Материалдар / Ашық сабақ "Жалбыз- емдік өсімдік" 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Жалбыз- емдік өсімдік" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар орындай алады: 1. Оқылған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады, нақты ақпараттарды таба алады. 2. Қарапайым жоспар құрастыра алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2018
1224
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

4-бөлім.

Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі .

Мектеп: Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Бектенова Лаззат Базарбаевна

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жалбыз- емдік өсімдік

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

5.О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру;

5.Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  1. Оқылған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады, нақты ақпараттарды таба алады.

2. Қарапайым жоспар құрастыра алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  1. Мәтін құрылымын сақтап, қарапайым жоспар құра алады.

  2. Мәтін мазмұны бойынша нақты ақпараттарды анықтауға арналған сұрақтар құрастыра алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  1. Берілген сұрақтарға өзіндік ой тұрғысынан жауап бере алады.

  2. Мәтін мазмұны негізінде құрылымы толық сақталған, жүйелі жоспар құрастыра алады.

Бағалау критерийлері

  1. Мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтайды.

  2. Анықталған ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады.

  3. Мәтін құрылымына сәйкес қарапайым жоспар құрайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Оқылым арқылы мәтін мазмұнын түсініп,нақты ақпараттарды анықтауға арналған сұрақтар құрастырады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Ермен, жалбыз, шөптесін өсімдік, эфир майы, өнеркәсіпте, косметика, кондитер, ментол.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Шөптік өсімдіктер мен дәрілік заттардың айырмашылығы неде деп ойлайсың?

  • Өз еліңде өсетін қандай емдік өсімдіктердің түрлерін білесің?

Құндылықтарға баулу

Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, Қазақстандық патриотизм,еңбек және шығармашылық.

Пəнаралық байланыс

Жаратылыстану, қазақ әдебиеті.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Қазақстан жерінде өсетін пайдалы өсімдіктер мен гүлдер түрлері жөнінде алдыңғы білімдері бар.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ширату: 1. «Суреттер. Не болды?» әдісі.

Суреттер беріледі. Берілген сипаттама қай суретке қатысты. I топ – Адыраспан.

II топ- Жусан. III топ- Ақсексеуіл.

Өсімдік түрлері арқылы топтарға бөлінеді.

Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.


https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/16336/

Суреттер, сипаттама жазылған сөйлем қиындылары.

Сабақтың ортасы

30 мин









Оқылым алдындағы тапсырма

1-тапсырма. Жұмыс түрі. «Болжау» әдісі.

Жалбыз туралы аудиомәтін тыңдалады. Ертегі.

  • Ертегі не туралы?

  • Егер сен автор болсаң мәтінді қалай аяқтар едің?

  • Бүгінгі сабаққа қатысты мәтіннің тақырыбы қандай болуы мүмкін?

Дескриптор:

  1. Мәтін мазмұнын болжайды.

  2. Жетекші сұрақтарға жауап береді.

ҚБ : 2 жұлдыз, 1 тілек.

Саралау жұмысы: Мәтін мазмұнын болжау үшін аудиомәтін берілді.

2-тапсырма: Жұмыс түрі.

Оқылым тапсырмасы: Шолып шығу және сканерлеу әдісі арқылы «дәйексөз іздеу» ойыны.

С. Мәтінді барлық оқушы көз жүгіртіп оқып шығады.

ТЖ.

Әр топ мәтін бойынша 5 сұрақтан дайындайды. Мұғалім сұрақтарды жинап алып, араластырады. Әр топтан «жүйрік», хатшы» «оқырмандар» сайланады. Белгі берілгенде барлық топтың жүйріктері мұғалімнен 1 сұрақтан алып кетеді. Топта оқырмандар оқып, хатшы жауабын жазады. Жүйріктер жауапты мұғалімге әкеледі. Мұғалім жауапты қабылдаса, келесі сұрақты ұсынады. Осылай ойын жалғаса береді. Қай топ өзіне тиісті 5 сұраққа жауап беруді аяқтаса, жеңген болып саналады.

Жалбыз – емдік өсімдік

Дәрілік өсімдіктердіӊ бірі - жалбыз. Ол - хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоӊыржай ендікте көп тараған.

Қазақстанда жалбыздыӊ 9-түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар.

Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі - ментол. Ментю парфюмерия, косметика кондитер, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай- ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланылады.

Жүрек тамыр жүйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі Валидол осы ментолдан алынады. Жалбыз қосылған шәй адам ағзасын тазалайды.Тағы бұл өсімдіктің дәрі жане құрғатылған шөп дәрі ретінде де қалалардың кез келген дәріханаларда қол жетімді бағада сатылады.

Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек.

Дескриптор: 1. Мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтайды.

  1. Мәтін мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастырады.

  2. Мәтіндегі сұрақтарға өзіндік ой тұрғысынан жауап береді.

ҚБ. Әр топ өз-өздеріне дескрипторға сүйеніп баға береді«Бағдаршам» көздерімен бағалайды.


Саралау жұмысы: Мәтінде жауабы бар 1 сұрақ, Мәтінде жауабы жоқ 1 сұрақ дайындау. Түсіндірме сөздік, планшет.

3-тапсырма. «Уақыт тізбегі» әдісі. Жазылым алды тапсырмасы.

С. Мәтінді оқып, абзацтардағы негізгі ақпаратты «Уақыт тізбегіне жаз».

Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Shape5

4-тапсырма. Жұмыс түрі. Жазылым тапсырмасы: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Мәтін құрылымы бойынша жоспар құрыңыз.

Жоспар

Кіріспе бөлім_________________________

Негізгі бөлім _________________________

Қорытынды бөлім _______________________

Дескриптор: 1. Мәтіндегі 5 негізгі ақпаратты анықтайды.

2.Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерді қамтитын жоспар құрады.

3.Сұрақтарға өзіндік ой тұрғысынан жауап береді.

ҚБ : «Басбармақ»

Аудиомәтін.

Рисунок 2






















Мәтін


Түрлі-түсті стикерлер.


Түсіндірме сөздік


Планшет




































http://dastur.qamshy.kz/home/show/11875?ln=kz






















Графикалық органайзер

Сабақтың соңы



10 мин

5-тапсырма : С. Оқылымнан кейінгі кезең:

5-5-1 әдісі.

Оқушылар нені меңгергені жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін 5 сөйлемді 5 сөзге қысқартады. 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Өздерінің түйінді сөзін сыныппен бөліседі.

Дескриптор: Мәтін бойынша түсініктерін пайдаланып,қорытынды жасайды. ҚБ : Үш шапалақ.

КPicture 10 ері байланыс «Тазалық» әдісі






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!