400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жалаң және жайылма сөйлем" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ қалалық жас ұстаздар семинарына құрылған сабақ. Сабақ жоспар бойынша өтілді. Сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын. Оқушылар берілген тапсырмаларды барынша орындап шықты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Нугманова Р.К

Пән мұғалімі:Қаймолда С.Б Күні:03.05.18ж Пәні:қазақ тілі Класы:3 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың байланысы туралы білімдерін нығайту; Жалаң және жайылма сөйлемдерді сөйлем ішінен табу арқылы сұрақ қоюға үйрету және оларды ажырата білуге үйрету;

Күтілетін нәтиже: жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата алады.

Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

  • Біз сабақты бастамас бұрын көңіл-күйімізді тексеріп алайық тақтадан «смайлик» көрсету.

- Балалар, көңіл-күйіміз жақсы болса, қалаған смайликті таңдаймыз.

Топқа бөлу:

Шеңбер бойымен оқушылар тұрады.

  • Сөздер таратылады.

  • Сол сөздерге сұрақ қояды.

  • Сұрақтар бойынша оқушылар топқа бөлінеді. (бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз)

  • Өз топ атаулары туралы топтастырып жазады.

Топ ережесі:

  • Сабақта бір-бірімізді тыңдау;

  • Ойын ашық айта білу;

  • Ұйымшылдық;

  • Жаңалыққа құштар болу;

  • Бір-бірін сыйлау;

  • Берілген тапсырмаларды уақытында орындау;

  • Біреудің сөзін қайталамау;

  • Уақытты үнемдеу.

Тренингке қатысады;

Өте жақсы басбармақтарын тігінен көрсету;

Жақсы басбармақтарын

көлденең көрсету;

орташа болса төмен белгі көрсету;





Кеспе қағаздағы сөздерге сұрақ қою арқылы топқа бөлінеді.

Қорғайды;

Тұсаукесер


«Қағаздағы сұрақтар» Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Негізгі бөлім

«Желпуіш» әдісі

А-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасалынып, әрбір бөлігіне кезекпен сөйлем жазылады, кейін талқыланады.

Дәптерлеріңе күн ретін жазайық.

Көркем жазу Ж ж Ж ж Ж ж Ж ж Ж ж

Жадыраның жеңгесі жақсы жаңалығын жұртына жеткізді.

1-жаттығу орындалады.

«Жасырын сөздер» ойыны. Қобдишадан сөзді алып,1 адам ортаға шығады, ым-ишара арқылы ғана түсіндіреді. Топтағылар қандай сөз жасырылғанын табу керек.

2 –жаттығу

1.Екі лақ бұлақ басында... ...

2. Аңшы шоқы түбінен бір елікті ...

3. Асыл жазғы даланың көркін... ... 4. Мектеп жақтан қоңырау үні күмбірлеп... 5. Әжем киіз үйдің түндігін... 6. Шұбат-шипалы...


«Еркін тапсырма» әдісі Өз беттерімен орындау.4-жаттығу. Орны ауыстырылған сөздерді тиісті орындарына қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

5-жаттығу Сөзжұмбақты шешу.

Оқушылар бір-бірден шығып, өздері тақтаға орындайды.

Қорытындылау


«Ойыңды ортаға сал»

-Бүгін біз сабақта не өттік?

-Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?

-Жайылма сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? Мысал келтір.

-Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің айырмашылығы неде?

-Сабақ сендерге ұнады ма?



Рефлексия

«Бөлмедегі заттар»


Сабаққа рефлексия жасау үшін әр оқушы бөлмедегі бір жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан суырып алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді.

Үйге тапсырма:

3-жаттығу 101-бет

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
745
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі