жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Жалпы және инфекциялық иммунология негіздері. Иммунитет түрлері мен механизмдері.
ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы
Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» МКК
Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
_____ А. Куздыбаева
«____» ______2019 ж
Ашық тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы
Пән: Микробиология, вирусология микробиологиялық зерттеу техникасымен
Тақырыбы : Жалпы және инфекциялық иммунология негіздері. Иммунитет түрлері мен механизмдері.
Мамандық: Лабораториялық диагностика
Курс: ІІІ
№1 «Арнаулы пәндер» ЦӘК
отырысында қаралды
Хаттама № ___
«__» _____ 2019 ж
ЦӘК төрайымы: ______ Р.Тобажанова
Әдістемелік нұсқаманы жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырған Қ.Қосаев
Ашық тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы
Тақырыбы : Жалпы және инфекциялық иммунология негіздері. Иммунитет түрлері мен механизмдері.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Студенттерді берілген тақырып бойынша адам ағзасының аурулардан қорғану жүйесі туралы, оның орналасуы және қалай жұмыс жасауы туралы жан-жақты білімдерін көтеру
дамытушылық: Отан сүйгіштік, экологиялық мәдениет қалыптастыру, эстетикалық
тәрбие беру
тәрбиелік: Сараптай алуды, салыстыруды, маңыздылығын айыра біліуді, себеп - салдарды анықтауды, мысал келтіре білуді, оқулықтармен жұмыс жасай білуді үйрету диск-диффузды әдісі арқылы микроағзалардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтай білу, микробиоло гиялық зерттеу де қолданыла тын негізгі серологиялық -АР, ПГАР, ТГАР реакцияларды, серологиялық нақтамалау реакциялары (сапалы) арқылы антитела мен антигенді анықтауды
Сабақтың түрі:тәжірибелік
Сабақтың әдісі:репродуктивтік, жартылай ізденіс
Сабақтың уақыты: 270 минут
Сабақты өткізу орны: 421
Пәнішілік байланыс: Иммунология анықтамасын, бағыттарын, механизмдерін, иммундық жауаптарды, антиген және антидене анықтамасын, әсер ету механизмін
Пәнаралық байланыс: Эпидемиология, иммунология, жұқпалы аурулар, медициналық биология дезинфекциялық іс негіздері
Сабақтың жабдықталуы: әдістемелік нұсқама, жұмыс бағдарламасы, ктж, слайдтар, брошюралар,муляждар, плакаттар, санбюллетеньдер, презентация, компьютер, мультимедиялық аппаратура, СD-DVD дискілер
Пайдаланылған әдебиеттер:
негізгі: Ү. Арықпаева «Микробиология және вирусология» Астана 2005 ж
қосымша: Ү. Арықпаева «Микробиология және вирусология» Ф. Черкесс «Микробиология»
Студент білуі тиіс: адам ағзасының аурулардан қорғану жүйесі туралы, оның орналасуы
Студент істей білуі тиіс: диск-диффузды әдісі арқылы микроағзалардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтай білу, микробиоло гиялық зерттеу де қолданыла тын негізгі серологиялық -АР, ПГАР, ТГАР реакцияларды, серологиялық нақтамалау реакциялары
(сапалы) арқылы антитела мен антигенді анықтау
Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы
І. Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 30 мин
ІІІ. Кіріспе нұсқау беру – 20 мин
ІV. Студенттердің өзіндік жұмысы – 190 мин
V. Игерген тақырыпты бекіту – 20 мин
VІ.Қорытындылау – 3 мин
VІІ.Үйге тапсырма – 2 мин
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқытушы сабақтың ұйымдастыру кезеңінде студенттердің формасына, аудиторияның сабаққа дайындығына назар аударады. Сабаққа келмеген студенттерді себебін анықтап, белгілейді. Студенттерге тақырыптың мақсат, міндеттерін таныстырады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын SMART технологиялық элементерін қолдана отырып, Prezi жасырынды сұрақтар және Kahoot арқылы тест сұрақтарын тексеру. Жасырынды сұрақтарға студенттер тәжірибелік дағды түрінде көрсетіп жауап береді.
Тақырыбы : Инфекция
1.тапсырма. Жасырын сұрақтар
1-сұрақтар
Инфекцияның
пайда болуы, дамуы үшін қандай фактор
керек? Инфекциялық
үрдістің даму кезеңдерін ата.
2
Инфекцияның шығу тегі бойынша
нешеге бөлінеді?
Инфекция дегеніміз?
-сұрақтар
3
-сұрақтар
Инфекцияның
көздері? Инфекцияның
жұғу жолдары?
4
-сұрақтар
Инфекцияның
қоздырғышының табиғаты бойынша қалай
бөлінеді? Инфекцияның
таралу деңгейі бойынша нешеге бөлінеді?
5-сұрақтар
1.Инфекцияның берілу факторлары? 2.
Инфекция қоздырғыштарының санына
байланысты нешеге бөлінеді?
2. тапсырма. Тест Кahoot
1. Инфекция көзіне қандай шаралар жатады?
А) дезинфекция
Б) оңашалау
В) санитарлы-гигиеналық
Г) жедел профилактика
Д) дезинсекция
2. Зооноздарда инфекция көзіне қандай шаралар жүргізіледі?
А) дезинфекция
Б) дератизация
В) дезинсекция
Г) санитарлы-гигеналық
Д) жедел профилактика
3. Инфекция қоздырғышының көзіне қандай шара бағытталған?
А)күнделікті дезинфекция
Б) қорытынды дезинфекция
В) науқасты госпитализациялау
Г) дезинсекция
Д) медициналық бақылау
4. Қоздырғыштың берілу механизміне қандай шара бағытталған?
А) дезинсекция
Б) клинико-диагностикалық
В) химиопрофилактика
Г) иммунопрофилактика
Д) жедел профилактика
5. Қандай инфекцияда госпитализация міндетті түрде:
А) дезинтерия
Б) тұмау
В) туберкулез
Г) скарлатина
Д) қызылша
6. Қандай инфекцияда науқасты міндетті түрде госпитализациялау қажет емес?
А) дизентерия
Б) оба
В) іш сүзегі
Г)полиомиелит
Д) тырысқақ
7. Күлде инфекция көзі кім болады?
А) кеміргіштер
Б) ауру жануарлар
В) азық-түлік
Г) науқас адам
Д) жәндіктер
8.Қандай инфекция тобында дезинфекцияның маңызы зор?
А) вертикальды берілу механизмі бар инфекциялар
Б) тыныс жолдары инфекциялары
В) ішек инфекциялары
Г) трансмиссивті инфекциялар
Д) тері қабаты инфекциялары
9. Іш сүзегі инфекциясының берілу жолы қандай?
А) ауа-тамшы
Б) су
В) трансмиссивті
Г) трансфузионды
Д) парентеральді
10.Іш сүзегі қоздырғышы науқастан қалай бөлініп шығады?
А) ауамен
Б) ананың сүтімен
В) нәжіспен
Г) сілекеймен
Д) құсықпен
11. Қай инфекцияда міндетті түрде жоспарлы егу жүргізіледі?
А)құтыру
Б) грипп
В) менингококкті инфекция
Г) күл
Д) бөртпе сүзегі
12. Пневмококкты инфекцияға қарсы егу балаларға қай жастан басталады?
А) 24 сағат ішінде перзентханада
Б) 2 айында
В) 6 айында
Г) 12 айында
Д) 18 айында
13. Бубонды оба түрінде инфекция көзі кім болады?
А) науқас адам
Б) қансорғыш жәндіктер
В) бактерия тасымалдаушы
Г) құстар
Д) кеімргіштер
14.Инфекция қоздырғышының көзі кім болып табылады?
А) генофонд біріктірілген популяция жиынтығы
Б) сырқаттылық жоғары деңгейі бар ұжым
В) қоздырғышты тасымалдайтын қоршаған орта элементі
Г) қоздырғыштың табиғи өмір сүру ортасы
Д) қоздырғышты тасымалдайтын элементі
15. Инфекцияның горизонтальды берілу механизмі зақымдалудың қай әдісі жатпайды?
А) фекальді-оральді
Б) аэрозольды
В) трансмиссивті
Г) парентеральды
Д) транспланцентарлы
ІІІ. Кіріспе нұсқау беру
Жаңа сабақты Prezi арқылы, танымдық белсенділіктерін SMART технология элементтерін қолдану арқылы дамыту.
Тақырыбы: Иммунитет
Жоспар:
Иммунитет туралы ілім
Иммунды алдын алу түрлері
Иммунитет туралы ілім
«Иммунитет» (immunitas) латын тілінен аударғанда –дербес құқықтық, зат әсерінен, не әртүрлі себебтен босатылған, не арылған деген мағына болады. Бұл түсінік адам қоғамында ерте заманнан бері әйгілі, мысалы, шаруаларды салықтан босату, ал кейінірек уақытта дербестік үшін қолданылды. Ол сөздің биологиялық маңызы организмді антигендерден қорғап және арыту жолында жүретін биологиялқ процестер түсінігіне сәйкес келеді.
Назар аударатын бір жағдай, кез-келген зат антиген болуы үшін белгілі қасиеттерге ие болу керек, соның ішінде негізгілері; генетиқалық бөгделік, белгілі химиялық құрылымы, организмнің ішкі тұрақтылғын бұзу мүмкіншілігі т.б.
Антиген
әлемі түрлі және көп санды болып келеді.
Олар организмге әртүрлі жолдар арқылы
енуі мүмкін; тыныс алу органдары, ас
қорыту жүйесі, тері, шырышты қабық.
Организмге сырттан енетін
антигендерді экзогендік антиген
деп атайды. Сонымен қатар, кейбір кезде
ағзаның меншікті тіні мутация, не басқа
бір факторлар әсерінен өзгергендіктен
антигендер іштен пайда болуы мүмкін,
олар эндогендік деп
аталады. Эволюциялық даму жолында
организмді антигендерден қорғау үшін
арнайы кұрделі қорғаныс жұйесі құрылған.
Ол жүйені «иммунитет жүйесі» деп атайды.
Жылықандыларда ол жүйенің рөлін ерекше
анатомиялық құрылысы бар, арнаулы түрде,
өзіндік механизіммен жауап беретін
және физиологиялық функциялы лимфойдтық
тін атқарады.
Иммунитет
жүйесінің атқаратын басты-басты жұмыстары
төменгідей:
1.Антигенді
ажыратып тану, яғни оның генетикалық
бөгделігін және оның ағзаның антигендерінен
өзгешілігін дәлелдеу.
2.Иммунитет
жүйесіне тән реакциялар мен механизмдер
кешені арқылы ағзаның құрлыстық,
функционалдық калыптылығын сақтау үшін
ағзада жүретін биологиялық процестерге
антигеннің әсерін тигізбеуден
сақтау.
3.Ағзада
сол антиген туралы өзіндік мәліметті
өмір бойына есте сақтап қалу.
Сонымен қатар иммунитет жүйесі организмнің жеке бастық биополимерлерінің өзіндігін қолдап, оның сақталуына себепкер болады. Өйткені, планетадағы әр адам ( бірұрықты егізден басқалары ), генетикалық тәсілмен құралған тек қана өзіне тән биополимерлердің антигендік ерекшелігіне ие. Егерде организмде антигендердің бөгде түрі пайда болса ( мутация, не басқа патологиялық процестерге байланысты) иммунитет жүйесі оны ажыратып - бейтараптайды.
Қорытып айтқан кезде, әлемдегі жануарлардың, өсімдіктердің соның ішінде микроорганизмдердің биополимерлерінің антигендік кұрамы генетикалық өзгешіліктен тұрады, яғни антигендерінің түрлік ерекшеліктері бар.
Содықтан, нақтылы айтсақ, иммунитет дегеніміз организмді генетикалық бөгде заттардан, яғни экзогендік және эндогенік тегі бар антигендерден қорғап, ағзаның гомеостазын, құрлыстық, функционалдық және де тек қана әрібір организмнің даралығы емес сонымен қатар бүкіл түрдің қасиеттерін қолдау, қорғау және сақтау тәсілі.
Иммунды алдын алу түрлері
Тірі вакциналар
Тірі вакциналар- әсерлі заты әртүрлі әдіспен патогендік қасиеті жойылып антигендік қасиеті сақталып қалған, аттенуацияланған (әлсіретілген) микробтардан жасалынған препараттар. Аттенуацияны микробтың штамына химиялық (мутагендар), физикалық (температура, радиация), не болмаса ауру жұқпайтын жануарларға қайталап егу арқылы жүргізеді. Солардың нәтижесінде ауру туғызбайтын, бірақ организмге еңгізген кезде белгілі бір жұқпалы ауру түріне қарсы арнайы иммунитет құратын мүмкіншілігі бар заттар пайда болады.
Аттенуация тәсілін ең алғаш Л.Пастер ұсынған. Тәсіл іс жүзінде құтыру, тырысқақ, түйнеме қоздарғыштарында тексерілген. Кәзіргі заманда бұл тәсіл өте кең қолданылады. Тірі вакцина ретінде адамға патогенді емес, бірақ адамға патогенді микробтардың антигендеріне ұқсас антигендері бар, дивергенттік штамм деп аталатын түрлерін қолдануға болады. Мысал ретінде шешекке, туберкулезге (БЦЖ) қарсы қолданылатын вакциналарды келтіруге болады.
Кейінгі уақытта тірі вакцинаны алу үшін генді-инженерлік тәсілдер колданылып отыр. Ол тәсілдің принципі иммунитет құратын пртотективті антигендерге жауапты гендерді микробтардың басқа түрінің хромосомаларына орналастырып оның қауіпсіз рекомбинанттық штамдарын алуға негізделген. Қазіргі уақытта В-гепатитіне, АИВ инфекция-сына қарсы дайындалған вакцина түрлері эксперименталдық сынақтан өткізілуде.
Қандай тәсіл болмасын тірі вакциналарды алу үшін микроорганизімдер жасанды ортада, не тауық эмбрионында өсіріліп сонан кейін ғана олардың таза дақылынан вакцина жасалынады.
Тірі вакциналарға тек қана
тұрақтылығын сақтайтын заттар қосылып
лиофилдік әдіс-пен кептіріледі. Тірі
вакцинаның өлшемі микроб жасушаларының
санымен көрсетіледі. Олар терінің
үстіне, терінің астына, бұлшық етке
енгізу үшін, немесе ауыз қуысы арқылы
қолдануға тағайындалған. Әдетте олар
бірақ рет егіледі, кейбір кезде ғана
қайталанып қолданылуы мүмкін
(ревакцинацияланады).
Өлі
вакциналар
Өлі вакциналарадың әсер ететін заты- физикалық, не химиялық тәсілдермен өлтірілген патогенді бактериялар мен вирустардың бүтін жасушалары, не олардан алынған протективті антигендік комплекстері (субжасушалық, субвириондық вакциналар). Бактерия мен вирустарды бейбелсендіру үшін формалдегид, спирт, фенол, тем-пературамен, , ультракүлгін сәулесімен әсер ету және ионизациялайтын радиация қолданылады.
Бактерияның, вирустардың антигендік комплексін (гликопротеин, ЛПС, ақуыздар) алу үшін үшхлорлысірке қышқылы, фенол, ферменттер, изоэлектрикалық тұндыру, ультрацентрифугалау, хроматоргафия және де басқа тәсілдер қолданылады.
Өлі вакцинаны алу үшін алғашында микробтар мен вирустардың таза дақылын өсіреді содан кейін белсенділігі жойылады. Препаратқа міндетті түрде консервант, кейде адъювант қосылады.
Өлшемі бір антигендік
көрсеткішпен есептеледі. Әдетте терінің
астына, не бұлшық ет ішіне бірнеше рет
егіледі.
Молекулалық
вакциналар.
Молекулалық вакциналар
да антиген, олардың спецификалығын
анықтайтын молекулалық немесе молекуланың
бөлшегі түрінде болады (эпитоптар,
детерминанттар). Иммунитет туғызатын
протективті антигендерді табиғи
патогенді микробтарды өсіру кезінде
биологиялық синтез арқылы алуға болады
( мысалы, экзотоксині бар күл, сіреспе,
ботулизм микробтарынан). Токсинді
молекула түрінде бөліп шығарғаннан
кейін, формалинмен өңдеп оның улығын
жойып антигендік және иммуногендік
қасиетін сақтайды. Гендік инженерияның
дамуы неше түрлі рекомбинанттық
вакциналарды алуға мүмкіншілік тудырды.
АИВ-қа, вирусты гепатиттерге, полиомиелитке,
тағы басқа көптеген ауруларға қарсы
вакциналарды айтылған тәсілмен
дайындаудың зор болашағы бар. Молекулалық
вакциналарды алудың тағы бір жолы оларды
лабораторияда химиялық синтез арқылы
жасау, бірақ бұл жол өте күрделі және
мүмкіншілігі шектеулі.
Анатоксиндер
(токсоидтар)
Молекулалық вакциналардың
түріне күл, сіреспе, ботулизм, газды
гангренаның қоздырушыларының анатоксиндері
жатады. Анатоксин алудың принципіне
негізінде токсинді 0,4 пайызды формалин
ерітіндісімен 37 градус жылылықта 3-4
жұма өңдеген кезде токсин улығын жоғалтып
антигендік және имуногендік қасиетін
сақтап қалуы жатады. Алынған анатоксинді
тазартып оған адъювант қосады. Анатоксиннің
өлшемі спецификалық антитоксинмен
байланыстырушы (ЕС), немесе флокуляцилайтын
бірлік көрсеткішпен (Lf) есептеледі.
Анатоксин өте тиімді вакциналар түріне
жатады. Мысалы, күлге, сіреспеге қарсы
анатоксинді егу арқылы осындай аурулар
саны күрт төмендеп эпидемия пайда қаупі
жойылған. Тазартылған анатоксин тері
астына, не бұлшық ет ішіне егіледі.
Синтетикалық
вакциналар
Антигендердің молекулалары
, не олардың эпитоптары өте төмен дәрежелі
иммуноген-дер. Оның себебі әржақты.
Сондықтан олардың иммуногендік дәрежесін
жоғарылату үшін, оларға иммунгендік
көрсеткіші зор ірі молекулалы заттарды
(полимерлер) жалғастырады. Ондай заттардың
адъюванттық қасиеттері де болуы
мүмкін.Сонымен синтети-калық вакцина
антиген (не эпитоп)+ полимер+адъювант
қосындысынан тұрады. Синтетикалық
вакцинаны жасау процесі өте күрделі,
дегенмен бірталай елдерде болашағы мол
белсенді жұмыс жүргізілуде.
Адъюванттар
Жоғарыда айтылғандай
вакциналардың иммуногендік дәрежесін
көтермелеу үшін адъюванттар қолданылады
(лат. adjuvant – көмекші). Адъювант ретінде
минералдық сорбенттер, полимерлі заттар,
күрделі химиялық қосындылар ( ЛПС,
мурамилпептид); бактериялар мен оның
компопенттірі ( мысалы Фрейнд адъювантына
қосатын БЦЖ -ның сорындысы); қабыну
тудыратын заттар ( сапонин, скипидар)
қолданылады. Жоғарыда айтылғанға сәйкес
адъюванттардың барлық түрі организмге
бөгде заттар болып келіп, әртүрлі тектен
және құрамнан тұрады, ал ұқсастығына
қарай –олардың барлық түрі антигенің
иммуногендігін күшейтеді. Адъюванттардың
әсер ету механизімі өте күрделі. Олар
антигенге де ағзаға да әсерін тигізеді.
Антигенің молекуласын ұлғайтып,
ерітілетін антигендерді корпускулярлыққа
айландырады. Соның нәтижесінде олардың
фагоциттермен өңделуі және басқа иммунды
жауапты жасушалармен өзара қатынасқа
түсуі жеңілдейді. Сонымен қатар,
антигендер организмге енген жерінде
фибринозды капсуласы бар қабыну тудырып,
антиген көп уақытқа дейін сақталып,
антигендік тітркендірудің уақытын
ұзартады. Сондықтан, адъювант қосылған
вакциналарды «деполанған» («сақталған»)
деп атайды. Адъюванттар иммунитеттің
Т-, В-, А –жүйелерін тікелей демейді және
де организмнің қорғаныс ақуыздарының
түзілуін үдетеді. Адъювант антигендердің
иммуногендік қасиетінің дәрежесін
бірнеше сатыға көтереді.
Ассоциаланған вакциналар
Вакцина егуді және егу санын қысқарту үшін арнайы ассоцияланған (құрамаланған) вакцина түрі ойлап табылған, яғни бір препараттың ішіне түрлі текті антигендер кіріп, бірнеше ауру түріне қарсы иммунизациялауға болады. Вакцинаның ондай түрін құру ғылыми түрде дәлелденген, өйткені иммундық жүйе бір мезгілде бірнеше антиген түріне жауап бере алады. Ассоциациялық вакцина жасау жолындағы шешілетін ең басты мәселе, ол вакцинаға кірген антигендердің бірімен бірі қарсыластыққа түспеуі және жанама көрніс тудырмауы. Ассоциалық вакцинаның ішінде тірі және бейбелсендірілген препаратар бірге болуы мумкін. Егер препараттың ішіне бір текті антигендер кірсе оны поливакцина деп атайды. Мысалы ретінде полиомиелитке қарсы қолданылатын вакцинаны айтуға болады (қоздырғыштың үш түрінің антигені кіреді).
Егерде ассоциаланған вакцинаның ішіне түрлі текті антигендер кірсе онда оны комбинацияланған вакцина деп атаған дұрыстау болады. Мысалы, АКДС (адсорбталған көкжөтел-күл-сіреспе вакцинасы). Ол вакцина бейбелсендірілген корпускулярлық көкжөтел вакцинасынан, күл және сіреспе анатоксидерінен тұрады. Комбинацияланған вакцина күрделі эпидемиологиялық жағдайда қолданылады.
ІV.
Студенттердің өзіндік жұмысы
Студенттердің өз бетінше жұмысы кезінде студенттер стандарттар мен іс-әрекет алгоритмдерін дәптерлеріне жазып алады. Оқытушы студенттердің қасында жүріп, олардың өз бетімен кестелерді пайдаланып, эссе жазу, санбюллетень рәсімдеу, суреттерді салу, тренингтер орындауын қадағалайды. Студентті жеке үйретеді. Оқу процесін белсендіру мақсатында өзіндік жұмыс барысында тапсырма беріледі.
№1 тапсырма:Сұрақ-жауап:
1.Иммунитет тапшылығы қандай аурулар кезінде байқалады?
2.Иммунитеттің түрлері?
3.Иммундық жүйенің ерекше қызметі?
4.Иммундық жүйенің қасиеттері?
5.Иммундық жүйенің жасушалары?
6.Лимфоциттер қайда орналасады?
7.Иммунологиялық жетіспеушілік?
8.Жасанды белсенді иммунитет қалай пайда болады?
9.Глобулиндерді енгізгеннен кейін пайда болатын иммунитет?
10.Иммунологиялық реактивтіліктің неше және қандай спецификалық реакциясы белгілі?
№2 тапсырма:
Байқау (орентировочная) серологиялық агглютинация реакциясын қою
Мақсаты: Байқау (орентировочная) серологиялық агглютинация
реакциясын қою техникасын үйрету.
Жабдықталуы: Зерттелетін микроб дақылы, арнамалы сарысу, натрий
хлорид изотониялық ерітіндісі, заттық әйнек, пастер пипеткасы, бактериологиялық ілмек.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Заттық әйнекті майсыздандырыңыз;
2.Стерильді пастер пипеткасымен 2 тамшы агглютинирлеуші сарысу және 1 тамшы изотониялық ерітінді тамызамыз. Тамшыларды шыныға арақашықтықты сақтап, тамызыңыз;
3. Стеклографпен заттық әйнектегі сарысу тамшысымен изотониялық ерітіндіні маркерлеңіз;
4. Дақылды изотониялық ерітіндіге және сарысуға енгізіңіз;
5. Әрқайсысын гомогенді ерітінді пайда болғанша араластырыңыз;
6. 1-3 минуттан соң нәтижені оқыңыз.
Диск-диффузды әдіспен бактериялардың антимикробты препараттарға сезімталдығын анықтауды қою техникасы.
Мақсаты: Диск-диффузды әдіспен бактериялардың антимикробты препараттарға сезімталдығын анықтауды қою техникасын үйрету.
Материалдар мен әдістер: 2% ЕПА, Петри табақшасы, шпатель, стерильді пинцет, стандартты антибиотиктер дискісі.
Іс әрекет алгоритмі:
Петри табақшасына 2% ЕПА дайындаңыз;
1 мл-де стандартты лайлылық бойынша 1 млрд микроб клеткасы (КОЕ) бар, сорпалық немесе агарлық микроб культурасын дайындаңыз;
Газон әдісімен дайын культураның себіндісін жасаңыз;
Себіндісі бар Петри табақшасын 30-40 минут бөлме температурасында кептіріңіз;
Әр түрлі антибиотиктер сіңірілген, стандартты (коммерциялық) қағаз дискілерді стерильді пинцетпен қойыңыз. Дискілерді бір-бірінен (2,5мл) және табақша шеттерінен бірдей ара қашықтықта орналастырыңыз.
Петри табақшасындағы ағардағы антибиотикті дисклері бар себіндіні 37°С температурада 18-20 сағатқа термостатқа қойыңыз;
Келесі күін табақшаларды тексеріңіз, культуралардың өсімінің тоқтап қалған зоналарын анықтаңыз;
Антимикробты препараттарға микробтардың өсімінің тоқтауы зонасын интерпретациялық кестесі бойынша культуралардың антибиотикке сезімталдығын анықтаңыз.
№3 тапсырма. «Крокодил»
Студенттерді 2 топшаға бөлінеді. 2 топшадан 2 студенттен шығады. Студенттерге белгілі бір ауру атауы жасырын беріледі. Және сол ауру атауын 2 студент өз топтарына мимикамен түсіндіру арқылы табу керек.
V. Игерген тақырыпты бекіту Тақырыпты студенттердің меңгергендігін білу мақсатында оқытушы студенттерге сызбалар құрастыру, семантикалық кестені толтыру жұмыстарын тапсырады.
Тапсырма Prezi бағдарламасында орындалады.
№1 тапсырма: Графологиялық құрылымды толтырыңыз. «Иммунитет»
Иммунитет
№2 тапсырма: Он сұрақ әдісі: Оқытушы бір студентті таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы топқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
Мысалы:
1. Иммунитетке қатыстыма?
2. Иммуниеттің түрлері ме?
№3 тапсырма: «Тұмауға қарсы иммунитет», «Иммунитет жүйесі» атты бейнеролик көрсетілімі
VІ.Қорытындылау
Оқытушы тақырыпты, түгел сабақты сараптап, әр студенттің белсенділігіне байланысты сабақ барысындағы жетістігі мен кемшіліктерін атап, бағалап сабақты қорытындылайды. Бағаларын жариялайды.
VІ.Үйге тапсырма :
Негізгі:Д.Генис «Медициналық паразитология» Москва 1991 ж 145-148 беттер
Қосымша:Е.Н.Барышников «Медицинская паразитология» Москва 205 123-142 беттер

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген