400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жабайы аңдардың тіршілігі" "Айгөлек" ересек тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Жабайы аңдардың тіршілігі" "Айгөлек" ересек тобы Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы аңдардың тіршілігін сипаттап айтуға, олардың өмір сүру ерекшеліктерін білдіру. Жан- жануарларды қорғау, оларға қамқор болуға, неліктен жабайы деп аталатынын түсіндіру. Жабайы аңдарды ажыратып атауға, сол арқылы сөздік қорын байыту. Қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Тараулар: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жабайы аңдардың тіршілігі»

Мақсаты: Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы аңдардың тіршілігін сипаттап айтуға, олардың өмір сүру ерекшеліктерін білдіру. Жан- жануарларды қорғау, оларға қамқор болуға, неліктен жабайы деп аталатынын түсіндіру. Жабайы аңдарды ажыратып атауға, сол арқылы сөздік қорын байыту. Қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Жабайы аңдар

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Әрбір аңның және баласының атын дұрыс атауға жаттықтыру олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.

Билингвальды компонент: Аю – медведь, қоян – заяц, қасқыр – волк, түлкі – лиса.

Көрнекі құралдар: жабайы аңдар суреті

Тәрбиелігі: Аңдарды қорғап ,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Танымды оятушылық

Армысың, шапағатты күн ана

Армысың қайырымды жер ана

Армысың мейірімді менің достарым.

- Балалар бүгінгі көңіл – күйлерің қалай?

- Ендеше жақсы көңіл – күймен сабағымызды бастайық.

- Балалар қазыр жылдың қай мезгілі?

- Балалар күз айларын айтайықшы

- Күз айларында қандай өзгерістер болады?

Табиғат деген тіршілік иесі екен. Бүгінгі ашық оқу қызметінде Табиғаттағы тіршілік иесі жабайы аңдар мен танысады екенбіз.

Аю ақылды, иіс сезгіш, жыртқыш аң бірақ ешкімге тиіспейды. Жазда жеміс жидек тереді. Аюдың терісі бағалы, еті емдік қасиеті бар. Аю қыс бойы ұйқыда апанда жатады. Аюдың баласы- қонжық.

Түлкі -жыртқыш аң. Түлкінің терісі бағалы. Терісінен тымақ тігеді. Оны «Түлкітымақ» дейді. Түлкі қыста ұйықтамайды. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Түлкінің баласы – мыршай.

Қасқыр – жыртқыш аң. Тістері өткір, көздері жақсы көреді, сезімтал. Қасқыр – күшті, өте қауіпті аң. Қасқырдың баласы – бөлтірік.

Қоян – қорқақ аң. Қоян қыста жылы аппақ үлпілдек тон киеді. Қоянның құлағы ұзын құйрығы қысқа. Қоянның баласы көжек дейміз.

Балалар осы аңдарды бір сөзбен қалай атаймыз?

Олар қайда өмір сүреді?

Оларға азық – түлікті кімдер тауып береді?

Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты. Ой бауырсақ сен біздің балабақшада не істеп жүрсің?

- Балалар бауырсаққа көмектесемізбе?

Олай болса бауырсаққа көмектесіп орманға барайық бәріміз.

Ал балалар тақтаға қараймыз бәріміз орманда келе жатырмыз, келе жатырмыз. Алдымыздан бір нәрсе келе жатқан сияқты Балалар не?

- Балалар қоян бауырсаққа не деді?

- Қоян қоян мені жемеші.

- Мен сені жемеймін сен менің тапсырмамды орындайсың ба?

Еркежан: Ақ қоян -ау ақ қоян

Ұзын құлақ сақ қоян

Қаша берсен орманға

Қорқағым деп ат қоямын

Сонымен қоян бауырсақты жемеді. Өте жақсы. Ары қарай орманда келе жатырмыз келе жатырмыз Ой балалар алдымыздан тағы бір нәрсе кезікті? Балалар алдымыздан не кезікті? Мынау не?

Балалар қасқыр бауырсаққа не деді?

Бауырсақ – бауырсақ мен сені жеймін?

Балалар қасқырдың тапсырмасын орындасақ бауырсақты жемейді екен

Алихан: Қасқыр жортар түнмен

Күндес болып күнмен

Қасқыр жортар сайменен

Араз болып Айменен

Қасқыр жортар ойменен

Жолықсам деп қойменен

Тапсырма: Ең айлакер аң?

Ең қорқақ аң?

Балды жақсы көретін аң?

Қойға шабатын аң?

Сонымен балалар біз қасқырдың тапсырмасын орындадық. Қасқырда бауырсақты жемеді. Ал енді біз орманда келе жатырмыз , келе жатырмыз. Балалар алдымыздан не шықты?

Балалар аю бауырсаққа не деді?

Аю мені жемеші. Балалар аю шаршап келе жатыр екен арқасында дорбасы бар екен ол дорбада тапсырмасы бар екен. Пішіндердің атын атау? Пішіндердің түсін атау?

Әкежан: Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп теріп алайық

Қалтамызға салайық

Өте жақсы сонымен аюдыңда тапсырмасын орындадық. Ал балалар тағы орманда келе жатырмыз. Балалар не екен?

Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін

Балалар ертегіде бауырсақты не жеп қоюшы еді?

Балалар бүгінгі сабағымызда түлкі бауырсақты жемейді екен. Керсінше бәрімен дос болады екен. Бірақ түлкінің бір тапсырмасы бар екен?

Жабайы аңдардың төлдерін табу? (Түлкі аңдардың балаларын ұмытып қалыпты)

Айсұлу: Түлкі деген қу ғой

Жүрген жері шу ғой

Жатып алып жағада

Іздегені ду ғой

Сонымен балалар түлкі бауырсақты жемеді орманға қарай кетіп қалды. Ал балалар біз орманда келе жатырмыз бауырсақпен. Алыстан бір үй көрінеді.

Үйдің қасында кімдер тұр?

Ата әже мен сіздерді таба алмай адасып қалдым.

- Сәлеметсіңдер ме балалар! Иә бауырсақ біз сені орманнан іздеп жүрміз. Рақмет балалар бауырсақты бізге алып келгендеріңе.

-Балалар мен атам мен әжемді таптым. Сендерге көп рақмет. Сендер білімді, адамгершіліктерің мол балалар екенсіңдер мені аңдардан құтқарып қалдыңдар сендерге рақмет. Сау болыңдар.

Балалар қимыл – қозғалыспен көрсетіп, қайталайды.


Жақсы



Күз

(қыркүйек, қазан, қараша)

(күннің сууы, жапырақтар сарғайып түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді)























Жабайы аңдар


Орманда


Өздері

Маған сіздердің көмектеріңіз керек мен атам мен әжемнен адасып қалдым соны табуға көмектеріңіз керек.

Иә.



Қоян























Ия




Түлкі

Қоян

Аю

Қасқыр







Бауырсақ – бауырсақ мен сені жеймін



Шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш








Түлкі

Түлкі мені жемеші






Аю- қонжық, қасқыр -бөлтірік, қоян-көжек, түлкі- мыршай

Ата мен әже


Қорытынды: Балалар бүгінгі ашық оқу қызметі сендерге ұнадыма?

Балалар бізге қонаққа не келді?

Балалар біз қандай аңдар мен таныстық?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.11.2021
554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі