400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жабайы және үй жануарлары" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану пәнінен ашық сабақ өткізуге көмек ретінде ұсынылады. Сабақта барлық оқушыларды қамту үшін бірнеше тапсырмалар алынған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты

Дүниетану


Мұғалім: Асанова Б.К.

Сабақтың атауы

Жабайы және үй жануарлары

Мақсаты

а) Оқушылардың ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету. Жануар туралы алған  білімдерін пысықтай отырып, тақырыптың мазмұнын меңгерту;

ә) Жануар тіршілігін зерделеуде білім, білік, дағдысын қалыптастыру, тапсырманы орындау арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;

б) Оқушыларды табиғаттың жанашыры болып қорғауға өз үлесін қосуына, табиғатты қоғау парызын орындауға үйрету.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, ребус, суреттер.

Әдісі: Ақпараттық технологияны пайдалану, түсіндірме, сұрақ – жауап, әңгімелеу,  ой-толғау, топтастыру,

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың формасы: жеке, жұптық, топтық.

Жабайы және үй жануарлары туралы біледі. Өз ойын дәлелей алады.















Күтілетін нәтиже

Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық. Балалар бір-біріне сәттілік тілейді.

Жаңа сабақ.

      Ой шақыру.

Балалар, енді бәріміз тақтаға назар аударайық.

Мен сендерге қазір ребус шешуге тапсырма беремін. Осы ребусты шешеу арқылы бүгінгі тақырыпты анықтаймыз.(бұғы, сиыр сөзі шығу керек) Жауабын алдарыңдағы қағазға жазасыңдар. Сонымен бірге топта барлық бала жұмыс істесе топ мүшелері 6 баллдан алады. Топ мүшелері бақылап отыруы қажет. Алдарыңда бағалау парағы жатыр.(көрсетіп түсіндіріп беремін) Сендерге 3 минут уақыт беріледі.

Бірінші болған топтан екі бала шығып жауаптарын оқиды. Қалған топтың тапсырмалары тексеріледі.

Топ мүшелері өз тобын бағалайды.


Мағынаны тану

Сонымен біз бүгін «Жануарлар тіршілігі» тарауындағы «Жабайы және үй жануарлары» тақырыбымен танысамыз.

Тақырыпты оқулықтан оқып емес, өздігімізден жұмыс жасап, ашуға тырысамыз.

Келесі тапсырманы дәптерімізге орындаймыз.Бүгінгі күнді және тақырыпты жазамыз.

Ал енді дәптеріміздің бір шетіне үй жануары, келесі шетіне жабай жануар деп жазаып қоямыз.

Тапсырманы түсіндіріп беремін. Оқушылар 4 жабайы және 4 үй жануарының аттарын жазады. Сонымен бірге неге жабайы жануар екенін дәлелдеп жазады. Үй жануарының пайдасын жазады. Орындауға 15 минут уақыт беріледі.

Тапсырманы көршісімен алмасып тексереді. Әр оқушыда тексеру критериі болады. Оны өзім оқып беремін. Не себепті сонша балл қойғандарын дәлелдеп берулері тиіс.

«Сергіту сәті» Оқушылар интербелсенді тақтадан қарап қайталайды.

Келесі тағы да топқа тапсырма. Тағы да топта барлық бала жұмыс жасаса 6 баллдан алады.

Мына екі сурет бойынша не жазуға болады? (Қасқыр мен түйенің суреті)Екі-үш сөйлем жазуға болады. 3 минут уақыт беріледі. Бірінші болған екі топтың оқушысы шығып жауабын айтады. Қалған топты тексеріп шығамын. Топ мүшелері бағалайды.

Ой толғаныс

Сонымен балалар сабағымызды қорытындылайық.

Мен сендерге сұрақ қоямын. Егер келіссеңдер «иә» деп бас бармақты көтересіңдер. Ал «жоқ» десеңдер бас бармақты төмен түсіресіңдер

1.Жабай және үй жануарының ішінде сүтқоректілер бар ма?

Кәне бір-бірден аттарын жаза қойыңдар. Тақтадан тексеріп өздеріне балл қояды.

2.Жабайы және үй жануарларының ішінде өсімдікқоректілер бар ма?

Тағы да тексеріп балл қояды.

3.Жабай және үй жануарларының ішінде жемін аулап ұстайтындар бар ма?

Тексеріп балл қояды.

Оқушылар қанша балл алғандарын қосып, тақтадағы критериге қарап бағаларын қояды.


Үйге тапсырма

1 жабайы және 1 үй жануары туралы қызықты мәлімет тауып келу.

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Picture 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі