400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жай және құрмалас сөйлем" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарияланып отырған материял бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет. сонымен қатар оқып жүрген студенттер де пайдалана алады. қысқа мерзімді жоспарда қазіргі кездегі білім беру технологиялары, солардың ішіндегі әдіс-тәсілдері қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 98 жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сыныбы: 4 «Ә»

Пәні: қазақ тілі

Бастауыш сынып мұғалімі: Журабекова А.

Өтілетін күні: 15.11.2017ж.

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

Жай және құрмалас сөйлем

Мақсаты

Оқушылардың сөйлем туралы алған білім –білік дағдыларын кеңейту. Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын ұғындыру.
Оқушының ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайтып тіл байлығын арттыру.
Ұйымшылдыққа, сауаттылыққа, тыңдай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

1. Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын айыра біледі.

2. Өз ойларын еркін айта алады.

3. Топтаса жұмыс жасауға үйренеді.

Сабақтың модульдері

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Көрнекіліктері

Кесте, сурет, семантикалық карта, венн диаграммасы

Сабақтың кезеңдері мен уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қолданыла-тын

ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

  Оқушылардың қызығушылығын ояту арқылы «Мен қандаймын» ойыны арқылы өздерін таныстырып өтеді.Оқушыларды санау арқылы 3 топқа бөлу. (1,2,3)

Оқушылар оқу құралдарын түгендейді

Оқу құралдары

Психология-лық ахуал

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, бір-біріне жақсы ниеттер айтып, бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.

Шеңберге жиналу

Шеңбер

Үй жұмысын тексеру

49-жаттығу.  Сөйлемдерді жай сөйлем бе, әлде құрмалас  сөйлем бе соны ажырату.

       Жай                                           Құрмалас

      сөйлем                                          сөйлем

Оқушылар ережелерді қайталайды

Оқулық

Дәптер

Қызығушылықты ояту

Сөз таптары

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Айгүл

+




Төрт




+

Жүгіреді


+



Қызыл



+


Бір




+

Ойнайды


+



Күтіп отыр


+



Сары



+


«Ыстық орындық»

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін айтылуына қарай нешеге бөлінеді?

-Сөйлемнің түрлері. Оған мысал келтір.

-Жай және құрмалас сөйлем. Мысал келтір.

-Құрмалас сөйлемді тілімізде не үшін қолданамыз?

-Құрмалас сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады?

Оқушылар ережелерді қайталапп сұрақтарға жауап береді

фишкалар

Сергіту сәті

Ұшты-ұшты


Оқушылар сергіп алады, шаршағандары басылады

Жаңа сабақ бойынша тапсырманы орындау

51-жаттығу жұмбақтың шешуін тауып оны жатқа жазу.

Дәу қара құс көрінді,

Көзінің жасы төгілді.             (бұлт)

52-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып жай және құрмалас сөйлемдерді ажырату.

Жай сөйлем:  Құсбегі бүркіт салды.   Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы.

Құрмалас сөйлем: Абай сәлем беріп үйге кіргенде, кең үйдің іші лық болған кісі екен.

Біз далаға шықсақ, боран басылыпты.

Топтық жұмыс

Үш топқа шілдехана, бесікке салу, тұсау кесер сияқты қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып өту.

Бес жолды өлең құрау, әр салтқа байланысты мақал-мәтелдер айту.

Үш топқа шілдехана, бесікке салу, тұсау кесер сияқты қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып өту.

Бес жолды өлең құрау, әр салтқа байланысты мақал-мәтелдер айту.

Ой толғаныс

Шығармашы-лық жұмыс

55-жаттығу. «Жалғасын тап» ойыны

1. Ол бүгін үйге ерте келіп, бізге ас әзірледі.

2. Лезде аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауа бастады.

3. Жаз ыстық болса, қыс қатты болады.

4. Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.

5. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

Үйге тапсырма

56-жаттығу 75 бет

Сөйлемнің екі түрі-жай және құрмалас сөйлемдер туралы ойыңды, біліміңді жинақтап, сызбаға түсіру.

Күнделіктеріне жазып алады

Оқулық

Күнделік

Бағалау

бағалау парақшасындағы жинаған ұпайларды есептеп, жиынтық баға шығару


Бағалау парақшасын толтырады.

Бағалау кестесі

Күнделік

Рефлексия








ДОІЖО:________________

15.11.2017ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
896
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі