|
Қысқа мерзімді
жоспар
|
03.12.2016
ж.
|
|
Қазақ тілі 3-
сынып
|
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Жалаң және жайылма
сөйлем
|
|
Сабақтың
мақсаты
|
Білімдік: Оқушыларда
жалаң және жайылма сөйлем жайлы түсінік пайда болады, білімдері
жетіледі. Дамытушылық: Білімге деген қызығушылықтары оянады және
тілдік қорлары дамиды. Тәрбиелік: Оқушылардың табиғаттқа деген
сүйіспеншіліктері артады, топтық жұмыс жасап, достық
қарым-қатынаста бір-біріне көмектеседі, сыйластық қалыптасады,
ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
|
|
Күтілетін
нәтиже
|
Оқушылар жалаң және
жайылма сөйлем бір-бірінен ажыратады. Жалаң және жайылма
сөйлемдердің жазылуын есте сақтайды. Топтық жұмыс жасауға
жаттығады. Кері байланысқа
үйренеді.
|
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі «Атамұра»
баспасы,
|
|
Сабақта қолданылатын
материалдар:
|
Оқулық, стикерлер, А-4,
кесте, тірек сызбалары, плакаттар,
монитор.
|
|
Сабақта қолданылатын
әдістер:
|
Топтық жұмыс, түсіндіру,
диалог, АКТ, талдау және СТО
технологиялары
|
|
Сабақтың
барысы
|
|
І.Ұйымдастыру бөлімі (3
минут)
|
Психологиялық
дайындық
Күндей
жарқырап,
Айдай
арайлап,
Жұлдыздай
жарқырап,
Судай мөлдір, таза
көңілмен
Бүгінгі сабағымызды
бастайық
Топқа бөлу. Топ ережесін
еске түсіру.
|
|
Үй тапсырмасын тексеру
(7 минут)
|
Үй жұмысын және өтілген
материалдарды пысықтау барысында кеспе тарату арқылы жұмыстар
жүргізу.
1)Сөйлем мүшелері
дегеніміз не?
2) Сөйлем мүшелері
нешеге бөлінеді?
3)Бастауыш дегеніміз
не?
4) Баяндауыш дегеніміз
не?
5)Бастауыштан кейін не
үшін сызықша қойылады?
6)Тұрлаулы мүшелерді
ата?
7) Тұрлаусыз мүшелер
дегеніміз не?
8)Бастауыш пен баяндауыш
сөйлемнің қандай мүшелері деп
аталады?
9)Сөйлем мүшелерінің
байланысын қалай анықтаймыз?
|
|
Жаңа сабақ
(5минут)
|
Сендерге қай бұлт
ұнайды?
1 Бұлт – көк түсті,
жайбарақат қалыпта.
2 Бұлт – ашық көгілдір,
көзі күлімдеп тұр.
3 Бұлт – қара көк,
ашулы.
Сендерге ұнаған бұлт (2)
Балалар шапалақтайды.
Б
ұлт күлімдеп тұр. - Бұл жай
сөйлем.
Біздің интерактивті
тақтада тағы бірнеше қонақтарымыз бар
екен.
Негеш: жай сөйлем мен
оның түрлері туралы білсем дейді.
Білгішбек: - бір ғана
тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз. Жай
сөйлем жалаң және жайылма болып екіге
бөлінеді.
Экранға назар
аударайық.
Тәуекел, елтаңба, сіздер,
белдік.
Асты сызылған буындар
жиынтығынан еліміздің алда келе жатқан ұлттық мерекесінің атын
құрауға болады. Ол қандай сөз
екен?
Тәуелсіздік.
-16 желтоқсан –
Тәуелсіздік күні
Білгішбектің тағы айтары
бар екен:
Бастауыш пен
баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем
дейміз. Қайрат-
батыр. Қайрат
күресті.
Т
ұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма
сөйлем дейміз. Қайрат
– қазақтың қайсар
ұлы.
Қ
айрат тәуелсіздік үшін
күресті.
Көркем жазу
минуты
Қ қ Қ қ Қ қ Қ қ Қ
қ
|
|
Бекіту (10
минут)
|
98- жаттығуды жаңа
сабақты бекіту мақсатында тақтаға орындатамын. Сөйлемдерді көшіріп
жазады.
Өнерлі өрге жүзеді.
Боран соқты.
Жай сөйлемнің түрін
анықтайды. Ол жалаң сөйлем бе,әлде жайылма сөйлем
бе?
|
|
Сергіту сәті (2
минут)
|
|
|
Топтық
жұмыс
(5
минут)
|
1топ.97– жаттығуды
«Жоғалған сөздер» ойыны.
Берілген сөздерді
қатыстырып сөйлем құрауға ұсынамын. Жазылған сөйлемдерді жалаң және
жайылма сөйлемдерге ажыратады.
2-топ 99-жаттығуда Жалаң
сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып
жазады.
Оқушылар батырмен
кездесті. Жолаушылар аялдамаға жақындады.Ұстаз жаңа сабақты
түсіндірді. Айдын жарысқа қатысты
3-топ 100-жаттығуда жай
сөйлемдерді түрлеріне қарай
сәйкестендіреді.
|
|
Шығармашылық
жұмыс
(5минут)
|
1-топ Керекті сөздерді
қойып, жалаң жайылма сөйлемдерді
анықтау.
(Кім ?) балаларды оқытады ? (Не ?)
жапалақтап жауды ? (Кім ?) сурет салады? (Не ?) мөңіреді. Малды
(кім ?) бағады. Үйді (кімдер ?) салады. (Кім ?) егін егеді. (Кім ?)
балаларды емдейді.
2-топ Жалаң сөйлемнен
жайылма сөйлем жасау.
Жаңбыр жауды. Марат
оқыды. Әли келді. Жел соқты. Ұшақ
көтерілді.
3-топ
Жайылма сөйлемнен жалаң
сөйлем жасау.
Айман доппен ойнады. Мал өрістен ерте
келді. Күләш суды құдықтан әкелді. Күн көктемде жылынады. Жанар
мектептен келді.
|
|
Семантикалық карта
бойынша жұмыс (5 минут)
|
Оқушының
аты-жөні_________
_______________________
|
Сөйлемдер
|
түсті
|
суытты
|
жатыр
|
|
Қыс
|
|
|
|
|
Күн
|
|
|
|
|
Жерде
қар
|
|
|
|
|
|
Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма (1
минут)
|
Ребус
шешу.
Тіл – қылыштан
өткір.
Біздің бүгінгі сабағымыз
Тәуелсіздік күніне арналды осы Тәуелсіздіктің нышаны болып
есептелетін ҚЫРАН құс сендердің алған білімдеріңді тексеру
мақсатында қауырсындарына сұрақтар қыстырып келіпті, соған жауап
беріңдерші:
1)Сөйлем мүшелері
дегеніміз не?
2) Сөйлем мүшелері
нешеге бөлінеді?
3)Бастауыш дегеніміз
не?
4) Баяндауыш дегеніміз
не?
5)Бастауыштан кейін не
үшін сызықша қойылады?
6) Тұрлаусыз мүшелер
дегеніміз не?
Балалар сендерге бүгінгі
сабақ ұнады ма?
Қонақтарымыз да риза
шығар деген ойдамын.Бүгінгі ерекше сабақта ерекше білімін көрсетіп
көзге түскен оқушыларды бағалайын.
YII.Үйге тапсырма беру:
99-жаттығуды жазып, сөйлем мүшелеріне талдау, жалаң, жайылма
сөйлемдерді ажырату. Ережелерді
қайталау.
|
|
Рефлексия
(2
минут)
|
Оқушылар сабақтан алған
әсерлерін жапырақ стикерлерге
жазады.
|