15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ ""Ж" дыбысын айтуға машықтандыру"
Сабақтың тақырыбы: «Ж» дыбысын айтуға машықтандыру
Ертаева Жазира Абдумажитовна,
Қызылорда обл. Шиелі кенті
№ 3 облыстық балалар оңалту орталығы
Логопед-Монтессори педагог
Білімділік. «Ж» дыбысын сөз арасында, сөз басында айтуға машықтандыру.
Түзете-дамытушылық. Баланың сөздік-логикалық ойлауын, ұсақ қол моторикасын, фонетико-фонематикалық есту қабілетін дамыту, белсенді және енжар сөздік қорын молайу.
Тәрбиелік. Баланы ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жеке
Дидактикалық материалдар: жұлдызқұрт, суреттер, қорапшалар, моншақтар т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Баламен сәлемдесу.
- Баланың назарын жердегі жұлдызқұртқа аударамыз.
- Сәлеметсіңбе, бізге бүгін сабаққа кім келгенін қарашы?
- Бұл ақылды да, көңілді жұлдызқұрт.
ІІ. Артикуляциялық жаттығулар жасау.
Жұлдызқұрттың тіліне назар аударайықшы. Ол тілімен түрлі жаттығулар жасай алады екен. Міне қара, ол тілін алға шығарып, содан соң қайта жасырып қоя алады екен.
Қанекей, біз екеуміз осы жаттығуларды жұлдызқұртпен бірге жасайықшы.
Тілді алға шығарып, сосын қайта жасырып қою.
Жұлдызқұрт тіс жуғанды жақсы көреді екен. Қанекей, жұлдызқұртпен бірге тісімізді тазалайықшы.
«Тіс тазалау» - Ауыз ашық. Жалпақ тілмен жоғарғы және төменгі тістерімізді тазалаймыз.
Тіліміз ширақ болу үшін «Қамыр илеу» жаттығуын жасайық.
«Қамыр илеу» - Ауыз ашық. Тілімізбен ерніміздің ішкі жағын ұрғылаймыз.
Тіліміз қамыр илеп шаршап қалған шығар. Қане, енді, тілімізді босаңсытайық.
«Жалпақ тіл» - Ауыз ашық. Тілімізді алға шығарып, төменгі иекке жалпақ етіп ұстап тұруы қажет.
Тілімізді босаңсытып болған соң, ол кемемен жүзгісі келді. Олай болса, тілімізбен қайықтың желкенін жасайықшы.
«Кеме» - Ауыз ашық. Тілімізді жоғарғы таңдайға көтеріп, 10-15 сек ұстап тұруы керек.
Келесі тілімізді жоғарғы тістің артына тірей отырып, «жжжж» дыбысын айтайықшы.
Жарайсың!
Ой, мұнда қарайықшы, жұлдызқұрттың көңіл-күйі түсіп кетіпті. Өйткені ол өзінің денесіндегі нүктелерін түсіріп алыпты. Қанекей, жұлдызқұртқа нүктелерін табуға көмектесеміз бе?
ІІІ. Негізгі бөлім
Фонетико-фонематикалық есту қабілетін дамытуғв арналған
«Нүктелерін дұрыс тап» ойыны
Құрал-жабдығы: буындар жазылған кішкене тақтайшалар, жұлдызқұрт.
Ойын шарты: баланың алдына буын жазылған тақтайшалар беріледі. Сол буындарды дұрыс тауып, сәйкесінше жапсыруы қажет.
Жарайсың!
Сөйлеу барысындағы дұрыс тыныстауды қалыптастыруға арналған ойын – жаттығуы. «Көңілді шариктер»
Ойын шарты: баланың қолына сабынсу беріледі. Берілген сабынсудан мұрынмен тыныс алып, ауызбен тыныс шығару арқылы көпіршіктер жасаймыз.
Жұлдызқұрттың көңіл-күйі көтеріліп, сенімен ойнағысы келіп тұр екен.
Ой, мұнда қарайықшы, Жұлдызқұртты іздеп достары – әнші гномдар келіпті. Бірінші олармен танысып алайық.
- Мына гитарада ойнайтын гномның аты – Арман. Ол тек «а» дыбысын айтады.
Мына сыбызғыда ойнайтын гномның аты – Олжас. Ол тек «о» дыбысын айтады.
Мына бубенде ойнайтын гномның аты – Ермек. Ол тек «е» дыбысын айтады.
Мына сырнайда ойнайтын гномның аты – Иса. Ол тек «и» дыбысын айтады.
Мына скрипкада ойнайтын гномның аты – Умка. Ол тек «у» дыбысын айтады.
Мына тромбонда ойнайтын гномның аты – Ырыс. Ол тек «ы» дыбысын айтады.
Логоритмика
Қане, бәріміз бірге,
Қосыламыз әнге.
Гномдармен әнді
Қайталаймыз «ааа-ооо»
Қане, бәріміз бірге,
Қосыламыз әнге.
Гномдармен әнді
Қайталаймыз «иии-еее»
«аа-оо-ее-ии-ыы-уу»
Қарайықшы, гномдар сенімен қосылып ән салғысы келіп тұр екен. Олай болса, бәріміз бірге ән айтайық.
Мұнда қарайықшы, гномдар саған арнайы сиқырлы жіп алып келіпті. Бұл жіп ғажайып қорапшаның кілті бола алады екен. Олай болса, екеуміз ғажайып қорапшаны іздейік.
Ғажайып қорапшаны табу үшін мына жолмен өтуіміз керек. (бала жұлдызқұрттың ішімен өтеді)
Ой, мұнда тұр екен ғой. Олай болса, ғажайып қорапшаны ашып көрейікші.
Ол үшін бізге не керек?
Кілт керек (баланың жауабы)
Олай болса, гномдар әкелген сиқырлы жіп бізге кілт бола алады екен. Қанекей, қорапшаның бетіндегі таңбаға сиқырлы жібімізді салып көрейік.(жіппен «Ж» әрпі жазылады)
Ой, жарайсың! Бізде «Ж» дыбысы пайда болды. Енді осы қорапшаны ашып көрейікші.
Мұнда «Ж» дыбысының бөліктері бар екен. Олай болса, «ж» дыбысын осы бөліктерден құрастырайық. (бала «ж» әрпін құрастырады)
Жарайсың! Енді осы дыбысыты гномдарға және жұлдызқұртқа көрсетейік (бала қолына «ж» дыбысын ұстап көрсетеді)
Жазу дағдыларын дамыту
Монтессори әдістемесі бойынша «Кедір-бұдырлы әріптермен жұмыс»
Ал, енді, осы «Ж» дыбысын әр гномның әнімен байланыстырайық. Ол үшін бізге түрлі түсті тастар көмектеседі. Сен осы тастарды «Ж» дыбысы мен әр гномның аралығына қойып, осыдан шыққан буынды дауыстап атаймыз.
IV. Бекіту
Ұсақ қол моторикасын дамыту жаттығуы «Моншақ тізейік»
Ойын шарты: баланың алдына дыбыстар жазылған қағаз беріледі. Бала сол берілген дыбыстардан буын құрап, оны моншаққа тізіп, буын атап әр гномның мойнына тағады. Ал жұлдызқұрттың денесіне қағаздан гүл жабыстырады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген