400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жалпы және жалқы есім 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалқы есімді сөздер бас әріппен жазылатынын, жалпы есімдер кіші әріппен жазылатын зат есімдер екенін біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы:Омирова Айзада Касымжановна

Алматы қаласы Наурызбай ауданы №157 жалпы білім беретін мектеп КММ бастауыш сынып мұғалімі

Пәні: Қазақ тілі 2 сынып
Тақырыбы: Жалқы есім мен жалпы есім
Мақсаты: Жалқы есімді сөздер бас әріппен жазылатынын, жалпы есімдер кіші әріппен жазылатын зат есімдер екенін біледі.
Күтілетін нәтиже:
1. Зат есімнің түрлерін, оның ішінде жалқы, жалпы есімді меңгереді
2. Жаттығулар орындай отырып, өмірмен байланыстырады.
3. Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде көшбасшылық байқалады.


Сабақтың барысы
Кіріспе: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, құрал - жабдығын тексеру, назарларынын сабаққа аудару.

Психалогиялық дайындық: Оқушылар сабақтың көңілді, сәтті өтуіне тілек тілеп, бір - біріне күлімсіреп жылулық нұрын себеді. күнмен сәлемдесейік.
Сәлем Күн - Анамыз! /қол жоғарыда/
Қуанатын күн бүгін / қол ұстасады/
Қайырлы таң! Қайырлы күн! /қол көкіректе/
Күліп шықты күн бүгін! /қол жоғарыда/

Топқа бөлу:Түрлі конфеттер арқылы топқа бөлу. Оқушылар конфеттер арқылы қазақтың салт-дәстүрлері бойынша үш топқа бөлінеді Әркім өз тобына барып отырады.

1-топ -Тілашар

2-топ- Тұсау кесу

3-топ- Наурыз

Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген 31-жаттығуды оқып жалқы есімдерді табу.

Сұрақты қағып ал әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау.
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2. Тіліміздегі сөздер неге бөлінеді?
3. Зат есім дегеніміз не?
4. Кім? кімдер? не?, нелер? сұрақтарын қандай жағдайда пайдаланамыз?
5. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

6.Тест сұрақтары таратылып өз-өздерін бағалайды.

Тұсаукесер: Визуалды оқыту.
Оқушыларға алдыңғы сабақты байланыстыра отырып сұрақтар қойылады.
1. Бізді қоршаған нәрселердің барлығы не деп аталады? Бізді қоршаған нәрселердің бәрі заттар деп аталады.
2. Бізді қоршаған заттар қандай күйде кездеседі? Деректі және дерексіз күйде кездеседі.
3. Деректі заттар деген не? Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар. Мысалы: мұғалім, оқушы, кітап, гүл, парта, мектеп.
4. Дерексіз заттар деген не? Олар елеусіз көзге көрінбейтін, қолға ұстауға болмайтын заттар. Мысалы: жел, ауа, ақыл, арман, қиял, сезім, тілек, ән.
Ендеше мына тақтадағы кестеге назар аударып қарайық, бұл кестеден зат есімнің қандай сұрақтарға жауап беретінін көріп тұрмыз, оны алдыңғы сабақтан білеміз.

Сонымен зат есімнің бірнеше түрі бар, соның бүгін жалқы есім мен жалпы есім деген түрімен танысамыз. Таныспас бұрын есімізге түсірейікші, бас әріппен жазылатын қандай сөздермен танысып едік?

Негізгі бөлім
Ойлан, жұптас, бөліс.
Суретте не көріп тұрсыңдар? ҚР - ның картасы.
Картада нелер бейнеленген? Қалалар, өзен - көлдер, таулар. (атауларын атайды)
Үй жануарларының суреттері көрсетіледі. Осы жануарлардың қайсысына ат қоямыз?
Ереже шығару: Олай болса балалар, кісі аты - жөні,, жер - су аттары, жан - жануарларға қойылатын атаулар жалқы есім деп аталады. Яғни жалқы есімдер бас әріппен жазылады. Сонымен, жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.
Оқулықпен жұмыс
34- жаттығу.(Бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.)

_Өлең не туралы?

_Бата деген не?

_Батаны кімдер береді?

_Үлкендер қандай бата береді?

_Қандай бата түрлерін білесіңдер?(Оқушылар батаның түрлерін айтып ,оны жатқа айтып береді.)

35-жаттығу

Берілген баталардың қай кезде айтылатынын тауып , сәйкестендіреді.

Тақтамен жұмыс

36-жаттығу.Берілген сөздердің ішінен жалқы есімдерді теріп жазады және осыдан ереже шығарып қорытады.

Шығармашылық жұмыс

Сұрақ жауап арқылы

Биыл А.Құнанбаевтың не жылдығы?

Ақын қай жылы қай өңірде дүниеге келді?

Оның қанша өлеңі бар?

Қанша қара сөзі бар?

Оқушылар ақынның өлеңінен үзінді оқиды.

Сергіту сәті

А.Құнанбаевтың “Желсіз түнде жарық ай” өлеңі хормен орындалады.

Топтық жұмыс

  1. топ. Сөйлемдегі жалқы есімдерді тауып,Арманның жазған қателерін түзеп жазу.

Менің ағам алматыда тұрады.Оның баласы самат екінші сыныпта оқиды.Ағамның үйі бөгенбай батыр көшесінің қиылысында орналасқан.

2-топ.Сөздерден кісі,жер-су аттарын теріп,үлгі бойынша бөліп жазу.

Қарағанды,Ақтау,Үсен,Атырау,Раушан,Жадыра,Жезқазған,Ақсу,Балқаш,Байқоңыр,Гауһар,Жұмабай,Ертіс.

Кісі аттары:____________________

Жер-су аттары:_________________

3- топ.Түрлі қиындылардан жалқы есім және жалпы есімдерді тауып орналастырады және олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

38-жаттығу. Ұйқасын тауып ауызша орындалады.

Сананың ұйқасы -дана

Дананың ұйқасы- сана

Даланың ұйқасы -қала

Қаланың ұйқасы –дана

Жұптық жұмыс

“Ақиқат және жалған” пікір бойынша жұптық жұмысы жүргізіледі.

Есіл


Жалпы есім

жалған

Кітап


Жалпы есім

ақиқат

Талғат


Жалқы есім

ақиқат

оқушы


Жалқы есім

жалған

Қорытындылау

_Жалқы есім дегеніміз не?

_Жалпы есім дегеніміз не?

_Мысал келтір?

Үйге тапсырма

Күнделікті енді ашайық

Үй тапсырмасын енді жазайық.

Бүгінгі алған білімді,

Ұмытпай есте сақтап алайық.

Бағалау

Жақсы қатысып отырған оқушыларды мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
1021
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі