400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Жай механизмдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Егер кір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады. Аса ауыр денелердің массаларын анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы:

Жаймеханизмдер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі:


СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

7.2.4.1 – «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру;

7.2.4.2 – күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Жаңа білім. Жаймеханизмдер.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып

Энергияныңсақталуыжәнеайналуы

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу 2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут

«Қызыл гүлім-ай» би

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Ортасы

15 минут

Білу және түсіну 10 минут

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс

«Броундық қозғалыс»

Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.

1. Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?

2. Механикалық энергияның сақталу заңын қалай тұжырымдайды?

3. Иіндік деген не?

4. Күш иіні дегеніміз не?

5. Күш моменті деген не?

6. Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?

Автобуспен саяхатымызды жалғастырайық.

3. Енді, оқушылар автобустан түсіп,  «Иінді таразылар» елімен танысайық.

Егер кір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.

Аса ауыр денелердің массаларын анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.

Ондай таразының тепе-теңдік шарты:

mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.

Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.

Оқушылар,  «Иінді таразылар» елімен танысып болсақ әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.

4. Жол бойындағы бөгеттің тапсырмасын орындау:

1. Теңиінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?

2.Теңиінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде?

3. Бір ғана кір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса, оның жұмыс істеу принципі қандай Саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.

5. Алдымызда тағы бір елдің барын көріп келе жатырмыз. Енді «Жай механизмдер» елімен танысайық:

Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар механизмдер деп аталады.

Жай механизмдерге мыналар жатады: иіндік, блок, шығыр, көлбеу жазықтық және оның өзге түрлері: сына, бұранда.

Әр түрлі иіндіктер тұрмыста жиі қолданылады. Мысалы: Блок дегеніміз-өз осінің төңірегінен айнала қозғала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершік. Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайтын блокжылжымайтын блок деп аталады (а-сурет).

Жылжымайтын блокты теңиінді иіндік деп қарастыруға болады (ә-сурет).

Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырса, ондай блок жылжымалы блок деп аталады (б-сурет).

Күштен ұту үшін жылжымалы және жылжымайтын блоктарды бірге пайдаланады (г-сурет).

«Жай механизмдер» елімен танысып болсақ, саясатымызды әрі қарай жалғастырайық.

Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі

Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.



«Броундық қозғалыс» әдісі арқылы түсіндіріледі.


«Интервью» әдісі

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.

Аяқталуы 20 минут

Синтез

«Маңыздылық» кестесі

Shape1

«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (Энергия)

2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)

3. Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды.(Мұз)

Есеп шығару.

1.Есеп:100 кг жүкті 10 м биіктікке көтеру үшін көлбеу жазықтық пайдаланылды.Тартушы күш 245 Н болса,неше метрлік көлбеу жазықтықта жұмысты орындауы мүмкін?

2 Есеп: Иіндік (рычаг)тепе-теңдікте болуы үшін А нүктесіне қандай күш түсіру керек?

3 Есеп: Иіндіктің иіндерінің қатнасы 1/10. Оның ұзын иініне әсер ететін күш 150 Н-ға тең болса,онымен ауыр жәшікті 12 см биіктікке көтергенде қанша жұмыс істеледі?

Оқушылар тапсырмамен жұмыс жасайды

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз


Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия


«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
1120
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі