай алады, алған білімді өмірде қолдана алады, |
||
Бағалау критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Оқудың түрлерін (буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи біледі, түсініп оқи алады) Берілген сурет бойынша сөйлем құрап айтады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Құрмет - тыңдалым кезінде. Ынтымақтастық – топтық, жұптық, жеке жұмыс кезінде. Еңбек және шығармашылық – сөйлем құрастыру, тапсырмаларды орындау барысында |
||
Пәнаралық байланыс |
Математика- буын, дыбыс санын анықтау кезінде. Дене шынықтыру - оқушылардың гигиеналық талаптарға сай отыруы, сергіту сәті. |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, тақырыпқа байланысты суреттер, Аудиотаспа - тыңдалым кезінде |
||
Тілдік құзыреттілік |
Ж дыбысы мен әріпі жеті, семь, |
||
Сабақ барысы: |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 3 мин
|
«Кубизм» әдісі арқылы өткенді қайталау: Балалар бүгінгі сабағымызды мен сіздермен ойын ойнау арқылы бастағым келіп тұр. Оқушыларды ортаға шақырып, өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою: Балалар әріп дегеніміз не? Дыбыстың таңбасы Дыбыс нешеге бөлінеді? Қандай болып бөлінеді? Дауысты дыбыстар қандай түспен белгіленеді? Дауыссыз дыбыстар қандай түспен белгіленеді? Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? Сауат ашу пәнінен біз не үйренеміз? Әріптерді, дыбыстарды, оқуды, жазуды |
|
|
Топқа бөлу 2 мин |
Өткен әріптер бойынша «Әріптерді сөйлет» ойынында балалар тақтада ілініп тұрған әріптерді айтып, олардың дауысты және дауыссыз дыбыстар екенін атап, сол әріптен басталатын сөз айтып, өз үйлеріне апарады. А-алма, яблоко Н- нан, хлеб С-сағат, часы, Е-есік, дверь Ә-әке, отец Д-доп, мяч |
|
|
Бағалау критерийлерін түсіндіру 1 мин |
Балалар, тақтаға назар аударайықшы ненің суретін көріп тұрмыз. Қысқы орман Дұрыс айтасыңдар. Балалар орманда нелер тұрады? аңдар /Ормандағы жануарларды көріп атап шығады/. Айтындаршы қыс кезінде барлық жануарларды көруге болады ма? Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Қоян, түлкі, қасқыр, тиін олар қысқа қорек жинамайды, қысқы ұйқыға кетпейді. Себебі, өздеріне қорек таба алады. Қоян, қасқыр, түлкі, тиін қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі. Қыста қандай ағаштарды көріп тұрсыңдар? Ендеше біз бүгінгі сабағымызда қысқы орманға саяхат жасаймыз. Мен сендерді бүгінгі сабақта ормандағы аңдардың тапсырмаларды орындау барысында алдымызда тұрған шыршаларды безендіру үшін ойыншықтар жинау арқылы бағалаймын |
Қысқы орман суреті, аңдардың суреттері
|
|
Жаңа тақырыпқа дайындық 1 мин |
Ж дыбысынан басталатын суреттер ілініп тұрады аттарын атайды |
суреттер |
|
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ 5 минут
|
Жарайсыңдар балалар, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ж дыбысы мен әріпі. Олай болса, экранға назар аударайық Видео көрсету Кәне, бәріміз Ж деп айтып көрейікші - Ж Ж Ж қалай айтылып тұр? - кедергіге ұшырау арқылы айтылып тұр... - Ж дыбысы қандай дыбыс? дауыссыз дыбыс. Дыбыстарды айтамыз және естиміз. Әріптерді көреміз және жазамыз. Оқулықтағы сөздерді оқушыларға кезек-кезек оқытып, буынға бөлу Дұрыс айтасыңдар неше буын болса, сонша дауысты дыбыс болады. |
Оқулықпен жұмыс
|
|
4 мин |
Дәптермен
жұмыс - Жж әрпін ауада жазып үйрету, элементін пысықтау, тақтада жазып көрсету Жұмыс дәптерінде жазу |
жұмыс дәптері
|
|
Сергіту сәті 2 мин |
видеоролик |
Экранда көрсетіледі |
|
Тапсырма 2 мин жеке жұмыс тақтада |
Сөздерді буынға бөліп жазыңдар жайлау жаға жасыл жарыс жаңбыр
|
Тақтада ж дыбысынан басталатын сөздер |
|
Тапсырма 2мин жұппен |
«Адасқан сөздер» қардан сөздер құрайды
|
қар үзінділері ішінде сөздер |
|
Тапсырма 3 мин топпен жұмыс |
Әріптер мен сандарды пайдаланып сөз құрастыр. А н л р о т у ш с д 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Алаша-13181 10121-Дана 1059-дос 10131-дала 107316-Дулат |
Плакатқа жазылып беріледі |
|
Тапсырма 4 мин |
Суреттерге қарап, Ж дыбысынан басталатын сөздерге сөйлем құрау |
үлестірме қағаздарда суреттер |
|
Қорытынды сұрақтар 1 мин |
|
|
|
Үйге тапсырма: Бағалау Рефлексия 2 минут |
Ойыншықтарды санау Смайликтерді Сабақ ұнаса қасқырға апарып ілу Орташа ұнаса түлкіге апарып ілу Мүлде ұнамаса. қоянға апарып ілу |
Көңіл-күйді білдіретін смайликтер |
|
«Ұйқасын тап!» ойыны арқылы кеспе әріптерден сөз құрап, талдау.
Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбат.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - … (жүзім)
Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті,
Шағып қара таңдап,
Оның аты – … ( жаңғақ)
Құйрығы он қарыс,
Бұл айбатты … (жолбарыс)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген