Сабақ
жоспары
Пәні:
«Қазақ
тілі мен әдебиеті»
Тобы:
СЗС9-6р
Сабақтың
тақырыбы:
Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
студенттерге жалаң және жайылма сөйлемдер
туралы түсінік беру, жалаң сөйлемді
жайылма сөйлемге айналдыра білуге
үйрету, сөйлемдегі сөздерді сөйлем
мүшелеріне дұрыс талдай білуге
дағдаландыру;
Дамытушылық:
жай сөйлем туралы түсініктерін одан
әрі дамыту, сөздік қорларын молайту,
сауаттылықтарын арттыру, кәсіпке
байланысты сөздерді меңгерту;
Тәрбиелік:
ана
тілін құрметтеуге, ұлттық әдебиет пен
мәдениетімізді білуге, өз мамандығына
деген сүйіспеншілігін арттыруға, білімді
болуға тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:
аралас сабақ
Пәнаралық
байланыс:
Қазақ әдебиеті, орыс тілі, инженерлік
графика, математика, география
Сабақтың
көрнекілігі:
1.
Оқулық, интерактивті тақта, буклет,
плакат,
үлестірме
қағаздар, сөзжұмбақ.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
Сәлемдесу.
Студенттерді
түгелдеу.
Дәрісхана
тазалығын қадағалау.
Студенттердің
назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй
тапсырмасын тексеру.
1.
Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? Оларды
атаңыз?
2.
Сөйлем дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
Мысал келтіріңіз?
3.
Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
Оларды атаңыз?
4.
Жай сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіріңіз?
5.
Жай сөйлем құрылысына қарай нешеге
бөлінеді? Оларды атаңыз? Бір мысал
келтіріңіз?
ІІІ.
Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақты
шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен
таныстыру.
1.
Жалаң
сөйлем туралы жалпы түсінік
2.
Жайылма сөйлем туралы жалпы түсінік.
3.
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
туралы түсінік.
4.
Сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне
талдау жасау туралы түсінік.
IV
Жаңа білімді дамыту.
Оқулықпен
жұмыс. Жалаң және жайылма сөйлемді
ажыратыңыз.
1.
Кеше біз үлкен жиналыс өткіздік.
2.
Студенттер көп жиналды.
3.
Дәрістің ішінде мұғалімдер де, студенттер
де отырды.
4.
Жиналыс өте қызықты өтті.
5.
Қызықты тақырыптар талқыланды.
2.
Жұмбақтың шешуін тауып, жауап сөзді
қатыстырып жалаң және жайылма сөйлем
құрастырыңыз.
1. Бір
сандық бар өзгеше,
Қолыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң
Өмір сырын білесің. (Кітап)
2.Онда
әкем-шешем тұрады,
Ата-әже бауырым.
Бәрі бірге қосылып,
Бір ұғымды құрады. (Отбасы)
3.Мақалдардың
мағынасын түсіндіріп, жай сөйлем түріне
ажыратыңыз.
Күш
– білімде.
Талаптыға
нұр жауар.
Тәрбие
тілден басталады.
V
Сергіту сәті
Якобы
– мыс
Кирпич
–
қыш
Зима – қыс
Обложка – тыс
Птица
– құс
Вместе
– бірге
Фундамент
– ірге
Не смей – күлме
Ночью –
түнде
Днем – күнде
Не заходи –
кірме
К кому-чему либо – таяу
Пешком
– жаяу
Не спящий – ояу
Краска
– бояу
Медленный – баяу
VІ
Сабақты бекіту
«Кім
тез?» ойыны.
4
студентке құрылысқа байланысты суреттер
беріледі. Берілген суреттерді пайдаланып
жалаң немесе жайылма сөйлем құрайды.
VІІ
Қорытынды. Оқушыларды
бағалау.
VIІІ
Үйге тапсырма. Мамандығына
байланысты жалаң және жайылма сөйлемі
бар шағын эссе жазып келу.
Оқытушы А.Сейдахметова