400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Жай бөлшектерге амалдар қолдану" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мұғалімнің аты-жөні: Джанзакова Ж.

Пәні: Математика

5-сынып

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім 5.2А Жай бөлшектерге амалдар қолдану

№18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназия


Тақырып

Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. (Есептер шығару)


Оқу бағдарламасына сілтеме:

5.1.2.16

жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру; жай бөлшектерді, аралас сандарды салыстыру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Жай бөлшектің негізгі қасиеттерін қайталай отырып, жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіруді үйрету, есептер шығарту

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыптың мазмұнын түсіну, оны өмірмен байланыстыруға , ой қорытындысын жазуға үйренеді

Кейбір оқушылар:

Тақырыпты меңгеру барысында әр түрлі ойын элементі бар есептерді шығару арқылы қабілеті мен бейімділігін дамыта түседі, ептілікке үйренеді

Бағалау критерийлері

  • Дұрыс бөлшек,бұрыс бөлшек,аралас сандарды ажырата алады;

  • Бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіре алады;

  • Нәтиже бұрыс бөлшек болса аралас санға айналдыра алады;

  • Жай бөлшекті қолданып мәселе есептерді шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың сөздік құрамы артады. Өз ойын еркін білдіре алады, анықтамаларды ешбір қиындықсыз айтады.

Пәнге қатысты лексика мен терминалогия

Қазақ

Орыс

Ағылшын

Бөлшек

Дроб

Fraction

Бөлшектің алымы

Числитель

Numerator

Бөлшектің бөлімі

Знаменатель

Denominator

Аралас сан

Смешаное число

Mixed number

Қосу

Сложение

Addition

Азайту

Вычитание

Subtraction

Бөлшек сызығы

Линия дроб

Fractional line

Дұрыс бөлшек

Правильная дробь

Proper fraction

Бұрыс бөлшек

Неправильная дробь

Improper fraction


Құндылықтарды дарыту

  • Жай бөлшектер мен аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру амалдарын орындай білу біліктілігін қалыптастыру. Оқушыны өмір бойы білім алуға үйрету, ойын ашық жеткізуге мүмкіндік беру.

  • Топтарға біріктіре отырып бір-бірімен ой бөлісуге , бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға, бір-бірін тыңдай білуге, сыныпта ауызбіршіліктің қалыптасуына жағдай жасау.

Пән аралық байланыстар

Анықтамаларды дұрыс, нақты айту арқылы қазақ тілі пәнімен және де жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында физика , геометрия пәндерімен байланыс орнатамын.

АКТ қолдану дағдылары

Жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды слайд арқылы көрсетіп, презентациялар және ноутбуктар қолдану

Алдыңғы сабақтан алған білім

  • Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру .

  • Жай бөлшектерді қысқарту.

  • Дұрыс және бұрыс бөлшектер.

  • Аралас сандар.

  • Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың барысы

Оқыту ресурстары


Сабақтың басы

(5 мин)


1.Ұйымдастыру кезеңі.

  • -Сәлемдесу

  • -Оқушыларды түгелдеу

  • -Топтарға бөліну

2. Үй тапсырмасын тексеру.

  • №462

  • №463 есептер

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы шолу сұрақтарын беру:

1. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?

2. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?

3. Аралас сандар дегеніміз не?

4. Аралас сандарды бұрыс бөлшекке қалай айналдырамыз?

5. Координаталық сәуледе жай бөлшектерді қалай кескіндейміз?


Презентация

Слайд 1-5

Сабақтың ортасы

(7мин)



















Топтық жұмыс

(10 мин)






«Ой сергіту» әдісі арқылы оқушыларға жылдам орындалатын логикалық тапсырмалар беру.


Оқулықпен жұмыс :

«Эстафета» әдісі арқылы оқушылар жарыса есептерді шығарады.

№466

№467

«Ойлан,Бірік,Бөліс» әдісі

Әр топқа тапсырмалар беріледі, тапсырмаларды топ бірлесе отырып орындайды.













Презентация

Слайд 6-9








Слайд 9

Оқулық

Жұмыс дәптер



Слайд 1-3

Плакат

Маркер



Жеке жұмыс

(5 мин)


« Жай бөлшектер бойынша» қалыптастырушы

бағалау тапсырмалары

1-тапсырма

Күлгін түспен боялған дөңгелек 1 бүтінді білдіреді.



Суреттің қандай бөлігі күлгін түспен боялған?



Дескриптор: Білім алушы


аралас санды жазады

2-тапсырма


а) берілген сандардың ішінен аралас сандарды таңдап жазыңыз:



Дескриптор: Білім алушы

− аралас сандарды таңдайды;


− сандарды бүтін және бөлшек бөліктердің қосындысы түрінде жазады

Слайд 1-2

Кері байланыс

(2 мин)

Кері байланыс

«Тілек ағашы» оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып,тілек ағашына жапсырады.

  • Нені білдім, нені үйрендім?

  • Нені толық түсінбедім?

  • Немен жұмысты жалғастыруым керек?

стикерлер

Үй тапсырмасы

(1 мин)

  • №468

  • №469

Оқулық

Жұмыс дәптері


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

  • Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі