Жабайы жануарлардың күзгі
тіршілігі.
«Көгершін» ортаңғы
топ.
Тәрбиеші: Байтишкина
Д.Қ.
Кіріктірілген оқу іс
әрекеті
Таным /
Шығармашылық
Экология негіздері
Жапсыру
Тақырыбы: Жабайы жануарлардың күзгі
тіршілігі.
Мақсаты: Балаларды жабайы жануарлардың
күзгі тіршілігімен таныстыру.
Табиғатқа, жануарларға
сүйіспеншілік, қамқорлық жасай білуге
тәрбиелеу.
Шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
2013-2014 оқу жылына арналған
жылдық міндеттердің 3- 4 бөлімдерін қамтыды. Яғни қоршаған ортаны
шығармашылық қабылдауы арқылы білімдік саласын игеруде балалардың
танымдық – тілдік белсенділіктерін
жетілдіру.
Ойын әрекеттерін қалыптастыру
арқылы мектепке дейінгі балалардың интелектуалды - шығармашылық
қабілеттерін дамыту. Балалар сабақтың жаңа әдісін жіп қиындыларын
жапсыруды игерді.
Сабақ барысында: дидактикалық
ойын, қимылды ойын, сұрақ-жауап, серуен, жұмбақ шешу,тақпақ
айтылды. Жалпы ұйымдасқан оқу қызметі барысында алдыма қойылған
мақсаттарға жеттім. Балалар жануарлардың күзгі тіршілігімен
танысты. Балалар сұрағыма толық жауап берді. Өз білімдерін көрсете
білді. Ұжыммен жұмыс кезінде ұйымшылдық көрсете білді. Жануарларға
қамқорлық жасады.
«Айнагүл» балабақшасы
МКҚК

Кіріктірілген ұйымдасқан
оқу іс - әрекеті
Білімдік
облысы: Таным /
Шығармашылық
Бөлімі: Экология негіздері
Жапсыру
Тақырыбы: «Жабайы жануарлардың күзгі
тіршілігі.»
«Көгершін» ортаңғы
топ.
Өткізген:
II – санатты
тәрбиеші
Байтишкина
Д.Қ.
Білімдік
облысы: Таным /
Шығармашылық
Бөлімі: Экология негіздері
Жапсыру
Тақырыбы: Жабайы жануарлардың күзгі
тіршілігі.
Мақсаты: Балаларды жабайы жануарлардың
күзгі тіршілігімен таныстыру.
Табиғатқа, жануарларға
сүйіспеншілік, қамқорлық болуға тәрбиелеу.
Шығармашылық қабілеттерін
дамытып, ұжыммен бірлесіп жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
барысы:
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме
балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Балалар қараңдаршы бізге көп
қонақтар келді, қонақтармен амандасайық. Бәріміз бірге тұрып
ертеңгілік шеңбер құрамыз.
Ертеңгілік
шеңбер.
Күннің көзі
шығады,
Жоғары,
жоғары.
Күннің нұры
жарқырап,
Күледі,күледі.
Жақсы, жақсы,
жақсы.
Күннің көзі
астында,
Бәрі ән
шырқайды.
Күз туралы
әңгіме.
-Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
-Қайдан білдіңдер күз мезгілі
екенін?
-Күзде ауа райы қандай
болады?
-Балалар сендер қандай
жануарларды білесіңдер?
-Ал жабайы жануарлар қайда
болады?
Тақтадағы суреттерді
көрсету:
Бүгінгі біздің тақырыбымыз
«Жабайы жануарлардың күзгі тіршілігі». Тақтадан қандай жануарды
көріп тұрсыңдар?
( Жабайы
жануарларды.)
Тәрбиеші: Қанекей, барлығымыз айтайықшы:
Аю, түлкі, қоян, тиін, қасқыр. Балалар, бұларды бір сөзбен
жабайы жануарлар деп атаймыз. Жабайы жануарлар орманда
тіршілік етеді.
-Сендер күзгі орманда
болдыңдар ма?
-Орманға барғыларың келе
ме?
Орманда тыныш жүру керек,
ағаштарды сындырмау керек.Құстың ұясын,құмырсқаның иелеуін бұзбау
керек.
Табиғат туралы
әңгімелеу.....
-Балалар ағаштарға қараңдарш,
ағаштарда жапырақтар бар ма?
Балалар біз адасып кеткен
сияқтымыз.
Түлкі
келеді.
Түлкі: Сәлеметсіздер ме! Сендер
кімсіңдер? Немене іздеп жүрсіңдер?
-Біз « Көгершін» тобының
балаларымыз, аңдардың күзгі табиғатты көру үшін келдік, адасып
кеттік.
-Түлкі сіз жолды білесіз
бе?
Иа, білемін, егер сендер менің
жұмбағымды шешсендер мен сендерге жолды
көрсетемін.
Жұмбақ:
Өзі қу да
айлакер.
Жүрген жері айқай да шу.....
Түлкі
Түлкі сіз өзіңіз жайлы айтып
беріңізші?
Түлкі: Мен өзіме азық іздеп
табамын.Мен сондай қу жануармын.
Түлкі сіз бізге орманнан
шығуға көмектесіңізші біз адасып кеттік.
Түлкі: Мен сендерге жолды көрсетем
егер сендер мен туралы тақпақтар айтып
берсеңдер?
Түлкі туралы
тақпақтар:
Түлкі деген қу,
неткен,
Жүрген жері шу
екен.
Түздің жылпос бұл
аңы,
Артында көп
ылаңы.
Қазір сендер тура жүресіңдер
содан соң оңға жүресіңдер сосын солға қарай жүресіңдер.Сау болыңдар
балалар!
Аю
келеді: Сендер кімсіңдер? Не іздеп
жүрсіңдер?
-Біз « Көгершін» тобының
балаларымыз, күзгі табиғатты көру үшін
келдік.
Аю сіз күз мезгілінде не
істейсіз?
Аю: Мен өзіме азық жинаймын
.Орманның ішінде өсетін жеміс жидектерді жеймін. Әбден тойып аламын
қыс басталғанда мен ұйқыға кетемін.
Балалар сендер тонып, шаршаған
шығарсыңдар менімен бірге аздап дем
алайық.......
Ойын
ойнау: Аю мен
аралар.......
Қазір сендер тура жүресіңдер
содан соң оңға жүресіңдер сосын солға қарай жүресіңдер.Сау болыңдар
балалар!
Қоян
келеді: Қоян жылып кіріп
келеді.
Аю: Қоян саған не
болған?
Қоян: Сәлеметсіздер
ме!
Қоян: Балалар сендер орманда
жүргенде менің көжектерімді көрдіңдер ме?
Жоқ
көрмедік.
Мен көжектеріме азық жинап
келсем менің көжектерім үйден шығып
кетіпті.
-Балалар біз қоянға көжектерін
тауып беруге көмектесеміз бе?
Иа
көмектесеміз.
Көжектерді тауып беру үшін
бізге топқа бару керек,бірақ біз жолды
білмейміз.
-Қоян сен білесің
бе?
-Қоянды бірге
шақырамыз.
Балалар қазір біз сендермен
қағаздан қоянның көжектерін жасап береміз.
Бүгін біз сабақтың жаңа
әдісімен танысамыз. Әдістің аты: Жіп қиындыларын жапсыру. Қазір мен
сендерге көрсетемін сендер қараңдар.Сендердің алдарыңда көжектің
бейнесі жатыр және қоңыр түсті жіп қиындылары жатыр.Көжектің ішіне
қолдан жасалған желімді жағамыз.Жіп қиындыларын аламыз да көжекке
жапсырамыз.Бос орын қалмасын.
Осындай көжек шығу керек.
Бастаймыз. Арқамызды тік ұстаймыз, тазалықты сақтаймыз. Желіммен
жұмыс жасағанда ұқыптылық сақтау керекпіз.
-Жарайсыңдар балалар,енді осы
көжектерімізді қоянға береміз.
Қоян: Рахмет балалар, енді мен
көжектерімді ешқашан жалғыз қалдырмаймын.

Қоян: Балалар сендерге мен өте
ризамын, маған көжектерімді тауып бердіңдер.Өздерің сондай қамқор
балалар екенсіңдер!
Балалар менің сендерге арнаған
сыйылығым бар.Сіз де бізден құр қол кетпеңіз, Біздің топ өте
қонақжай.Көжектеріңізге сыйлық.
Қоян: Енді маған орманға кету
керек.Сау болыңыздар!
Қорытынды:
-Балалар бізде қандай сабақ
болды?
-Не туралы
әңгімелестік?
-Қайда саяхатқа
бардық?
Орманның көрінісі қандай
екен?
Орманда қандай жануарларды
кездестірдік?
Оларды бір сөзбен қалай
айтамыз?
-Қоян неге
жылады?
Біз қоянға көмектесе алдық
па?
Балаларды
мадақтау.
Қонақтармен
қоштасу.