400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жалаң және жайылма"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтарға дайын материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Жлаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін кеңейту. Сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілін ұштау.

3.Тәрбиелік: Шапшаңдыққа және уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

саяхат сабақ

Сабақтың әдістері:

сұрақ - жауап, ойын, көрнектілік.

Сабақтың формасы:

жекелей, топпен.

Пәнаралық байланыс:

математика, дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі:

сиқырлы сандар, қақпалар, ойын, сызба.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал

-Балалар, сендер өздеріңді жақсы көресіңдер ма?

-Бір –біріңді жақсы көресіңдер ма? Ендеше бір – бірімізге деген жылы лебізімізді білдірейікші.

Бір – біріне жылы лебіздерін білдірген соң бәріне сабақта сәттілік тілеймін.

Сабақта әр дұрыс жауапқа фишка таратылатынын, сосын сабақ соңында фишка санына байланысты бағаланатындарын хабарлау.

Қызығушылықты ояту

« Сиқырлы сандар » ойыны. Буындар сандармен жабулы тұрады. Сұрақатарға жауап беру арқылы сандарды біртіндеп ашамыз. (Сұрақтар алдын ала үнтаспаға жазылған)


Сөйлемнің қандай мүшелері бар?

Тұрлаулы мүшелерге не жатады?

Тұрлаусыз мүшелерге не жатады?

Бастауыш дегеніміз не?

Баяндауыш дегеніміз не?

Жай сөйлемнің қандай түрлері бар?

Жалаң сөйлем деген не?

Жайылма сөйлем деген не?

Жаңа материалдармен жұмыс: Оқулық және дәптермен жұмыс.

Күн ретінде жазу. Көркем жазу.

Сөздік диктант: Шаңырақ, аптығу, даяшы, саябақ, қою, еңбек, сымбатты, қарапайым.


Тапсырма: 2- 3 сөзді қатыстырып жалаң және жайылма сөйлем құрастыру. 115 - жаттығу. Үш сөзден құралған жайылма сөйлемдерге керекті сын есімдерді қосып, төрт сөзден құралған жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз: Оқушылар озат шопанмен кездесті. Жарыс үлкен залда өтті. Жас балықшылар көлге жақындады. Қатты гүріл алыстан естілді.


116 – жаттығу. Ребусты шешу. Шыққан мақалды сөйлем түрлеріне және сөйлем мүшелеріне талдау: Ерді намыс өлтірер.

Шығармашылық тапсырма. 117 - жаттығу. Суретке қарап,әңгіме құрастыру.

Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді тиісті сызықтарымен белгілеу.

120 – жаттығу.Сөздерді тролықтыру (ауызша)


Сергіту сәті

Балалар, орындыққа дұрыстап отырып, қолымызды санымызға қоямыз, көзді жұмып, бұлшық етті бос ұстаймыз.

Мен ыңғайлы орналасмын.

Ешқайда асықпамын.

Ақырын және баппен рақаттанып дем аламын.

Мен тынышталамын.

Мен тынышпын, маған өте жақсы.

Денемнің барлық жері тыныш.



Қолым босаңсиды.

Бүкіл денем тыныш.

Денеме өте жағымды және ыңғайлы, ол дем алады.

Мен жақсы дем алдым.

Қолдан, аяқтан бүкіл денемнен ауырлық сезімі арылды.

Басым дем алған және сергек.

Өзімді жақсы сезінемін.

Ақырын көзімді ашамын.

Ой толғаныс

Ойын: «Кім көп біледі?» Ережелер әлемі

Сөйлемнің түрін ата?

Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

Тұрлаулы мүше дегеніміз не?

Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?

Сөз таптарын ата?

Дәптермен жұмыс:

Көркем жазу минуты.

Талдау практикалық әдісі.

а) Сөз құрамын талдау: Мұнайшы, өнерпаз, еріншек, кітаптар;

ә)Сөйлем түрін, тыныс белгісін анықтау: Қоңырау соғылды ма. Айдана әдемі жазды. Табиғат қандай тамаша.

б)Сөйлем мүшесіне талдау: Қыс түсті. Жапалақтап қар жауды.

Шығармашылық жұмыс

Сөз жұмбақты шеш

*Еденге төсейтін төсеніш

*Қыста киетін аяқ киім

*Көру мүшесі

*Бірден кейінгі сан.

Венн диаграммасы

Жалаң жайылма

Shape1 Shape2





Электрондық оқулық:

Ережемен танысу:

Бастауыш пен баяндауыштан жасалған сөйлемді жалаң сөйлем деп айтамыз. Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем деп айтамыз.

Үйге тапсырма:

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Күнделіктеріне жазып беремін.

Бағалау:

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Бағалау парақшасын толтырады.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
427
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі