Білім саласы:
«Коммуникация».
Бөлімі: Сөйлеуді
дамыту.
Тақырыбы: «Жабайы
жануарлар».
Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы
түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір –бірінен
ажыратуға , дене мүшелерін дұрыс атай
білуге үйрету.
Аңдардың
тіршілігі мен қоректенетін ортасымен таныстыру сұрақ қою арқылы
сөйлеу белсенділіктерін дамыту.
Балалардың аңдарға, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін оятып,
оларды қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс
–тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелесу, шаттық шеңбер,
жұмбақтар, ойын.
Көрнекілік: Ағаштар, аңдар суреті, күзгі
орман көрінісі,электронды тақта.
Шатттық шеңбер:
Күннің
көзі ашылып,
Көкке
шуақ шашылып
Құтты
қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті
Амандасу
үлкенге
Тәрбиенің ісі ғой!
Ал,кәнекей , бәріміз
«Сәлем»
дейік үлкенге
-Саламатсыздар ма апайлар.
-Таңертен тұрғанда нені
көреміз?
-Күнге
қолымызды созамыз.
-Күннен
алған жылуымызды бір-бірімізге
таратайық.
Т:-Балалар жылдың қай
мезгілі?
Б:
Күз.
Т: Күз
мезгілінде неше ай бар?
Б:
Қыркүйек,қазан,қараша.
Т: Күз
айларында табиғатта қандай өзгерістер
болады?
Б:Күн
сытады.
Т: Ағаштан жапырақтар
түседі.
Б:
Құстар жылы жаққа ұшады.
«
Ғажайып сәт»
Т: Бізге
орманнан түлкі келді.
Түлкі:
Мен орманнан келе жатып, сандық тауып алдым.Ол сандықтың ішіне
сиқырлы ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды сандықтан
шығару үшін жұмбақтарымызды шешуіміз
керек.

Жұмбақтар:
Көлеңкесінен қорқып
безектейді,
Ал,оның баласын «көжек»
дейді.

Аузы бейне
шалғы,орақ,
Шөп емес, бірақ малды
орады.
Өзі қу, әрі
айлакер,
Жүрген жері айқай
шу.
Тәтті көрсе бас
салар,
Айнымайды
баладан.
Балалар бұл аңдарды сендер
қайдан көрдіңдер?
-Суреттерден, теледидардан
көрдік.
Т:-Бұлардың барлығын бір
сөзбен не деп атаймыз?
Б: Жабайы жануарлар
дейміз!
Т: Бұл аңдар қайда
мекендейді?
Б: орманда, таулы жерлерде,
мекендейді.
-Қыс түсімен көп жануарлар
өздерінің ініне тығылады. Аюдың апаны қыс та жылуды сақтап
тұрады.Ал, балалар қоян,қасқыр, түлкі,қысқа қарай жұқа жүні түсіп,
орнына қалың жүні өседі.
-Жабайы аңдар жыртқыш және
пайдалы болып келеді?
-Аңдардың бізге пайдасы
мол, олардың терісінен тон , жаға киімдер , бас киімдер
тігеді.
-Балалар,біздер орманға саяхатқа
барамыз.
Орманға
автобуспен саяхатқа шығады.
Ормандағы жабайы аңдармен
таныстыру.
Қоян-жабайы аң.Оның құлағы ұзын. Төрт аяғы
бар.
Т:Қоян
нені жақсы көреді?
Б:Сәбізді, шөпті жақсы
көреді
Т:
Қоянның түсі қандай?
Б:
Қоянның түсі қыста ақ, жазда сұры
болады.
Т: Қоянның баласын не
дейді?
Б:
Көжек
Т:Аю-жабайы аң, ол орманда тіршілік етеді Оның басы,
денесі , төрт аяғы бар.
Т:Аюдың баласын не
дейді?
Б:
Қонжық
Т:Аюдың сүйікті асы
қандай?
Б: Балық, балды, жеміс
жидектерді жақсы көреді.
Т: Аю қыс мезгілінде қайда
болады?
Б: Аю апанда қыс бойы
ұйықтайды
Т: Аюдың түсі
қандай?
Б: Ақ, сұры, қара
болады
Т: Қасқырдың сүйікті асы
қандай?
Б:Ет
Т: Қасқырдың түсі
қандай?
Б:Қасқырдың түсі
көк,құйрығы ұзын, тісі өткір болады
Т: Қасқыр қайда
мекендейді?
Б: Орманда, жазықтықта,
таулы жерлерде мекендейді
Т: Қасқырдың баласын не
дейді?
Б:
Бөлтірік
Т:Түлкінің баласын не
дейді?
Б: Түлкінің баласын
–түлкішек
Т:Түлкі немен
қоректенеді?
Б: Ұсақ жәндіктермен,
тышқанмен қоректенеді
Т:Түлкінің түсі
қандай?
Б: Қызғылт
сары
Т: Түлкінің жүні әрі
жұмсақ, тығыз болады. Жыл маусымына қарай өзгеріп
отырады
Аңдардың
дыбыстары туралы видео көру.
Тілімізді жаттықтыруға арналған тіл дамыту
жаттығулары
Ян-ян-секендеген ақ
қоян,
Ю-ю-ю-қорбандаған
аю
Кі-кі-кі –бұл айлакер
түлкі
Қыр-қыр-қыр- бұл көкжал
қасқыр.
Сергіту сәті:
Көлбең
көлбең көлеңкем
Көлбең
деген көлеңкем
Кім
көрсетіп береді
Қоян
қалай секіреді,
Қасқыр
қалай жортады
Түлкі
қалай жүреді
Аю қалай
қорбаңдайды.
Шығармашылық жұмыс:
Балаларға түрлі-түсті қағаздан аю бейнесін
жапсырту.
Балалар
бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы
оқу қызметінде алған білімдері қорытындылады. Сұрақтарға жауап
береді. Бір –бірінің жауаптарын
тыңдайды.
Күтілетін
нәтиже:
орындайды:жабайы жануарлардың сипаттық
белгілерін байқап, оларды сипаттап айтуға арналған
тапсырмаларды.
түсінеді: жабайы жануарлар туралы берілген
мәліметтерді.
қолданады: .жабайы жануарлардың жүріс
-тұрысын қимылмен келтіре білу
дағдыларын.