Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ :Жалаң сөйлем 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»ММ-і






Ашық сабақ





Тақырыбы:

«Жалаң және жайылма сөйлем»












Дайындаған: Н.Наурызбаева










Сабақтың атауы

Жалаң және жайылма сөйлем

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Білімділік: Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін кеңейту.
Сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы
оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілін ұштау.
3. Тәрбиелік: Шапшаңдыққа және уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік.
Сабақтың формасы: жекелей, топпен.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: сиқырлы сандар, ойын, сызба.

Психологиялық ахуал

- Балалар, сендер өздеріңді жақсы көресіңдер ме?
- Бір - біріңді жақсы көресіңдер ме?
Ендеше бір - бірімізге деген жылы лебізімізді білдірейікші.
Бір - біріне жылы лебіздерін білдірген соң бәріне сабақта сәттілік тілеймін.
Сабақта әр дұрыс жауапқа фишка таратылатынын, сосын сабақ соңында фишка санына байланысты бағаланатындарын хабарлау.

Қызығушылықты ояту

«Сиқырлы сандар» ойыны.
Буындар сандармен жабулы тұрады. Сұрақтарға жауап беру арқылы сандарды біртіндеп ашамыз. (Сұрақтар алдын ала үнтаспаға жазылған)
1. Сөйлемнің қандай мүшелері бар?
2. Тұрлаулы мүшелерге не жатады?
3. Тұрлаусыз мүшелерге не жатады?
4. Бастауыш дегеніміз не?
5. Баяндауыш дегеніміз не?
6. Жай сөйлемнің қандай түрлері бар?
7. Жалаң сөйлем деген не?
8. Жайылма сөйлем деген не?

Сергіту сәті

Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады

Балалар, орындыққа дұрыстап отырып, қолымызды санымызға қоямыз, көзді жұмып, бұлшық етті бос ұстаймыз.
- Мен ыңғайлы орналасамын.
- Ешқайда асықпаймын.
- Ақырын және баппен рақаттанып дем аламын.
- Мен тынышталамын.
- Мен тынышпын, маған өте жақсы.

Ой сергітеді, шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Ережені  еске  түсіріп  қайталау

Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке  сөйлемді жай сөйлем дейміз . Жай сөйлем жалаң және  жайылма болып екіге бөлінеді. Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Санжар  оқыды.  Тұрлаулы  мүшелерден  басқа  тұрлаусыз  мүшелері  де бар  сөйлемді  жайылма  сөйлем дейміз. Санжар  -  кітапты  оқыды.





Оқулықпен жұмыс  

104-жаттығу . Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдып жазу

Түйе  боталады  .  Ақ  түйе боталады .  Сәуле  үтіктеді .  Сәуле  киімді  үтіктеді   Ара  қонды  . Ара  гүлге  қонды .  Күн  жылдынды .  Күн  бүгін  жылынды .

 105 – жаттығу  Өлеңді  мәнерлеп оқу.  Қарамен  жазылған  жайылма  сөйлемдерді  жалаң  сөйлемдерге  айналдырып жазу

Жұлдыз  төгілді .  Ай  үңілді

 106-жаттығу .  Сызбадағы  жай  сөйлем  түрлерін салыстырып ,  олардың  ұқсастығы мен айырмашылығын  табу   ВЕНН диаграммасын толтырады

107-жаттығу   Сәйкестендіру.


 

« Кім жылдам»  ойыны

Берілген зат есімдердің бәріне ортақ әріпті тауып айт

Шыққан сөздерден 1 жалаң, 1 жайылма сөйлем айту

108-жаттығу.  Ауызша   Сөйлемдерді оқы. Екі бағандағы жайылма сөйлемдерді салыстырып бір-бірінен қандай өзгешелігі барын айтып көр.


Ауылдан атам келді.                  Ауылдан нағашы атам келді.
Нұржан қарды  күреді .             Нұржан қарды күрекпен күреді.
Мал өрістен келді  .                   Мал өрістен ерте келді.
Күлән суды  әкелді.                   Күлән суды құдықтан әкелді.


109-жаттығу. Жайылма сөйлемдерді оқы. Жайылма сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.Алғашқы екі сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.

  Әсия  жүнді  түтті .  Жүннен  жіп  иірді . Сол  жіптен  маған  шұлық  тоқыды .  Шұлық  әдемі .
Ү. Сабақты  қорыту :

«Жемістер  теру  ойыны»      Жай  сөйлемнің  түрлерін ажыратып  себетке салу

Семантикалық  картамен жұмыс.

Сөйлемдер

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

Мал өрістен келді

 

 

Кептер  ұшты

 

 

Арман  суға  шомылды

 

 

Жазира  киноға  барды

 

 

Жаңбыр жауды

 

 

Гүл  ашылды

 

 



Үйге тапсырма

92 бет 110-жаттығу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2018
1031
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12