15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Жабайы аңдар"
Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар
Ертаева Жазира Абдумажитовна
Қызылорда облысы, Шиелі кенті,
№ 3 облыстық балалар оңалту
орталығының логопед – Монтессори педагогы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Балалардың жабайы аңдар жайлы жалпы түсінігін қалыптастыру және жабайы аңдардың түрлерімен таныстыру.
2. Түзете-дамытушылық. Балалардың сөздік-логикалық ойлауын, ұсақ қол моторикасын, фонематикалық есту қабілетін дамыту, белсенді және енжар сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік. Балаларды табиғатты сүюге,аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Дидактикалық материалдар: Жабайы аңдардың суреттері, гүл, әйнекті тақта. т.б
Қажетті құралдар: Айна, гигиеналық орамал т.б
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Қуанамын менде
Қуанамын сенде
Қуанамыз достарым
Арайлап атқан күнге
Балалар бүгінгі көңіл-күйлерің қандай?
Тамаша,жақсы.
II. Артикуляциялық жаттығулар жасау.
- Ал,енді,балалар бүгінгі сабағымызды бастайық. Сабағымызды әдеттегідей артикуляциялық жаттығумен бастайық.
- Мына суретке назар аударайықшы. Суреттен нені көріп тұрмыз?
- Сағат. (Баланың жауабы)
- Дұрыс. Олай болса, сағат жаттығуын жасайықшы.
- «Сағат» - Ауыз ашық. Тілімізді алға шығарып, оңға – солға қимылдатамыз.
- Мына суретте не бейнеленген қарайықшы?
- Тарақ. (Баланың жауабы)
- Жарайсың. Олай болса тарақ жаттығуын орындайықшы.
- «Тарақ» - Күлеміз, тілімізді шығарып, тісімізбен тілімізді басып, тілді алдыға артқа тараймыз.
- Ал, мына суреттен нені көріп тұрмыз?
- Саңырауқұлақты көріп тұрмыз. (Баланың жауабы)
- Ия, дұрыс айтасың.
- «Саңырауқұлақ» - Күлеміз, аузымызды кең ашып, жалпақ тілді таңдайға жапсырып ұстап тұру керек.
- Жарайсыңдар.Ал, енді, бізге маса ұшып келіпті.
Фонематикалық есту қабілетін дамыту жаттығулары.
- Балалар маса қандай дыбыс шығарады екен?(Масаның дыбысын үнтаспадан тыңдау) "Дзззз" деген дыбыс шығарады.
- Ал, балалар, осы дыбысты бәріміз бірге қайталайықшы. (Балалар масаның дыбысын салады).
Дұрыс тыныс алуды қалыптастыру және ұсақ қол моторикасын дамыту жаттығулары.
- Жарайсыңдар, балалар. Ал, енді бәріміз бірге қол ұстасып күнге қонаққа барайық.(Балаларға сурет тарату). Күнге жетуіміз үшін мына суреттегі ирек жолдармен жүріп өтуіміз керек.
- Мына сызықпен жүру арқылы, жоғарыға көтерілгенде мұрынмен ауа жұтып, төменге түскенде ауыз қуысы арқылы шығарамыз.(3 рет қайталау). Балалар енді сендерге түсінікті болса, бірге қосылып жасайық.
- Тамаша, балалар, сендер ирек жолмен сүрінбей күнге жеттіңдер.
III. Жаңа сабақ
06.11.
- Ал,енді бүгін біз "Жабайы аңдар" жайлы әңгімелейміз.
- Жабайы аңдар орманда өмір сүреді екен. Бүгін біз жабайы аңдардың төрт түрімен танысамыз.
- Олар қасқыр, аю, түлкі, қоян.
Суретпен жұмыс.
- Мына суреттегі аңды – қасқыр деп атаймыз. Қасқырдың түсі сұрғылт, көкшіл болып келеді.
- Мына суреттегі аңды – аю деп атаймыз. Аюдың ақ, қоңыр түсті болады.
- Мына суреттегі аңды – түлкі деп атаймыз. Түсі қызғылт болады.
- Мына суреттегі аңды – қоян деп аталады. Қоян көк, ақ, сұрғылт түсті болады.
- Ал, балалар, мына суреттерден нені көріп тұрсыңдар? (Балалардың жауабы "аю, қасқыр, түлкі, қоян")
- Ия, балалар, дұрыс айтасыңдар. Бұларды жабайы аңдар деп атаймыз.
- Балалар,мына суретке қарайықшы. Осы суреттегі аңдарды әр қайсысымыз жеке-жеке қайталап шығайық.
07.11.
Трафаретпен жұмыс жасау.
Мақсаты : баланың көрнекі – бейнелік ойлауын, ұсақ қол моторикасын дамыту
Барысы: балаға бір жабайы жануардың бейнесін трафарет арқылы салу және бояуы қажет.
08.11
Фонетикалық жаттығу «Мәтінсіз ән»
- Біз қонақтарды қарсы аламыз. Біздің көңіл-күйіміз жақсы.
Біз тіпті мәтінсіз жай әндете аламыз:
Ля-ля-ля, ля-ля-ля, ля-ля-ля, ля-ля-ля
1.3 Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Алақанымызды жылытайық»
- Біздің алақанымыз жылыну үшін алақанымызға ұзақ үрлеу керек,
09.11.
«Есіңде сақталған бойынша сипатта»
Ойын мақсаты: есте сақтау, зейінді дамыту
Қажетті лайықтау: қуыршақ
Ойынның сипаттамасы: Педагог балаға жабайы жануарды көрсетеді. 30 секунд ішінде оны мұқият қарау керек және өте ұсақ бөлшектерді есте сақтауға тырысу керек: жүнінің, көзінің түсі қандай және т.б., сосын педагогтың сұрағына жауап береді.
Ұсыныстар: қосалқы сұрақтарды қиыншылық туындаған жағдайда ғана қойылуы керек.
10.11.
М.Монтессори әдісі. Карточкалармен жұмыс жасау.
Сергіту сәті.
- Ал,балалар, денемізді сергітіп алайық. Енді біз қоян туралы тақпақты тыңдайық. Және қимылын бірге орындайық. Жарайма, балалар? Олай болса бастайық.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
IV. Бекіту.
" Не жоғалды" ойыны.
Ойын мақсаты: Баланың есте сақтауын, сөздік-логикалық ойлауын дамыту, белсенді және енжар сөздік қорын байыту.Ойынға қызығушылығын арттыру.
Құрал-жабдықтары: Аңдардың мүсіндері (аю, түлкі, қасқыр, қоян).
Ойын барысы: Баланың алдына аңдардың мүсіндері қатарымен қойылады. Баладан мұқият қарап алуын сұрайды. Содан соң көзін жұмуын сұрап. Маман бір мүсінді жасырып қояды. Сол жасырылған мүсіннің атауын атауы керек.
V. Қорытынды. Балаларды мадақтап, ынталандыру сыйлықтарын беру. Ынталандыру сыйлығы үйде тыныс жаттығуын жасауға арналған үрлемелі ойыншықтар таратылады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген