Сабақтың
тақырыбы: Жалпы есім және жалқы
есім
Сабақтың
мақсаты: 1.
Оқушылардың зат есім туралы
алған білімдерін толықтыра отырып, зат есімнің жалпы және жалқы
атауы болытындығын түсіндіру; 2. Сөйлеу шеберліктерін қалыптастыра
отырып, ой-өрістерін жетілдіру, зат есім туралы білімдерін арттыру;
3. Тазалыққа, еңбексүйгіштікке
баули отырып, сауаттылыққа, әдемі таза жазуға
тәрбиелеу;
Сабақтың
түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап, көрнекіліктік,
түсіндірмелі, талдау-жинақтау, т.б.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар,
үлестірмелі дидактикалық материалдар
Сабақтың
барысы:
І. Психологиялық
дайындық
Қуанамын мен
де,
Қуанасың сен
де,
Қуанайық
бәріміз,
Арайлап атқан
күнге.
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау.
ІІІ. Өткенді
пысықтау.
Зат
есім
Етістік
Сөз
таптары
Сын
есім
Сан
есім
ІҮ. Жаңа
сабақ:
1. Каллиографиялық
минут: бала,
адамдар деген сөзді жаздыру Осы сөзге
талдау жасату.
2. Суретпен
жұмыс.
- Суреттен кімдерді көріп
отырсыңдар? (балалар) Бала деп кімдерді айтамыз? Яғни өмірдегі
барлық бүлдіршіндерді бала дейміз. Ал осы балаларға ат
қоямыз. (өздері ат
қояды)
- Ал сонда екі баланың
өздерінің жеке нелері болды? (есімдері) Осындай өзіне ғана тән
есімдер тек адамдарда ғана бола ма?
- Жоқ, әр заттың өзіне тән аты
болады екен. мысалы суреттен не көріп отырымыз? (тау) яғни
табиғаттағы барлық тауларды бір сөзбен тау деп атағанымызбен ол
таулардың да өзіндік жеке атау болады екен. Мысалы: Алатау,
Көкшетау, т.б. Ал, енді мынау ненің суреті? (өзеннің) біздің жақта
өзен бар ма? Ол өзеннің атауы бар ма?Ал, аспанда нелер ұшады?
Қандай құстар? Орманда нелер жүреді? Қандай
аңдар?
- Сонда қандай ереже қорытып
шығаруға болады?
Кісінің аты-жөні, жер-су
аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады.
Жалқы есімдер әр уақытта бас әріппен басталып
жазылады.
Жалқы есімдерден басқа
зат есімдерді жалпы есім деп
аталады.
Жалпы есімдер әр уақытта
кіші әріппен басталып
жазылады.

алма Алма раушан
Раушан
Ережені тұжырымдай отырып,
жазылған сөздердің айырмашылықтарын салыстыру себебін
анықтау;
3.
334-жаттығу: Берілген жаңылтпаштың ішінен кісі аты мен жер
аттарын теріп жазу
Арман атай,
Аралағаны Тарбағатай.
Арман атай
атын, Тарбағатайда тағалай
алмай,
Айғайды салған
атай.
4. Ой қозғау. Тақтамен
жұмыс:
335-жаттығу: берілген сөздерді
қатыстырып, сөйлемдер құрату
Сырым, Тайбурыл, Ертіс,
Бөрібасар.
5. Сергіту
сәті
Топ - топ, топ - топ
басайық,
Жаттығулар
жасайық.
Қайырымды жан
болып,
Жамандықтан
қашайық.
6. Миға шабуыл. Сурет бойынша
сөйлемдер құрау және жалпы мен жалқы есімді
анықтау

7. «Поезд» дидактикалық ойынын
ұйымдастыру.
Шарты: тепловоз екі оқушы
«жалпы»,
«жалқы» деген қалпақты киеді.
Оқушыларға осы сөздерге байланысты жазылған сөздер таратылады.
Белгілі уақыт беріліп әр оқушы өз сөзін анықтап, тепловозына
тіркелу керек. Сөздер: оқушы, Айдын,
күшік, Ақтөс, Құлагер, өзен, тау, Алакөл, Балқаш, Баянауыл,
Қарағанды, қала, ешкі, төлдер, тепловоз, ұшақ, Астана,
Дана.
Сөзді алған оқушы мәнін
түсіндіріп, сұрақ қою арқылы, қандай зат есімге жататынын
дәлелдеу.
8.
336-
жаттығу: берілген сөйлемдерді көшіріп
жазып, салыстырып, қорытынды жасау, бас әріппен жазылған сөздерді
анықтатып, қандай зат есім екендігін
дәлелдету;
9. Зат есімдерге байланысты
сөздерді табу және жалпы, жалқы есім екенін
анықтау.
-
|
С
|
А
|
М
|
|
Н
|
Й
|
А
|
|
А
|
Ш
|
Л
|
|
Ш
|
А
|
М
|
|
А
|
Р
|
А
|
Ү.
Қорытынды:
- Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Не білдік? Сызба бойынша сабақты
қорытындылау.

ҮІ. Үйге
тапсырма
ҮІІ.
Бағалау.