400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

аШЫҚ САБАҚ жАЛҚЫ ЕСІМ ЖАЛПЫ ЕСІМ

Материал туралы қысқаша түсінік
2.Тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрап, жалқы және жалпы есім ерекшеліктерін айтады. 3. Жалқы және жалпы есімдерді пайдаланып, өз бетімен берілген тақырып бойынша әңгіме құрастырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі


Мұғалімі: Тайтолеуова Б

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Бөлімше: Ұлттық кейіпкерлерді сипаттаймын.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жалқы есім және жалпы есім.

Оқыту

мақсаттары

2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі.., пайдалы/пайдасыз болды, себебі...,т.б) білдіру.

2.4.2.4 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырыптар бойынша әңгіме құрау.

2.4.2.4 зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажырату, жалқы есімнің жазылу емілесін сақтау.

Сабақтың

мақсаттары


1.Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..,

пайдалы/пайдасыз болды, себебі...,т.б) айтады. Тірек сөздерді пайдаланып,

сөйлем құрап, жалқы және жалпы есімдерді ажыратады.

2.Тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрап, жалқы және жалпы есім

ерекшеліктерін айтады.

3. Жалқы және жалпы есімдерді пайдаланып, өз бетімен берілген тақырып

бойынша әңгіме құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Терминология: ұлттық кейіпкерлер Тазша бала, Алдаркөсе, Қожанасыр, жалқы есім және жалпы есім.

Диалогқа арналған сұрақтар:

  • Жалқы есімдер қандай әріптермен жазылады?

  • Жалпы есімдер қандай әріптермен жазылады?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық (топтық жұмыс кезінде)

Азаматтық жауапкершілік (ҚБ тапсырмасы)

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу (кейіпкерлер әлемі әдісі)

Музыка (видео, сергіту сәті)

Бастапқы білім

Адам, жер-су аттарының бас әріппен жазылатынын біледі.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут






2 минут







3 минут






5 минут

Психологиялық тренинг

Қазақ тілім - өз – тілім – ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана – тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Міне балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыз осылай өз ана тілін өз жырларына арқау еткен.

Ширату жаттығуы. «сұрақ- жауап » әдісі

1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

2.Зат есім дегеніміз не?

3.Жалпы есім дегеніміз не

4 Жалқы есім дегеніміз не

5.Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақ қойылады?

6.Жануарларға қандай сұрақ қойылады?

7 Жұрнақ дегеніміз не

8 Жалғау дегеніміз не


. Топқа бөлу:Мозаика құрастыру

-Олар кімдер ?

-Ұлттық кейіпкер

1-топ: Алдаркөсе

2-топ: Қожанасыр

Қ.Б. «Басбармақ» әдісі арқылы бірден жауап қайтарған оқушыларды топ

мүшелерін бағалап отырады







Ұлттық кейіпкерлердің суреттері



Заттар



Сабақтың ортасы

3 минут

















5 минут























5 минут










5 минут










1 минут











3 минут
























2 минут








3 минут

«Сөздерді қой» әдісі. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой. Сөздің қандай есім

екені айту.

1-ТОП
1. ......тышқан көрсе, бас салады. (мысық – жалпы есім) .....
2 ....... – біздің елбасы. (Н.Ә.Назарбаев-жалқы есім)
2-ТОП

4. ....... еліміздің астанасы. (Астана – жалқы есім)

2. ......кісінейді.(жылқы – жалпы есім)
ҚБ. Өзін-өзі бағалау (+,-) қою арқылы.

Оқулықпен жұмыс.

39-жаттығу

«Алдаркөсе мен ұры» мультфильмін тамашалаймыз.

Тыңдалым және айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру «Кейіпкерлер әлемі»


әдісі арқылы ертегіні талдау. (Белсенді әдіс. Айтылым мен тыңдалым дағдыларын

қалыптастыру.)

1. Ертегі кім туралы?

-Алдаркөсе мен ұры туралы.

- Осы ертегіде Алдаркөсе қандай адам?

Алдаркөсе намысқой,тапқыр .

2.Алдаркөсе кімді кездестірді?

-Алдаркөсе ұрыға кездесті.

-Ұры қандай адам?

-Арам,ұры,өтірікші

-Қандай қорытындыға келдің?

-Ұрлық түбі қорлық.

Қорытынды арқылы саралау

1-топ: Алдаркөсе

Кейіпкердер атынан сөйлеу, сен кездеспесең не істер едің? (қиялынан шығару)

Қожанасыр

Егер ол ұрыны кездеспесе не болар еді?

Ертегіні жалғастырып көрші

-Өмірмен байланыстырыңыз.

ҚБ. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.


Дәптермен жұмыс.

40-жаттығу.

Жұптық жұмыс. Тапсырма арқылы саралау

Жазылым дағдыларын қалыптастыру. «Еркін жазу» әдісі арқылы жаттығуды

орындау.

А)Кедей, тапқыр сөздерін пайдаланып сөйлем құрайды.

Б) Кедей, тапқыр, ақылды, қу сөздерін пайдаланып, Алдаркөсені сипаттап жазады.

С) Әңгіме жазады.

ҚБ. (Мұғалімнің бағалауы)

Тамаша!

Керемет!

Жарайсың!

Жеке жұмыс. «Қатені тап» әдісі.

41-жаттығу. Сөздердің қатесін түзетіп, сөйлемдерді көшіріп жазу

Қожанасыр мен алдаркөсе кездесті. Олар ыстықкөлге келді.

Қ.Б. Оқушылар бір-бірін "Смайликтер арқылы" бағалайды.


Сергіту сәті:


Топтық жұмыс. Дереккөздер арқылы саралау. Айтылым мен тыңдалым дағдыларын


қалыптастыру.)

І-топ Мәтіннен жалпы есім мен жалқы есімді тауып, астын сыз.

Жетісу – көркем өлке. Іле – осы өлкедегі үлкен өзен. Ол Балқаш көліне құяды.


ІІ-топ Мына сөздердің ішінде қайсысы жалпы, қайсысы жалқы есім екенін анықта.

Қарағанды, қала, Өскемен, көл, өзен, Атырау

Қ.Б. От шашу арқылы өзін-өзі бағалайды.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.

Бағалау критерийлері:

- Жалқы және жалпы есімдерді пайдаланып, өз бетімен берілген тақырып бойынша

әңгіме құрастырады.

Тапсырма

Берілген тірек сөздерді пайдаланып суреттерді қолдана отырып, «Құсқа қамқорлық»

деген тақырыпқа әңгіме құрастырып айт.


Тірек сөздер: қыс мезгілі, суық күн, Айжан, Алихан, Нұржан, саябақ, көгершін, көрді,

ұша алмайды, қанаты сынған,үйге әкелді, ұя жасады, ағашқа ілді, босатты, жем шашып

тұрды, қуанды.



Дескриптор

- тақырып пен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын

тұспалдап айтады;

- тақырып бойынша әңгіме құрастырады;

- тірек сөздерді орынды қолданады;

- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

-жалқы және жалпы есімдерді ажыратады.

ҚБ Мұғалімнің бағалауы

«Тездет, бірақ қателеспе».

ІX. Ойын: «Кім жылдам?»

Әріптер жасырынады, тақтаға шыққан оқушы бір әріпті алып, сол әріптен басталатын зат есім ойлап тауып, оның жалқы не жалпы есім екенін айтады.

X. Қорытынды:

1 – топ. Семантикалық карта


Жалқы есім

Жалпы есім

Ақтау

+


өзен


+

Қобланды

+


қала


+

Ақтөс

+


ақын


+






















Видео





















Сабақтың соңы

2 минут


Қорытынды.

-Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттік пе?

Жақсы, ендеше бүгінгі сабағымызға қорытынды жасайық. «Венн диаграммасы» әдісі бойынша бүгінгі сабақта алған білімдеріңе қорытынды жасайық. Осы екі есімді салыстырайық. Жалпы мен жалқы есімдердің бір-бірінен қандай айырмашылық бар, қандай ұқсастық бар соны кестеге жазайық.

Жалқы есім Жалпы есім



Рефлексия

-Балалар енді ұлттық кейіпкерлердің қоржындары бар, ұлттық кейіпкерлерімізге

сәттілік тілеп, қоржындарына «Орамал тон болмайды, жол болады» деп орамал

сыйлайық.

-Егер сабақ ұнаған болса «жасыл», сабақ жартылай ұнаса «сары», сабақ мүлдем

ұды десеңіздер «қызыл» түсті орамал таңдайсыңдар.


«Венн диаграммасы»






















Қоржын, орамал суреттері

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Жеке жұмыс аясында.

А)Кедей, тақыр сөздерін пайдаланып сөйлем құрайды.

С) Берілген сөздерді пайдаланып, Алдаркөсе туралы әңгіме жазады.



Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

- ҚБ. «Басбармақ» әдісі

- ҚБ..(Қасықпен бағалау)

- ҚБ. Өзін-өзі бағалау (+,) қою арқылы.

-ҚБ. «Жапондық әдіс» арқылы бағалау.

-ҚБ"Смайликтер" арқылы бағалау.

-Қ.Б. «От шашу»

-Қ.Б. «Бағдаршам» арқылы бағалау

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

- Видео

- Сергіту сәті

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Кейіпкерлер әлемі» әдісі тыңдалым және айтылым, жазылым дағдылары қалыптастырады.

2: Жеке жұмыста «Қатесін тап» әдісі арқылы жазылым дағдылары қалыптастырады

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Тапсырмалардан кейінгі қолданған қалыптастырушы бағалауға арналған әдістер сабақ барасында тиімді

қолданылды.

2: Сергіту сәттері тиімді пайдаланылды.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

- Әлі де әдіс-тәсілдерді қарап сабақты түрлендіріп өткізуді, жеке оқушымен жұмыстың әдіс-тәсілдерін

жетілдіруім керек.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
935
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі