400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ж ж дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал ұстаздарға сабақ жоспарын жасау барысында қажет болады. осы сабақ арқылы ұстаздал өздеріне қажетті әдіс тәсілдерді ала алады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 24.01.2020

Сынып: 1 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама- қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математка, Музыка,

АКТ қолдану дағдылары

Суреттер, күнделікті тұрмыста қолданатын заттар

Тілдік құзыреттілік

Жалау-флаг

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Психологиялық дайындық:

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Барша адамды құрметтеп

Бас иеміз біз

Жарайсыңдар балалар. Орындарыңа жайғасыңдар

Біздің сыныбымызда өз ережеміз бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет.

Ережелер :
1.Тыныштық сақтаймыз.
2. Сұрақтарға дұрыс жауап береміз
3.
Бір-бірімізді тыңдаймыз.
4. Өз ойымызды ашық айтамыз.
5. Жауап толық болмаған жағдайда
сынып оқушылары толықтырады.
Сабағымызды « Ынтымақсыз іс бітпес»- деген ұранмен бастай отырып, сіздерді ұйымшылдыққа, ынтымақтаса жұмыстануға шақырамын

Шаттық шебері





Өткен сабақты пысықтау












Ой толғаныс

-Олай болса, өткен сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?

-Ә дыбысы мен ірпі

-Ә дыбысы мен әрпі туралы біз не білеміз№

-Ә дыбысы мен әрпі дауысты, жіңішке дыбыс. Ол сөздің басында, ортасында кездеседі.

-Өткен сабақта қандай мәтінмен таныстық?

-Аққала

. Бәріміз кітаптан Аққала мәтінін сұқ саусақпен ұстай отырып, оқиық.

  • Мәтін не туралы?

  • Аққаланы біз қай кезде жасаймыз?

  • Неше бөліктен тұрады?

Ал енді оқушылар біз «Ұйқасын тап» ойынын ойнап жіберейік.

— Іші тоған шәрбат,                               
Дәмі қандай әйбат,                               
Үзесің бірден жүзін,                            
Оның аты-
…( жүзім )  

Жүзім туралы өлеңімізді айтайық

Үзіп едім жүзімді

Жүзім бірден үзілді

Жүзімді жеп қойыппын

Өзім әбден тойыппын.


  • Сырты қандай қатты,

  • Дәні сондай тәтті.

  • Шағып қара таңдап,

  • Оның аты- .... (жаңғақ)   

-Құйрығы он қарыс,
Бұл- айбатты
…(жолбарыс )

Жолбарыс, жаңғақ, жүзім сөздерінде қандай ұқсастық бар?

Сонымен, оқушылар! Біз сендермен бүгінгі сауат ашу пәнінен Ж ж дыбысымен әрпін өтіп, танысатын боламыз.

Ж ж ж оқушылар кәне бәріміз айтып көрелік

Ауыз қуысынан еркін шығып тұр ма?

Мысалы қ дыбысын айтып көрейік, қалай естіліп тұр.

Жжж ше? Жұмсақтау, ұяң , естіліп тұр

Ж ж дыбысы мен әрпі дауыссыз, ұяң дыбыс.

Жолбарыс, жүзім, жаңғақ, жүзік

Ожау, әже, орамжапырақ

Мұқтаж

Ж ж дыбысы мен әрпі сөздің басында, ортасында және бір ғана сөзде соңында келеді.

Ал енді 7 санын көрегнде ойымызға не түседі?

7 саны

7 күлше,

7 күн,

7 қазына

7 ата бар

Осы 7 сөзіне дыбыстық талдау жасайық

4 дыбыс, 4 әріп, 2 буын бар.

Оқулықтағы суретке назар аударайық

Не бейнеленген?

Буындарды оқу.

Бірге оқу.тізбектей оқу

Жаға, жаса, жалау, жасау, жасыл, жайлау, жақсы, жаман, жылтыр, жауын, жарыс, Жарас

Оқулықпен жұмыс

Мәтінмен жұмыс

Мұғалімнің оқуы.

Бірнеше оқушыға оқыту

«Кім жылдам?» ойыны

Мәтін сұрақтарына жауап беру

Мәтін не туралы?

Жарыс қайда өтуде?

Кімнің аты жүйрік?

Кімнің жорғасы мықты?

2 тапсырма.

«Тез ойла, сөз ойла» ойыны

Ойын шарты: жаңбыр тамшыларынан қандай сөздер құрауға болады?

Жа лау жол сыл рық а жу

Жалау, жасыл, жол, арық, жарық

Жал жыл ға жү тыр зім

Жаға, жүзім, жылтыр,

Сергіту сәті
Әріп элементерімен таныстыру.
«Ж» әрпінің жазылуын көрсету.
Бірінші элементі - үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламымызды қойып, солдан оңға қарай доға сызықты үлкен жол ортасынан айналдырып, төмен тартамызда, жазу жолының төменгі сызығына тигізе доға сызықты сәл көтереміз.
Екінші элементі – жазу жолының жоғары сызығының доға сызықпен қиылысқан тұсына қаламымызды қойып, оңға қарай үлкен жол ортасына дейін көлбеу сызық түсіреміз де, бұрыш жасай отырып, сызықты төмен қарай жазу жолының сызығына дейін жалғастырып, оңға қарай бұрыштап көлбеу сызықты жазу жолының үстіңгі сызығына дейін көтереміз.
Үшінші элементі – бастапқы нүктенің тұсынан екінші доға сызықты оңнан солға қарай жүргіземіз.

Кіші әрпінің жазылуы.
Бірінші элементі – жазу жолының ортасынан қаламыңды қой. Солдан оңға қарай жоғарғы сызыққа тигізе доға сыза отырып, төмен тартамыз да сызықты астыңғы сызыққа тигізе солға қарай иеміз.
Екінші элементі – доға сызықтың ортасына қаламыңды қойып, жоғары сызыққа дейін көлбеу сызық жүргіземіз. Сызықты төмен астыңғы сызыққа жеткіземіз де оңға қарай бұрыштап көлбеу сызықты жазу жолының ортасына дейін көтереміз.
Үшінші элементі – енді осы сызыққа қосылатындай етіп, солдан оңға қарай жолды толтыра тағы да доға сызық сызамыз.
Ауада жазу

Дәптермен жұмыс

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы



№3 Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ажырат.

Алдымен бұрыш сөзіне түсінік беру

Түрма жай,

Қамыр жай.

Суға жуа-жуа,

Тазаланды жуа.

Көп мағыналы сөздер: Сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз.



Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы


Рефлексия

Кері байланыс

Ж дыбысы туралы не білеміз?

Сөздің қай бөлігінде кездеседі?

Жапырақ

Ожау

сөзіне сөйлем құрау

осы сөздерге дыбыстық талдау жасау.



Бағалау

оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі