Материалдар / Ашық сабақ жабайы аңдар

Ашық сабақ жабайы аңдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепке дейінгі мекеме логопедтеріне арналған
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Логопедиялық топтық сабақ Iтоп күні: 17.04.2015.

Сабақтың тақырыбы: «[Р] дыбысын буында, сөзде және сөйлемде бекіту» 
Сабақтың мақсаты: Р дыбысын бекіту 
1. Білімділік:  Р дыбысын буын, сөз ішінде дұрыс, анық айтуға машықтандыру 

2. Түзете дамыту: -артикуляциялық аппараттың қозғалуын дамыту; 
- дұрыс артикуляция қалпы дағдыларын өндеу; 
- фонетикалық есту қабілетін жетілдіру; 
- дұрыс тыныс алуын дамыту; 
- ұсақ моторикасын дамыту; 
- [Р] дыбысын буында,сөзде және сөйлемде дұрыс анық айтуға үйрету. 
3. Тәрбиелік: - Сабаққа деген қызығушылығын жаттықтыру, өз сөзіне бақылауға тәрбиелеу; 
- тәрбиеленушіні достыққа, татулыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың барысы: 
Менің оқыитын өлеңіме мұқият назар аударыңдаршы. 
(Өлеңді мәнерлеп оқып р дыбысына көңіл аударту). 
Ризамыз оқуға 
Ретімен тоқуға 
«Р»-ды айту қиын-ақ 
Кейбіреулер қорқуда 
Айтындаршы, қандай дыбысты мен көп қолдандым? ([Р] дыбысын). 
Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз Р дыбысын дұрыс дыбыстаймыз. 
Артикуляциялық жаттығулар. 
Енді балалар тілімізді жаттықтырып алайық Мен сендерге бір ертегіні айтып берейін 
«Көңілді тіл туралы ертегі» 
Бір күні тіл болыпты. Ертесімен ол серуенге шыққанда бақаны кездестіреді. 
Бақа сияқты ерінімді құлағымызға қарай созамыз. Жаттығу «Бақа» Бақаға қарап ол әрі қарай кете берді. Бір кезде құлыншақ балаларды мінгізіп келе жатыр екен. Тілде құлыншаққа мініп олармен шауып келді. Жаттығу «Құлыншақ» Құлыншақтан секіріп түсіп алтыбақан тебеді. Жаттығу «Алтыбақан» Алтыбақаннан секіріп түсіп ашулы мысықты көреді. Жаттығу «Ашулы мысық» Бір кезде қатты жел тұрып кетті. Тіл қорқып анасына үйге қарай қашып кетті. Үйде анасы тоқаш тәтті балмен пісіріп қойыпты Жаттығу «Тәтті бал» Тіл енді тәтті балға тойып алып шәй ішкісі келіп кетті. 
Жаттығу «Кесе» Шәй ішіп енді ұйқысы келді. Ұйықтар алдында тістерімізді тазалай керек. Қане тістерімізді тазалайық. Жаттығу «Тістерімізді тазалайық» 
«Р дыбысының артикуляциясы» 
Алдымен ”Р” дыбысының артикуляциясына назар аударайық. 
- ерін аздап дөңгелентіп тұрады. 
- жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ келеді 
- тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі 
- тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді. 
- тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады. 
- жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, ауаның мұрын қуысына өту жағын жауып тұрады. 
- дауыс шымылдықтары қатайып, бір - біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығады. 
- ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді. 
Дыбысты айтуын машықтандыру. 
Ойын « Жануарларға айналамыз ». 
Бір, екі, үш, жануарларға айланамыз. 
Итті бейнелеңдер, ол қалай ырылдайды (рррр). 
Тоқылдақ ағашты қалай тоқылдатады (тр – р – р, тр – р – р). 
Мысық қалай дауыстайды (мур – р – р – р). 
Қарғаның баласы қарны ашып анасын дауыстап шақырады (кар – р – р – р). 
Дыбысқа талдау. 
Логопед: Р дыбысы дауысты әлде дауыссыз, қандай түспен боялады? 
Фонематикалық қабылдауын дамыту 
Ойын «Дыбысты ұста» ([Р] дыбысын естіген кезде шапалақ ұр) 
а) дыбыстардың қатарымен: 
Р Р Н Г Р З Р Р Р В Р Д Р Ж М Р Р Р 
ә) буын қатарымен: 
РА- ЛО-ПО-РУ-МЫ-ОР-ВА-РА-РЫ-ҚО-РУ-АР 
б) сөз қатарымен: 
Алмұрт, Қияр, Қарбыз Радио, ру, рахмет, Райхан, рас, рота, республика 
Дыбысты буында автоматизациялау 
Ойын «Қайталанбақ» 
РА-РО-РУ-РЫ РАРАРА-РАРАРА 
РО-РУ-РЫ-РА РОРОРО-РОРОРО 
РУ-РЫ-РА-РО РУРУРУ-РУРУРУ 
РЫ-РА-РО-РУ РЫРЫРЫ-РЫРЫРЫ 
Сөйлемді соңымнан дұрыс қайтала. 
Рамазан мен Рахат ажырамас достар. 
Рауан мен Руслан бір үйдің балалары. 
Райхан радио тыңдап отыр. 
Ойын «Жалғыз және көп» (доппен). 
Қарбыз – қарбыздар , сиыр -… қар -… қора -… қарындаш -… Раушан -… теледидар-… бор-… ара-… 
Сергіту сәті. 
Орнымыздан тұрайық. 
Қолды белге қояйық. 
Бір отырып,бір тұрып, 
Сәл тынығып алайық 
Дыбыстың талдау мен жинақтау дағдыларын дамыту. 
Тапсырмалар: 
Неше дауысты дыбыс бар? Неше буыннан тұрады? «Р» дыбысының орнын анықтаңдар. Бұл сөз неше дыбыс бар? Р дысы қай жерде орналасқан басында ортасында соңында 
Ойын«Үйшік». 
Қорытынды: Бүгінгі өткен сабағымызды қорытындылаймыз. 
Бұл қай дыбыс? 
Дәптерде бар, 
Кітапта жоқ. 
Пәтерде бар, 
Үйде жоқ. «Р» 
- Біз бүгін сабақта не істедік? 
Қандай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік? 

Үй тапсырмасы: артикуляциялық жаттығулар.






























Тақырыбы: Жабайы аңдар.

Сабақтың мақсаты:

Жабайы аңдар туралы түсінік беру. Жануарлар тірі табиғаттың негізгі бөлігі, олардыңда алуан түрі бар екені түсінік қалыптастыру, білімдерін нығайту. Жануарларға қамқорлық көрсету жайында сөйлесе отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу. Есте сақтау қабілетін дамыту, ұсақ моторикасын дамыту.

Көрнекіліктер: жабайы аңдардың суреттері, қима суреттер, айна, слайд.

Сабақ барысы:

Сабақ 1клас оқушысымен өткізілуге жоспарланған. Диогноз: Резидуальная энцефалопатия. Задержка психического развития. Общее недоразвития речи I-II уровня. Осы сабақта сөздік жұмысын өткізіп мәтінмен танысып болғаннан кейін, сұрақпен жұмыс жалғастырамыз.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Қызығушылықтарын ояту.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қандай ай?

-Аптаның қай күні?

Өткен тақырыбты қайталау.

Тілімізге жаттығу жасайық ( «Алтыбақан», «Сағат», «Түтікше», «Жымию», «Тәтті шырын».)

Тыныс алу жаттығуларына  тоқталайық.

«Гүлдерді иіскейік». Біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз деп елестетейік. Гүлдер әдемі және хош иісті болады. Кәне, гүлдерді иіскеп көрейікші. Тамаша! Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

«Көбелекті ұшырамыз»  жіп ұстаған қолымызды жоғары көтеріп, көбелекті ерін деңгейінде ұстаймыз. Сол мезетте мұрын арқылы ауа жұтып, ауа ағымын көбелекке қарай, оны «ұшыру» үшін бағыттаймыз. Жаттығу 1-2 рет қайталанады.

Бекіту сабағы .

- Бүгін біз жабайы аңдармен танысамыз.

1-сурет : « Бұл қай аң?»

Аю, түлкі, қасқыр, кірпі, тиін.

Сөздік жаттығу

  • Ыр-ыр-ыр қасқыр

  • Кі- кі-кі түлкі

  • Пі-пі-пі кірпі

  • Ти-ти-ти тиін

Суретте нені көріп тұрсыздар?( Аю, қоян, қасқыр, түлкі, тиін, кірпі, т.б. суреттер көрсетіледі ) Оларды бір сөзбен қалай атаймыз ?

Жабайы аңдардың балаларын қалай атайды екен білеміз бе?

Түлкі-түлкіше

Қоян – көжек

Аю-қонжық

Қаскыр – бөлтірік

Ұсақ моторика: Ермексазбен кірпі жасау .

Балалар, енді осы жабайы аңдар нені жақсы көріп жейді екен? Қарайықшы 2 -сурет

Тиін жаңғақты жақсы көреді.

Түлкі тауықты жақсы көреді.

Қоян сәбізді жақсы көреді.

Аю балды жақсы көреді.

Кірпі алманы жақсы көреді.

Саусақтық жаттығу арқылы жануарларды көрсетіп жібереміз: «Қоян», «Тышқан».

Жұмбақты шеш.

Денесінде көп ине,

Инесіне сен тиме.

Тиіп кетсе саусағың,

Таба алмассың сен басын.

Жауабы: кірпі
Өзі қу, әрі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу.
Жауабы: Түлкі

Көлеңкесінен қорқып безектейді

Ал, оның баласын көжек,- дейді.
Жауабы: Қоян

Жаздай қыдырады,

Қыстай демалады.

Жауабы: Аю

Ойын. «Ненің басы? ненің құйрығы?».

« Жабайы аңдарды тап.»

Логопед: мен жабайы жануарлардың аттарын айтамын, ал сен жабайы аңдарды естігенде шапалақтайсың.

Бұғы, піл, арыстан, сиыр, қоян , жылқы, тышқан, аю, маймыл, түлкі, қасқыр.

Сергіту сәті:

Қоян ұйқыдан тұрды,

Беті қолын жуды.

Айнаға қарады,

Мұртын тарады

Сабақ бекіту :

Бүгінгі сабақтан жабайы аңдар туралы не білдің?

Андар қандай түрлерін білдін.

Үй тапсырмасы: Өзіне ұнайтын жабайы аңнын суретін салып келу.







Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі