400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жабайы аңдар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша
Материалдың қысқаша нұсқасы

 

 

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.


Кіріктірілген білім беру саласы:  Таным,шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану ,сурет.

Тақырыбы:  Жабайы аңдар.

Мақсаты: Орманда мекендейтін жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту. (Аю,қасқыр,қоян,түлкі).

Білімділігі:  Оларды бір-бірінен ажырата білу және дұрыс айтуға үйрету.

Дамытушылығы: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып,қызықты ойын арқылы эмоциялық сезімдерін дамыту.

Тәрбиелігі: Аңдарды қорғап ,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қасқыр,аю,түлкі,қоян.

Әдіс-тәсілдері: көрсету ,түсіндіру.

Көрнекі құралдар:  жабайы аңдар суреті ,кейіпкерлер.

Билингвальді компонент: аю-медведь ,қасқыр-волк, түлкі-лиса, қоян-заяц.

Тәрбиешінің басқару әрекеті:

Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Сендер кулкілерімен, мейрімділіктерімен менің журегімді жылыттындар.Қазір шеңбер бойымен журіп,қонақтармен,ортамен амандасайық.

Шаттық шеңбері:

Біздер жақсы баламыз,

Өсті міне санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып алайық.


Үлкенге де сіз,кішіге де сіз

Баршанызға құрметпен бас иеміз біз.


Жарқырасын куніміз,

Жайнап тұрсын гуліміз.

Жақсы тілек ниетпен,

Бугінгі оқу-қызметімізді бастайық.

Ұйымдастырушылық-ізденістік.

Жарайсындар, балалар!

Миға шабуыл:

Қазір жылдын қай мезгілі?(қыс мезгілі)

Қыс айларын атандаршы?(желтоқсан , қаңтар,ақпан )

Қазір қыс мезгілінің қай айы? (қаңтар)

Бір аптада неше кун бар?(7 кун)

Бугін аптанын қай куні? (бейсенбі)

Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін білеміз?(қар жауады,кун суық болады)


1.Жаңа оқу қызметі:

Тақырыбы: Жабайы аңдар.

Жануарлар 2 ге бөлінеді: уй жануарлары ,жабайы жануарлар.

Уй жануарларын уйде кутіп ,баптап,адамдар кутеді ,тамақтандырады.


Жабайы жануарлар орманда,далада,тауда тіршілік етеді.Олар өз көректерін өздері тауып жейді.


2.Жабайы аңдарға сипаттама беру.


Аю-жыртқыш аң .Басы улкен,құлағы кішкентай.Аю ақылды,иіс сезгіш.Суда өте жақсы сүнгиді.Тамақ талғамайды.Аю куздей семіріп,қыс бойы ұйықтайды. Балды өте жақсы көреді.


Қасқыр-қайсар,сақ,азулы,жыртқыш аң. Жартасты шатқалдарды, таудың етектерінде,унгірде жатады.Қасқыр да сезімтал жануар,ол еркіндікті жақсы көреді.


Тулкі - жыртқыш аң.Тусі сұрғылт,сары,құйрығы ұзын,сирағы қысқа.Әр маусымда жүндері өзгеріп отырады. Тулкі өте айлакер, қу аң. Ол тышқан,жәндіктерді жейді.


Қоян-қорқақ.Тез жугіруге бейімделген аң.Ің қазуға,өрмелеуге бейім.Жуні өте жұмсақ.Қыста жуні аппақ болады.


Тілімізді жаттықтыруға арналған тіл дамыту жаттығуы:

Ян-ян-ян-секендеген ақ қоян

Ю-ю-ю-қорбандаған аю

Кі-кі-кі-бұлаңдайды тулкі

Ыр-ыр-ыр-бұл көкжал қасқыр.

Бұлардың бәрін бір сөзбен не деп атаймыз?(жабайы аңдар)

Бұл аңдар қайда мекендейді?(далада,орманда)


«Сен білесінбе?»Сөздік жұмыс.

Аюдың баласы –қоңжық

Түлкінің баласы-мыршай

Қасқырдың баласы –бөлтірік

Қоянның баласы-көжек.


Аңдар туралы қаңдай ертегі білесіндер?(Үш аю,жеті лақ пен қасқыр,үйшік,бауырсақ)

Сергіту сәті:

Ақ қоян-ау,ақ қоян,

Бетінді жушы,

Қолынды сүртші,

Айнаға қарашы,

Шашынды тарашы,

Киімінді киші,

Мектепке қарай жүрші,

Орнына отыршы,

Сабағынды оқышы.


Ал, ендеше біздің «Айгөлек» тобының сахналық қойлымын тамашалаңыздар.

«Бауырсақ ертегісі»

Автор:

Баяғыда баяғыда бір кемпір мен шал болыпты.Бірде шал жалынып:

Шал:

Кемпірім-ау,маған бауырсақ пісіріп берсеңші

Кемпір

-Неден пісірейін?Ұн жоқ қой уйде

Шал:

Әй,кемпірім-ай!Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.

Автор:

Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп ,бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.

Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынын үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді .Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі .Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.

Бауырсақ!Бауырсақ!Мен сені жеп қоямын!

Қоян:

Бауырсақ:

Жоқ,сен мені жеме,саған қандай өлең айтып берер екем,онан да соны тыңда.

Автор:

Қоян құлағын түреді,ал бауырсақ әнге басады:

Бауырсақ:

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым,қоян сенен де құтылу қиын емес маған.

Автор:

Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп:

Қасқыр:

Бауырсақ!Бауырсақ!Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ:

Сен мені жеме, мен саған өлен айтып берейін.


Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған,бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қояннан да құтылдым ,қасқыр ,сенен құтылу қиын емес маған.

Қасқыр:Өленің жақсы екен,кете бер.


Автор:

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса алдынан аю қарсы шығады.

Аю: Әй бауырсақ !мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ: Сен мені жеме,мен саған өлең айтып берейін.


Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған ,бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.

Қояннан да құтылдым ,қасқырдан да сытылдым ,аю сенен де құтылу қиын емес маған.

Аю: жарайды ,өленің жақсы екен кете бер .

Автор: Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Алдынаң түлкі шығады.

Түлкі:

Амансын ба, бауырсақ!Көргендерге ұнайды,жүзін жылы шырайлы!

Автор:

Бауырсақ мақтағанға мәз болып ,өленің айта бастайды.Тулкі болса құмарта тыңдаған боп,қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып,жақындай береді.

Бауырсақ:

.

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған ,бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.

Қояннан да құтылдым ,қасқырдан да сытылдым ,аюдан да құтылдым, тулкі сенен де құтылу қиын емес бұл маған!

Түлкі: Менің құлағым жөнді естімейді ,жақынырақ келіп қайта атып берші өленіңді.

Автор:

Бауырсақ жақындап айта бастағанда,тулкі оны бас сап жеп қояды.

Осымен ертегі аяқталды назарларынызға рахмет!


Қорытындылау:


Балалар сендерге ертегі ұнадыма?

Неліктен бұл жерде аю,қасқыр, қоян жағымды кейіпкерге жатады?(бауырсақты жеген жоқ)

Ал ,түлкі ше?(жағымсыз)

Балалар бауырсақ неден жасалады?(ұннан)

Ұн неден жасалады?(бидайдан)

Бауырсақтың тусі қандай?(сары)

Пішіні қандай?(домалақ,шеңбер).

Ұннан жасалатын тағамдар: нан,бауырсақ,торт,печенье,т.б.


Ал,енді балалар мен сендердің зейіндерінді ,жылдамдықтарынды байқау арқылы сурет боятқым келіп отыр.

1.Балаларға аңдардың суреті бейнеленген қағазды үлестіру.

2.Бояуымызды,ыдысымызды дайындау.

3.Бояу тәсілдерің ұқыпты бояу туралы тусінік жұмысын жургізу.

4.Бояу кезінде ұқыптылықты қадағалау.


Біз қандай аңдармен таныстық?

Оларды орыс тілінде қалай атаймыз?


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: ертегі сахналауды.

Түсінеді: жануарларға көмектесу керектігін.

Меңгереді: түрлі сұрақтарға жауап беруді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 маусым
3344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі